10-МАҚСАТ — ТЕҢСІЗДІКТІ ҚЫСҚАРТУ
ALT Университетінің инфрақұрылымы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бейімделген, бұл сапалы білім алуға кедергісіз қолжетімділікке жағдай жасайды. Университет мүмкіндігі шектеулі студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруына, кәсіпкерлік әлеуетін дамытуына және қоғамға интеграциялануына қолдау көрсетеді.
ALT Университеті БҰҰ мойындаған барлық елдердің азаматтары үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Әділеттілік пен теңдік қағидаттарына сәйкес, шетелдік студенттер үшін бірыңғай оқу ақысы белгіленген.
ТДМ 10 аясында инклюзивті ортаны кеңейтуге, студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға, әлеуметтік шиеленістердің алдын алуға және белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Университетте мүмкіндігі шектеулі студенттердің білім алуына жағдай жасалған. Оқу материалдарын, техникалық оқу құралдарын бейімдеу және жеке қолдауды қоса алғанда, қолжетімді білім беру ортасы қамтамасыз етіледі. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау басқармасы жұмыс істейді, сонымен қатар студенттер қауымдастығында толерантты және инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Іс-шаралар
Іс-шара атауы | Күні | Іс-шаралар сілтемесі |
1 қыркүйекте Логистика және Көлік Академиясының «Студенттік үкіметінің» мүшелері 1 курс белсенділерімен бірге «Бутаковка» тау курортына барды. | 01.09.2022 | https://alt.edu.kz/novosti/teambuilding/ |
Логистика және көлік академиясында бірінші курс студенттеріне арналған «Ice Cream PARTY» ауқымды акциясы өтті. | 09.09.2022 | https://alt.edu.kz/novosti/ice-cream-party/ |
Биылғы жылдың бірінші курс студенттері үшін «кино кеші» өткізілді. | 22.09.2022 | https://alt.edu.kz/novosti/kino-noch/ |
22 қазан Республика күні қарсаңында Академияның барлық студенттері үшін Студенттік үкімет мүшелері ұйымдастырған «Голливуд кеші» мерекелік кеші өтті. | 22.10.2022 | https://alt.edu.kz/novosti/gollivud-party/ |
Алматы көлік колледжінің спорт залында Академия қызметкерлері мен ПОҚ арасында волейболдан жыл сайынғы турнир өтті. | 06.12.2022 | https://alt.edu.kz/novosti/sportivnyj-kollektiv/ |
Іс-шара атауы | Күні | Іс-шаралар сілтемесі |
19 мамырда Логистика және Көлік Академиясының еріктілері сенбілікті М. Тынышпаев көшесінде өткізді. Іс-шараға Академияның 1 курс студенттері қатысты. | 19.05.2023 | https://alt.edu.kz/novosti/subbotnik-po-ulicze-m-tynyshpaeva/ |
31 мамырда Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Талғар ауданы Жаңалық кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. | 31.05.2023 | https://alt.edu.kz/novosti/po-sluchayu-dnya-pamyati-zhertv-politicheskih-repressij-bylo-soversheno-poklonenie-nashim-predkam/ |
Іс-шара атауы | Күні | Іс-шаралар сілтемесі |
Дін Істері Басқармасының лектор-сарапшысы Жанна Уринбасаровна Кантарбаевамен кездесу | 28.02.2024 | https://alt.edu.kz/ru/novosti/vstrecha-s-zhannoj-urinbasarovnoj/ |
«Дін және жастар» — студенттердің діни ұйымдардың өкілдерімен кездесуі | 25.09.2024 | https://alt.edu.kz/zhanalyqtar/din-zhaene-zhastar-studentterding-dini-ujymdardyng-oekilderimen-kezdesui/ |
Студенттер арасындағы қылмыс пен ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу | 15.10.2024 | https://alt.edu.kz/zhanalyqtar/studentter-arasyndaghy-qylmys-pen-ultaralyq-qaqtyghystardyng-aldyn-alu/ |
Іс-шара атауы | Күні | Іс-шаралар сілтемесі |
«ЖОО-дағы инклюзивті білім берудің ерекшеліктері» тақырыбындағы пікірталас | 28.03.2025 | https://alt.edu.kz/zhanalyqtar/zhoo-daghy-inklyuzivti-bilim-beruding-erekshelikteri-taqyrybyndaghy-pikirtalas/ |