БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6B06328 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасы ақпараттық ресурстарды қорғау, кибершабуылдардың алдын алу және деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарламада желілік инфрақұрылым, криптография, қауіпсіз бағдарламалау және этикалық хакерлік негіздері қамтылған. Негізгі мақсат – ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын жоғары білікті ІТ-мамандарды дайындау.

Бағдарламаны аяқтаған түлектер ақпараттық қауіпсіздік инженері, жүйелік әкімші, киберқауіпсіздік талдаушысы, ақпараттық қауіпсіздік офицері, желілік қауіпсіздік маманы, этикалық хакер немесе ІТ-аудитор ретінде жұмыс істей алады. Мамандықтар мемлекеттік және жеке ұйымдарда, қаржы, телеком және өндіріс салаларында сұранысқа ие.

Оқыту практикалық бағытта жүргізіледі: зертханалық сабақтар, нақты кибершабуылдарға қарсы тұру бойынша тренингтер, жобалық тапсырмалар мен халықаралық сертификаттау бағдарламалары қарастырылған. Сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.

Бағдарлама барысында студенттер келесілерді меңгереді:
• Ақпараттық жүйелер мен желілер қауіпсіздігі;
• Криптографиялық әдістер мен хаттамалар;
• Қауіпсіз бағдарламалау (Secure Coding, OWASP);
• Қауіпсіздік мониторингі және инциденттерді талдау (SIEM, IDS/IPS);
• Этикалық хакерлік және пентестинг негіздері;
• Киберқауіпсіздік саясаты және заңнамалық реттеу.

Студенттер заманауи компьютерлік сыныптарда, серверлік бөлмелерде және виртуалды зертханаларда жұмыс істейді. Университет нақты өндірістік ортаға ұқсас оқу жағдайын қамтамасыз етеді.

Бағдарлама Erasmus+, Mevlana сияқты халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді. ALT University жанындағы «CyberLab» және «Startup Hub» арқылы студенттер өз жобаларын іске асыра алады және кәсіби стартаптар құра алады.

Университет студенттеріне барлық жағдай жасалған жайлы жатақханалар ұсынады: Wi-Fi, оқу аймақтары, ас үй, демалыс бөлмелері және кітапхана.

Әскери кафедра офицерлік дайындықтан өтуге мүмкіндік береді. Оқу аяқталған соң түлектерге запастағы лейтенант атағы беріледі.

Skip to content
Приемная комиссия