БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

7M06135 – IT жүйелерін басқару білім беру бағдарламасы (бейіндік, 1 жыл)

Кодтан стратегияға дейін: IT басқаруда көшбасшы бол!

«IT жүйелерді басқару» білім беру бағдарламасы заманауи ақпараттық технологияларды басқару, бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрлық трансформацияны жүзеге асыру бойынша жоғары деңгейлі мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама ІТ-инфрақұрылымды жобалау мен басқару, бұлттық технологиялар, деректермен жұмыс, жобалық менеджмент және киберқауіпсіздік бағыттарын қамтиды.
Мақсаты – ұйымдардың ақпараттық ресурстарын тиімді басқарып, стратегиялық шешім қабылдай алатын ІТ-басқарушыларды даярлау.

Бағдарлама түлектері келесі мамандықтар бойынша еңбек ете алады:
• IT-директор (CIO),
• жоба менеджері (Project Manager),
• жүйелік аналитик,
• DevOps-инженер,
• бизнес-талдаушы,
• ақпараттық қауіпсіздік менеджері,
• цифрлық трансформация бойынша кеңесші.
Мамандар ІТ-компанияларда, банктерде, телекоммуникация саласында, мемлекеттік және жеке ұйымдарда сұранысқа ие.

Оқыту үдерісі практикалық бағытта ұйымдастырылған: зертханалық сабақтар, өндірістік жобалар, бизнес-кейстер мен ғылыми зерттеулер қамтылған. Сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. Студенттер нақты компаниялармен бірлескен жобаларда жұмыс істейді.

Бағдарлама келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
• IT-инфрақұрылымды басқару және жүйе архитектурасын жобалау;
• Жобалық және сервистік менеджмент (Agile, Scrum, ITIL, DevOps);
• Бұлттық технологиялар мен деректер инфрақұрылымы (AWS, Azure, Google Cloud);
• Киберқауіпсіздік және тәуекелдерді басқару;
• Бизнес-процестерді талдау және оңтайландыру;
• Цифрлық трансформация және инновациялық даму стратегиялары.

Университет заманауи компьютерлік зертханалармен, серверлік орталықтармен, виртуалды оқу алаңдарымен және арнайы бағдарламалық құралдармен жабдықталған. Магистранттар индустриялық жағдайға барынша ұқсас ортада тәжірибе жинақтайды.

Бағдарлама Erasmus+, Mevlana сияқты халықаралық академиялық алмасу бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді. ALT University жанындағы Startup Hub және Innovation Lab орталықтары арқылы студенттер өз инновациялық жобаларын іске асырып, кәсіпкерлік дағдыларын дамыта алады.

Skip to content
Приемная комиссия