БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
7M06237 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Профильдік бағыт (1 жыл)
Инженерлік біліміңізді жетілдіріп, заманауи байланыс пен электроника әлемінде жаңалық жасаңыз!
БҰЛ ҚАНДАЙ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ?
Бұл профильдік бағыттағы магистратура бағдарламасы радиотехника, телекоммуникация және электрондық жүйелер саласындағы терең білім мен практикалық дағдыларды меңгерген инженер-зерттеушілерді дайындайды. Бағдарлама заманауи технологияларды қолдануға негізделген тәжірибелік және ғылыми дайындықты біріктіреді.
ҚАНДАЙ МАМАН ИЕСІ БОЛА АЛАСЫЗ?
- Радиобайланыс және телекоммуникация жүйелерінің инженері
- Аналогтық және цифрлық жүйелер маманы
- Ақпараттық жүйелер мен IoT құрылғыларын жасаушы
- Оптикалық және сымсыз байланыс желілері бойынша инженер
- Ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкері
- Жоба менеджері (байланыс және IT саласы)
ОҚУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?
- Оқу мерзімі: 1 жыл (күндізгі бөлім)
- Тәжірибеге бағытталған оқыту
- Ғылыми және қолданбалы жобаларға қатысу
- Заманауи бағдарламалар мен құрылғыларды қолдану
- Жеке оқу траекториялары
НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?
Негізгі пәндер:
- Бағдарламалық басқарылатын желілер (SDN) және желілік функцияларды виртуализациялау (NFV)
- Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердегі қауіпсіздік
- Арнайы мақсаттағы радиоэлектрондық жүйелер
- Ысырапсыз өндіріс (бережливое производство)
- Телекоммуникация саласындағы инновациялық өнімдер мен қызметтерді әзірлеу
- Телекоммуникациялық желілерді оңтайландыруға арналған машиналық оқыту
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
- Заманауи жабдықталған зертханалар
- Соңғы үлгідегі бағдарламалық қамтамасыз етілген компьютерлік сыныптар (MATLAB, LabVIEW, Cisco, т.б.)
- Киберқауіпсіздік және цифрлық желілерге арналған оқу стендтері
- Оптикалық-талшықты кабельдермен жұмыс істеу жабдықтары
- Осциллографтар мен өлшеу құралдары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР, КАРЬЕРА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК:
- Академиялық ұтқырлық бағдарламалары
- Байланыс компанияларындағы тағылымдамалар
- Стартап жобаларға қатысу мүмкіндігі
- ALT университетінің Мансап орталығы арқылы қолдау