БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6В07121-ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ

БББ атауы

6В07121-Электр энергетикасы

Сипаттамасы Тартым қосалқы станцияны және түйіспелі торапты жобалаудың, электрлендірілген және электрлендірілмеген темір жолдардың электр жабдықтарын пайдалану мен қызмет көрсетудің практикалық дағдылары бар электр энергетикасы саласында білікті мамандарды даярлау.

Логистика және көлік академиясының «Энергетика» кафедрасы Қазақстан теміржолдарында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, сонымен қатар метрополитенде электрмен жабдықтау саласындағы мамандарды дайындайды.

Электр энергетикасы саласындағы сапалы білім мен практикалық тәжірибені өндірістік тәжірибесі бар оқытушылар беруге дайын:

Садықбек Т.А. – техника ғылымдарының докторы, доцент, Еңбек сіңірген энергетик, энергетика саласында 50 жылдан астам тәжірибесі бар.

Абдрахманов Е.А. – техника ғылымдарының докторы, доцент, Еңбек сіңірген энергетик, энергетика саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар.

Жармагамбетова М.С. – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, академияның академиялық қызмет Проректоры, Құрметті теміржолшы, 2013 жылдың ЖОО Үздік оқытушысы, электр энергетикасы және темір жол көлігін электрмен жабдықтау жүйесін жобалау саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Калиев Ж.Ж. – РФ техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, электр энергетикасы, метрополитен пойыздарының қозғалысын энергетикалық-оңтайлы басқару саласында 16 жылдан астам тәжірибесі бар.

– электр энергетикасы объектілерінде монтаждау, баптау, жөндеу және алдын алу жұмыстарына қатысу үшін практикалық дағдылар.

– түйіспелі торап пен электр беру желілерінің құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидалары мен тәсілдері бойынша практикалық дағдылар мен іскерліктер.

– тартым және трансформаторлық қосалқы станциялардың құрылғыларына, тартым электрмен жабдықтаудың желілік құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидалары мен тәсілдері бойынша практикалық дағдылар мен іскерліктер.

– өндірістік-технологиялық қызметті ұйымдастыру, жабдық жұмысының оңтайлы режимінің параметрлерін белгілеу, қосалқы станциялардың, электр жүйелері мен желілерінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жетілдіру, жаңғырту және жақсарту, өнеркәсіптің әртүрлі салаларының кәсіпорындарын электрмен жабдықтау бойынша практикалық дағдылар мен біліктер.

– өлшеу экспериментін жүргізу және өлшеу нәтижелерін бағалау, электрмен жабдықтау жүйелерінің электр жабдықтарына диагностика жүргізу.

– тартым электрмен жабдықтау жүйесінің негізгі параметрлерін есептеу әдіснамасын меңгеру, тартым қосалқы станциялардың орналасу орындарын және тартым электрмен жабдықтаудың желілік құрылғыларын қозғалыс көлеміне және өзге де елеулі жағдайларға байланысты таңдау.

Кәсіби қызмет саласы темір жол объектілері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және тұтынуы үшін жағдай жасауға бағытталған.

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары электрмен қамтамасыздандыру дистанциясы, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс» АҚ, сондай-ақ әртүрлі салалардағы басқа да энергетикалық кәсіпорындар болып табылады.

Түлектер энергетикалық диспетчер, жедел диспетчерлік басқару қызметінің мамандары, жөндеу-тексеру учаскесінің электромеханигі, тартылым және электр қосалқы станцияларының электромеханигі, түйіспелі торап электромонтері  болып жұмыс істей алады.

Жоғары білім беру талабына сай жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бүгінгі таңда заман талабына сай материалдық-техникалық база қажет. Кафедрада мамандандырылған зертханалар бар, Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы негізінде кафедраның филиалы да жұмыс істейді. Омбы мемлекеттік жол қатынастары университетімен, Мәскеу мемлекеттік жол қатынастары университетімен (РТУ), Самара мемлекеттік жол қатынастары университетімен, Орал мемлекеттік жол қатынастары университетімен, Дрезден техникалық университетімен, Калифорния университетінің көліктік зерттеулер институтымен, Корей ұлттық көлік университетімен, Ланчжоу көлік және коммуникация университетімен, Вроцлав қаласындағы Халықаралық логистика және көлік университетімен және басқа серіктес университеттермен достық, ғылыми-әдістемелік байланыстар жолға қойылып, белсенді түрде жүргізіліп келеді. Бұл ынтымақтастықтың нәтижесі негізгі пәндер бойынша студенттердің академиялық ұтқырлығы болып табылады.

«ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалдары электрмен қамтамасыздандыру дистанциясы, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс» және энергетикалық бағыттағы басқа да кәсіпорындар.

Білім алушылар тәжірибенің барлық түрлерін Қазақстанның жетекші компанияларында – «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарында, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс» АҚ және басқа да энергетикалық кәсіпорындарда өтеді. Артықшылығы – басқа қаладан келген білім алушылар осы компаниялардың филиалдары бар Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұрғылықты жері бойынша тәжірибеден өте алады.

Түйіспелі торап электромонтері, тартым қосалқы станциясының электромонтері, релелік қорғаныс-электромонтер, энергия аудиті

Урынбаев К. Е – «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Магистральдық желілер дирекциясы» филиалы директорының орынбасары

Ахметбеков Р. К. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаментінің директоры.

Конюхов А. Т. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті директорының орынбасары

Танабаев Д. Н. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті директорының орынбасары

Семенов А. Т. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті пайдалану басқармасының бастығы

Сәрсенбеков Б.С. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желілері» филиалының қауіпсіздік бөлімінің бастығы.

Оразаев К.С. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалы бастығының орынбасары Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы.

Ақжігіт А.А. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» бастығының орынбасары.

Семенов Е.А. – Астана электрмен жабдықтау дистанциясы жөндеу-тексеру учаскесінің бастығы.

Телтаев Н. – Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» – «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы бастығының орынбасары

Қали С.Б. – Электр желілері ұйымдары қызметкерлерінің «Серіктес» жергілікті кәсіподағы, кәсіподақ төрағасы.

Сұлтанов А. – Қазэнергострой-Инвест Директоры.

Даутов С.С. – ЖШС Қазақ техникалық даму институтының бас инженері.

Чириков Д.К. – «Iveco Construction» ЖШС директоры.

Картаков А.У. – Алматы көлік колледжі, директор.

Приемная комиссия