БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

7М07150-ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ

БББ атауы

7М07150-Электр энергетикасы

Сипаттамасы Электр жабдықтары мен электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау мен пайдалану саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылым мен техниканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті ғылыми-педагогикалық бағыттағы білікті мамандарды даярлау.

Логистика және көлік академиясының «Энергетика» кафедрасы Қазақстан теміржолдарында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, сонымен қатар метрополитенде электрмен жабдықтау саласындағы мамандарды дайындайды.

Электр энергетикасы саласындағы сапалы білім мен практикалық тәжірибені өндірістік тәжірибесі бар оқытушылар беруге дайын:

Садықбек Т.А. – техника ғылымдарының докторы, доцент, Еңбек сіңірген энергетик, энергетика саласында 50 жылдан астам тәжірибесі бар.

Абдрахманов Е.А. – техника ғылымдарының докторы, доцент, Еңбек сіңірген энергетик, энергетика саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар.

Жармагамбетова М.С. – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, академияның академиялық қызмет Проректоры, Құрметті теміржолшы, 2013 жылдың ЖОО Үздік оқытушысы, электр энергетикасы және темір жол көлігін электрмен жабдықтау жүйесін жобалау саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Калиев Ж.Ж. – РФ техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, электр энергетикасы, метрополитен пойыздарының қозғалысын энергетикалық-оңтайлы басқару саласында 16 жылдан астам тәжірибесі бар.

Оқу нәтижелері:

– Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында жаратылыстану ғылымдары әдістерін, математикалық аппаратты пайдалана отырып, кәсіби қызметтегі инженерлік міндеттерді шешу

– Электр энергетикасы саласындағы жобаларды бағалау үшін жобалық қызметті басқару және ақпаратты түсіндіру бойынша ғылыми зерттеулердің өмірлік жүйесін, реттеуші қағидаттарды, негіздеу әдістерін білуді зерттеу

-Электр желілері мен қосалқы станциялардың режимдерін басқару үшін SCADA-жүйелерін қолдана отырып, Сандық техника негізінде логикалық схемаларды зерттеу

– Нормаланған сапада және сенімділікте электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін есептеу мен талдаудың математикалық әдістерін жүйелеу

– Автоматтандырылған электр жетегінің параметрлерін есептеу және электрмен жабдықтау жүйелеріндегі электр жабдықтарының электромагниттік үйлесімділігін бағалау мақсатында электромеханикалық жүйенің статикалық және динамикалық режимдерін бағалау

– Жобалық шешімдердің тиімділігіне техникалық-экономикалық талдау жобалары бойынша техникалық есептеулер жүргізу үшін жобалауды автоматтандыру құралдарының қолданылуын зерттеу

– Өндіріс технологиясын жетілдіру, жабдықтарды жаңғырту, энергия және ресурс үнемдеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу

– Негізгі энергетикалық және қосалқы жабдықтардың негізгі қасиеттері мен режимдерін есептеуді ескере отырып, дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздерін жобалау

– Жаратылыстану ғылымдарының пәндік, дүниетанымдық және әдіснамалық ерекшеліктері, электр энергетикасындағы ғылыми тұжырымдамалар бойынша білімдерін көрсету.

– Жоғары мектеп педагогикасы негіздері мен кәсіптік жоғары білім әдіснамасы туралы білімді талдау.

Бас инженер, бөлімше бастығы, бас маман, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, инженер-энергетик, бас механик, жетекші инженер, (өндірістік) учаскенің аға шебері, тарту қосалқы станциясының бастығы, аудан (байланыс желісі, электрмен жабдықтау) бастығы, (электротехникалық) зертхана бастығы, вагон (зертхана) бастығы, бас энергодиспетчер, сениор-лектор, лектор, ассистент оқытушы.

Кәсіби қызмет саласы темір жолдың барлық объектілерін электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және тұтыну үшін жағдай жасауға бағытталған. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: «ҚТЖ» ҰК» АҚ электрмен жабдықтау дистанциясының филиалдары, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс», сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі салаларының кәсіпорындарын электрмен жабдықтау, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, жоғары оқу орындары (техникалық) болып табылады.

Кафедра академиялық ұтқырлық және қос дипломдық білім беру бағдарламасы, сондай-ақ магистранттардың ғылыми тағылымдамасы аясында Омбы мемлекеттік темір жол университетімен, Мәскеу мемлекеттік темір жол университетімен (РКУ), Самара мемлекеттік темір жол университетімен, Орал мемлекеттік теміржол университеті, Дрезден техникалық университеті, Калифорния университетінің көлікті зерттеу институты, Корея ұлттық көлік университеті, Ланчжоу көлік және коммуникация университеті, Вроцлав қаласындағы Халықаралық логистика және көлік университеті және басқа серіктес университеттермен тығыз ынтымақтастықта.

«ҚТЖ»ҰК» АҚ электрмен жабдықтау дистанциясының филиалдары, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс» және энергетикалық бағыттағы басқа да кәсіпорындар.

Қазақстанның жетекші компанияларында – «ҚТЖ» ҰК» АҚ электрмен жабдықтау дистанциясының филиалдарында, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс» АҚ және энергетикалық бағыттағы басқа да кәсіпорындарда тәжірибе мен тағылымдамалардың барлық түрлерінен өтеді, сондай-ақ әріптес жоғары оқу орындары базасында тағылымдамадан өтеді.

Энергия аудиті

Урынбаев К. Е – «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Магистральдық желілер дирекциясы» филиалы директорының орынбасары

Ахметбеков Р. К. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаментінің директоры.

Конюхов А. Т. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті директорының орынбасары

Танабаев Д. Н. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті директорының орынбасары

Семенов А. Т. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті пайдалану басқармасының бастығы

Сәрсенбеков Б.С. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желілері» филиалының қауіпсіздік бөлімінің бастығы.

Оразаев К.С. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалы бастығының орынбасары Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы.

Ақжігіт А.А. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» бастығының орынбасары.

Семенов Е.А. – Астана электрмен жабдықтау дистанциясы жөндеу-тексеру учаскесінің бастығы.

Телтаев Н. – Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» – «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы бастығының орынбасары

Қали С.Б. – Электр желілері ұйымдары қызметкерлерінің «Серіктес» жергілікті кәсіподағы, кәсіподақ төрағасы.

Сұлтанов А. – Қазэнергострой-Инвест Директоры.

Даутов С.С. – ЖШС Қазақ техникалық даму институтының бас инженері.

Чириков Д.К. – «Iveco Construction» ЖШС директоры.

Картаков а.у. – Алматы көлік колледжі, директор.

Приемная комиссия