БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6B07189 ҚАЛАЛЫҚ ЭЛЕКТР КӨЛІГІ

БББ атауы

6B07189 Қалалық электр көлігі

Сипаттамасы

Балама көздерді енгізуді және интеллектуалды қалалық ұтқырлық жүйесін құруды, қалалық жердегі электр көлігінің қозғалысын басқаруды автоматтандыру үшін бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді ескере отырып, электр көлік кешенін пайдалану және басқару бойынша кадрлар даярлау.

Логистика және көлік академиясының «Энергетика» кафедрасы Қазақстан теміржолдарында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, сонымен қатар метрополитенде электрмен жабдықтау саласындағы мамандарды дайындайды.

Электр энергетикасы саласындағы сапалы білім мен практикалық тәжірибені өндірістік тәжірибесі бар оқытушылар беруге дайын:

Садықбек Т.А. – техника ғылымдарының докторы, доцент, Еңбек сіңірген энергетик, энергетика саласында 50 жылдан астам тәжірибесі бар.

Абдрахманов Е.А. – техника ғылымдарының докторы, доцент, Еңбек сіңірген энергетик, энергетика саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар.

Жармагамбетова М.С. – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, академияның академиялық қызмет Проректоры, Құрметті теміржолшы, 2013 жылдың ЖОО Үздік оқытушысы, электр энергетикасы және темір жол көлігін электрмен жабдықтау жүйесін жобалау саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Калиев Ж.Ж. – РФ техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, электр энергетикасы, метрополитен пойыздарының қозғалысын энергетикалық-оңтайлы басқару саласында 16 жылдан астам тәжірибесі бар.

– Теориялық және эксперименттік зерттеу үшін математикалық талдау және модельдеу әдістерін қолдану, қалалық электр көлігінің қозғалысын ұйымдастыру кезінде заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары мен IT – технологиялардың жетістіктерін біріктіру.

– Қауіпсіз тіршілік әрекетін, электр – өрт қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін заманауи инженерлік әдістерді қолдану.

– Қабылданған басқару шешімдерін кешенді негіздеу және нәтижелерді бағалау үшін қалалық электр көлігі кәсіпорындарының қызметіне техникалық-экономикалық талдауды қолдану.

– Электр жабдықтарын, электр машиналары мен электрондық құрылғыларды талдау және пайдалану принциптері, теоремалар негізінде беріктік, сенімділік және орнықтылық бойынша техникалық міндеттерді шешу үшін іс-шаралар әзірлейді.

– Ақпараттық-өлшеу техникасын пайдалана отырып, қалалық электр көлігінің электр тізбектері мен электр жабдықтарының пайдалану және режимдік параметрлерін бағалау.

– Қалалық электр көлігінің жаңартылатын энергия түрлерін, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін пайдалану әдістері мен тәсілдерін талдау.

– Жоғары кернеу мен электромагниттік ортаның электр энергиясы мен электр тарту желілері мен қосалқы станциялардың жабдықтарының сапасына әсерін талдау.

– Қалыпты және төтенше жағдайларды, микропроцессорлық релелік қорғаныс пен автоматиканың жұмыс параметрлерін анықтау.

– Тартым электрмен жабдықтау жүйесін жетілдіруді ескере отырып, түйіспелік торапты, рельсті және тартым қосалқы станцияны пайдалану және диагностикалау параметрлерін анықтау.

– Қалалық электр көлігінің электр жабдықтарын тиімді және қауіпсіз пайдалануға нормативтік құжаттарды қолдану.

– Жылжымалы құрамды үздіксіз электрмен жабдықтау үшін түйіспелі тораптың дұрыс күйі мен сенімділігінің әсерін талдау.

Кәсіби қызмет саласы ірі қалалардың электр көлік кешенін пайдалану мен басқаруға бағытталған.

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: «Алматыэлектротранс» АҚ, КМК «Метрополитен», «№1 Алматы электроавтобус» ЖШС және басқа да ірі қалалардың парктері.

Түлектер энергетикалық диспетчер, электрик (жөндеу және қайта қарау) учаскесі, электромеханик (электр қосалқы станциясы, электрмен жабдықтау учаскесі), электромонтер, электромеханик жұмыс істей алады.

Жоғары білім беру талабына сай жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бүгінгі таңда заман талабына сай материалдық-техникалық база қажет. Кафедрада мамандандырылған зертханалар бар, Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы негізінде кафедраның филиалы да жұмыс істейді. Омбы мемлекеттік жол қатынастары университетімен, Мәскеу мемлекеттік жол қатынастары университетімен (РТУ), Самара мемлекеттік жол қатынастары университетімен, Орал мемлекеттік жол қатынастары университетімен, Дрезден техникалық университетімен, Калифорния университетінің көліктік зерттеулер институтымен, Корей ұлттық көлік университетімен, Ланчжоу көлік және коммуникация университетімен, Вроцлав қаласындағы Халықаралық логистика және көлік университетімен және басқа серіктес университеттермен достық, ғылыми-әдістемелік байланыстар жолға қойылып, белсенді түрде жүргізіліп келеді. Бұл ынтымақтастықтың нәтижесі негізгі пәндер бойынша студенттердің академиялық ұтқырлығы болып табылады.

«Алматыэлектротранс» АҚ, КМК «Метрополитен»

Бакалаврлар тәжірибенің барлық түрін Қазақстанның жетекші компанияларында – «Алматыэлектротранс» АҚ, МКМ «Метрополитен», «№1 Алматы электроавтобус» ЖШС және басқа да ірі қалалардың парктерінде өтеді.

Артықшылығы – басқа қаладан келген білім алушылар осы компаниялардың филиалдары бар Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұрғылықты жері бойынша тәжірибеден өте алады.

Электромонтер, релелік қорғаныс-электромонтер, электромеханик

Приемная комиссия