БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
7М07166-Энергетикалық жүйелер және энергоменеджмент
БББ атауы 7М07166 — Энергетикалық жүйелер және энергоменеджмент
Сипаттамасы Өндірістік-технологиялық қызмет үшін жабдықтың оңтайлы жұмыс режимінің параметрлерін белгілеу, қосалқы станциялардың, электр желілерінің және өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеу сапасын бақылау дағдыларына ие жоғары білікті мамандарды даярлау.
- Басқа университтерден айырмашылығы
- Білім алушылардың оқу нәтижелері
- Түлектер кім болып жұмыс істейді
- Халықаралық бағдарламалар
- Серіктес компаниялар
- Тағлымдама және практика бағдарламасы
- Сертификаттар
- Табысты түлектер
«Энергетика» кафедрасы Қазақстан теміржолдарында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, сонымен қатар метрополитенде электрмен жабдықтау саласындағы мамандарды дайындайды.
Электр энергетикасы саласындағы сапалы білім мен практикалық тәжірибені өндірістік тәжірибесі бар оқытушылар беруге дайын:
Садықбек Т.А. – техника ғылымдарының докторы, доцент, Еңбек сіңірген энергетик, энергетика саласында 50 жылдан астам тәжірибесі бар.
Абдрахманов Е.А. – техника ғылымдарының докторы, доцент, Еңбек сіңірген энергетик, энергетика саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар.
Жармагамбетова М.С. – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, академияның академиялық қызмет Проректоры, Құрметті теміржолшы, 2013 жылдың ЖОО Үздік оқытушысы, электр энергетикасы және темір жол көлігін электрмен жабдықтау жүйесін жобалау саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
Калиев Ж.Ж. – РФ техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, электр энергетикасы, метрополитен пойыздарының қозғалысын энергетикалық-оңтайлы басқару саласында 16 жылдан астам тәжірибесі бар.
— Кәсіби қызметте және ғылыми-зерттеу жұмыстарында энергетикалық жүйелер мен энергия менеджменті саласында жүйелік талдау, математикалық статистика және цифрлық модельдеу әдістерін қолдана отырып, күрделі инженерлік және зерттеу тапсырмаларын шешу.
— Энергетикалық ресурстарды басқарудың заманауи тәсілдерін және инновациялық технологияларды енгізуді ескере отырып, нормативтік-техникалық және ұйымдастырушылық-құжаттамалық жұмыстарды әзірлеу.
— Сандық платформалар, интеллектуалды бақылау жүйелері және арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы энергетикалық жүйелердің режимдерін басқару тапсырмаларын шешу.
— Энергетикалық жүйелердің сенімділігін арттыру және электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшін зерттеулер жүргізу және іс-шаралар әзірлеу, тиімді энергия менеджменті қағидаларын ескере отырып.
— Энергетикалық кешендердің режимдік параметрлерін талдау, соның ішінде жабдықты пайдалану кезінде энергия тиімділігі және электромагниттік үйлесімділік мәселелерін қарастыру.
— Заманауи энергия үнемдеу технологиялары мен тұрақты даму принциптерін қолдана отырып, энергия және ресурстарды үнемдеу бойынша іс-шараларды жүйелендіру және енгізу.
— Тасымалдау инфрақұрылымын қоса алғанда, энергиямен қамтамасыз ету жүйелеріне жаңартылатын және екінші деңгейлі энергия көздерін жобалау және біріктіру, энергия тұтынуды оңтайландыру және энергетикалық тиімділікті арттыру міндеттерін ескеру.
Бас инженер, бөлімше бастығы, бас маман, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, инженер-энергетик, бас механик, жетекші инженер, (өндірістік) учаскенің аға шебері, тартым қосалқы станциясының бастығы, аудан (байланыс желісі, электрмен жабдықтау) бастығы, (электротехникалық) зертхана бастығы, вагон (зертхана) бастығы, бас энергия диспетчері.
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және тұтыну бойынша кәсіпорындар болып табылады: «ҚТЖ» ҰК» АҚ электрмен жабдықтау дистанциясының филиалдары, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс» АҚ және энергетикалық бағыттағы басқа да кәсіпорындар. Сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдар.
Кафедра академиялық ұтқырлық және қос дипломдық білім беру бағдарламасы, сондай-ақ магистранттардың ғылыми тағылымдамасы аясында Омбы мемлекеттік темір жол университетімен, Мәскеу мемлекеттік темір жол университетімен (РКУ), Самара мемлекеттік темір жол университетімен, Орал мемлекеттік теміржол университеті, Дрезден техникалық университеті, Калифорния университетінің көлікті зерттеу институты, Корея ұлттық көлік университеті, Ланчжоу көлік және коммуникация университеті, Вроцлав қаласындағы Халықаралық логистика және көлік университеті және басқа серіктес университеттермен тығыз ынтымақтастықта.
«ҚТЖ»ҰК» АҚ электрмен жабдықтау дистанциясының филиалдары, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс» және энергетикалық бағыттағы басқа да кәсіпорындар.
Қазақстанның жетекші компанияларында – «ҚТЖ» ҰК» АҚ электрмен жабдықтау дистанциясының филиалдарында, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс» АҚ және энергетикалық бағыттағы басқа да кәсіпорындарда тәжірибе мен тағылымдамалардың барлық түрлерінен өтеді, сондай-ақ әріптес жоғары оқу орындары базасында тағылымдамадан өтеді.
Энергия аудит
Урынбаев К. Е – «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Магистральдық желілер дирекциясы» филиалы директорының орынбасары
Ахметбеков Р. К. — «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаментінің директоры.
Конюхов А. Т. — «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті директорының орынбасары
Танабаев Д. Н. — «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті директорының орынбасары
Семенов А. Т. — «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті пайдалану басқармасының бастығы
Сәрсенбеков Б.С. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желілері» филиалының қауіпсіздік бөлімінің бастығы.
Оразаев К.С. — «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалы бастығының орынбасары Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы.
Ақжігіт А.А. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы — Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» бастығының орынбасары.
Семенов Е.А. – Астана электрмен жабдықтау дистанциясы жөндеу-тексеру учаскесінің бастығы.
Телтаев Н. — Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» — «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы бастығының орынбасары
Қали С.Б. – Электр желілері ұйымдары қызметкерлерінің «Серіктес» жергілікті кәсіподағы, кәсіподақ төрағасы.
Сұлтанов А. — Қазэнергострой-Инвест Директоры.
Даутов С.С. – ЖШС Қазақ техникалық даму институтының бас инженері.
Чириков Д.К. – «Iveco Construction» ЖШС директоры.
Картаков а.у. — Алматы көлік колледжі, директор.