Академия логистики и транспорта
Онгар Булбул

Онгар Булбул

Қауымдастырылған профессор, PhD докторы

Email: b.ongar@alt.edu.kz

scopus
orcid
web-of-science
google-scholar
google-scholar

Қысқаша (кәсіби өмірбаяны)

Онгар Булбул, 1978 жылы туған, қазақ. 2001 жылы Алматы энергетика және байланыс институтының жылу -энергетикалық мамандығы бойынша ЖЭС мамандығын үздік бітірді. 2002 жылы Алматы энергетика институтының магистратурасын «жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген.
2002 жылдан бастап «Электротехниканың теориялық негіздері» кафедрасында, алдымен инженер, 2003 жылдан кафедра ассистенті, 2008 жылдан аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2013 жылы Алматы энергетика және байланыс университетінің коммерциялық емес акционерлік қоғамының 6D071700 – жылу энергетикасы мамандығы бойынша докторантураға түсті.
2018 жылы «Жартылай газдалған көмірді жағу кезінде азот оксидтерінің түзілу заңдылықтарын сандық зерттеу» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2019 жылғы 13 наурыздағы шешімімен (№232 бұйрық) 6D071700 – жылу энергетикасы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. Қазіргі уақытта Логистика және көлік академиясының «Энергетика» кафедрасында ЛжКА қауымдастырылған профессоры қызметінде жұмыс жасайды.
Онгар Булбулды әріптестері мен студенттер құрметтейді.
1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі комитеті мен Жоғары аттестациялық комиссия ұсынған басылымдарда 11 мақала жарияланды.
2 ISBN халықаралық және басқа ғылыми басылымдардың рецензияланған жинақтарында 7 мақала жариялады.
3 Web of Science немесе Scopus мәліметтер базасына енгізілген халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда 15 мақала жариялады.
4 Хирш индексі (с – индекс) – 2.
5 2020 жылдың желтоқсанында «ЖОҒАРҒЫ ОНУ ОРНЫҢ ҮЗДІК ПЕДОГАГИ-2020» марапатталды.
6 Барлығы, соңғы 5 жылда 37 ғылыми жұмыста, 6 әдістемелік нұсқаулықтар және 5 оқу әдістемелік нұсқаулықта ғылыми жұмыс жарияланды. 7 «ҰЛТТЫҚ ТЕСІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ» Республикалық комиссиясының жыл сайынғы мүшесі; 8 ВЕСТНИК «ПГУ» және ВЕСТНИК «КазАТК» журналдарының рецензенті.

Білім

• Алматы энергетика және байланыс институты (1996-2001)
Жылу электр станциялары, жылу энергетик
• Алматы энергетика және байланыс институты (2001-2002)
Жылу энергиясы, магистр
• Алматы энергетика және байланыс институты (2013-2016)
Жылу энергетикасы, докторантура.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2019 жылғы 13 наурыздағы шешімімен (№232 бұйрық) философия докторы (PhD) 6D071700 – жылу энергетикасы мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі берілді.

Жарияланымдар

1https://vestnik.tou.edu.kz/upload/releases/4f1f2052-fe7a-4b29-adee-e9db0f29bf48_energetika_4_2019.pdf
2 https://www.vestnik.psu.kz/images/pdf/energetika/energetika_3_2019.pdf#page=144
3.https://journals.nauka-nanrk.kz/physics-mathematics/article/view/640

Приемная комиссия