Серікқалиев Жұмажан Саинұлы
Сениор-лектор, техника ғылымдарының магистрі
Email: zh.serikkaliev@alt.edu.kz
Қысқаша (кәсіби өмірбаяны)
2015-2017 жылдары, «Электроэнергетика» кафедрасының маманы, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы;
2017-2020 жылдары, «Электроэнергетика» кафедрасының оқытушысы, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы;
2017-2020 жылдары, «Жобалау және іздестіру» секторының инженер-жобалаушысы, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (қоса атқарумен);
2019-2022 жылдары, «Физика плазмасы, нанотехнологиялар және компьютерлік физика» кафедрасының аға оқытушысы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унииверситеті (қоса атқарумен);
2019-2020 жылдары, «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» факультетінің декан орынбасары, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы;
2020-2022 жылдары, «Электроэнергетика» кафедрасының лекторы, Логистика және көлік академиясы (қоса атқарумен);
2021-2022 жылдары, Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, Логистика және көлік академиясы;
2022 (қазан) – 2023 (ақпан) жылдары, Мониторинг және бағалау кеңсесінің жетекшісі, Логистика және көлік академиясы;
2023 (наурыз) – 2023 (тамыз) жылдары, Жоғары білімнен кейінгі бағдарламалар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Логистика және көлік академиясы;
2023 (тамыз) – қазыргі уақытта, «Энергетика» кафедрасының сениор-лекторы, Логистика және көлік академиясы.
Білім
2011-2015 жж., М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, 5В071800-Электр энергетикасы мамандығы, техника және технологиялар бакалавры.
2014 жылғы қаңтар-2014 жылғы маусым, Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университеті, «Электрлендірілген жолдарды электрмен жабдықтау» мамандығы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша.
қыркүйек 2015 ж. – мамыр 2017 ж. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, мамандығы 6М071800-Электр энергетикасы, техника ғылымдарының магистрі.
қыркүйек 2020 ж.- маусым 2023 ж. Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, мамандығы – 8D07108-Электр энергетикасы.
Ғылыми жобаларға қатысу
Ғылыми бағыт: Тартылым тораптарының тұрақтылығын бағалау.
Келесі жобаларды әзірлеуге қатысты:
– «Шу-Алматы-1 екінші жолдарының құрылысы» РП қатысуы «Түйіспелі торап» бөлімі, Қазыбек-бек-Алматы-1 станциясының телімі.
– «32-ЦРКП. ТЭН түзету. Шу – Алматы-1 екінші жолдарының құрылысы» «Түйіспелі торап» бөлімі;
– «33-ЦРКП. Астана ст. және қырқыншы станция қайта жаңарту» «Түйіспелі торап» бөлімі;
– «787-ЦЖС. Шығыс Қазақстан облысы Семей – Жаңа-Семей учаскесінің 657 км металл көпірін күрделі жөндеу» «Сыртқы электромен жарықтандыру» бөлімі.
Жарияланымдар
Ақтоғай-Достық электрлендірілетін телімінің желге төзімділігін арттыру-пайдалану сенімділігінің негізгі факторы. Алматы, ҚазАТК Хабаршысы (Арнайы. шығарылым) 2 Том, 2019 ж. 189-193 бет
Микропроцессорлық іске қосу құрылғысын қолдана отырып, қосалқы станцияларды автоматтандыру, қуат резервін автоматты түрде қосу. Алматы, Қазтк Хабаршысы № 4 (111), 2019 ж. 271-279 бет.
Жоғары вольтты қағаз-май оқшаулауын бақылау әдісі. Алматы, № 1 ҚазАТК Хабаршысы ( 112), 2020. 239-246 бет.
Тартылым торабының тұрақтылығына әсер ететін факторлар. Алматы, № 2 ҚазАТК Хабаршысы ( 121), 2022. 323-330 бет.
Тартылым қосалқы станциялардың күштік трансформаторларының істен шығу ықтималдығын анықтау. Алматы, № 4 ҚазАТК Хабаршысы ( 123), 2022. 283-292 бет.