БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6B07198 — Ұшқышсыз ұшу аппараттары және навигациялық технологиялар

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын, навигациялық жүйелерді, IoT (заттар интернеті) және интеллектуалды технологияларды жобалау, басқару және бағдарламалау сияқты ең заманауи әрі сұранысқа ие салаларда жұмыс істеуге дайындайтын үш жылдық оқу бағдарламасы

Түлектер аэроғарыш саласында, IT-компанияларда, логистикада, агросекторда (ауыл шаруашылығында), құрылыс саласында, қорғаныс өнеркәсібінде, телекоммуникациялық компанияларда, стартаптар мен зерттеу орталықтарында жұмыс істей алады

Бірінші курстан бастап теория + практика! Заманауи бағдарламалық жасақтамалармен және жабдықтармен жұмыс (MATLAB, LabVIEW, Altium Designer, Cisco Packet Tracer, Proteus, микроконтроллерлер (Arduino, STM және т.б.). Кейс-жобаларға, стартаптарға және хакатондарға қатысу. Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық және IT-компанияларында тағылымдамадан және практикадан өту. Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы

Негізгі пәндер:

— Радиотехника, электроника және телекоммуникация негіздері;

— Радиорелелік және спутниктік байланыс;

— Маршруттау және коммутация негіздері (Cisco + Huawei);

— Ұшу динамикасы;

— Навигациялық байланыс;

— ҰҰА-ларды (ұшқышсыз ұшу аппараттарын) навигацияда және байланыс саласында қолдану;

— ҰҰА-ларды электрмен қоректендіру, аккумуляторлық жүйелері және энергиясын басқару;

— Жасанды интеллект және ҰҰА-ларды автономды басқару жүйелері.

Нақты жабдықтармен жарақтандырылған заманауи зертханалар, соңғы буын бағдарламалық жасақтамалары орнатылған компьютерлік сыныптар.

Желілік қауіпсіздік пен ақпаратты қорғауды тереңдетіп оқытуға арналған «Ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздік» мамандандырылған оқу стенді (аппараттық-бағдарламалық кешен), оптикалық талшықты кабельдерді дәнекерлеуге (сваркалауға) және сынауға арналған жабдықтар, аналогтық және цифрлық сигналдарды зерттеуге арналған осциллографтар мен өлшеу құралдары бар

Академиялық ұтқырлық және қос диплом бағдарламалары. Жұмысқа орналасудың жоғары көрсеткіші. Ірі салалық компаниялармен серіктестік

Жайлы әрі қауіпсіз бөлмелер, Wi-Fi, демалыс аймақтары, асханалар. Мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады

Оқудан қол үзбей запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау

Skip to content
Приемная комиссия