БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6В06213 – Инфокоммуникациялық технологиялар және байланыс жүйелері

Сені инфокоммуникациялық технологиялардың, телекоммуникациялар мен цифрлық байланыс жүйелерінің ең заманауи әрі сұранысқа ие салаларында жұмыс істеуге дайындайтын үш жылдық білім беру бағдарламасы (қос дипломды) ақпараттық технологиялар, желілік шешімдер, цифрлық байланыс жүйелері, бұлттық сервистер және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін зерттеуге бағытталған. Студенттер заманауи телекоммуникациялық технологияларды, желілік шешімдерді, цифрлық байланыс жүйелерін, бұлттық сервистерді және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін зерттейді

Түлек байланыс инженері, телекоммуникациялық желілер инженері, жүйелік және желілік әкімші (администратор), инфокоммуникациялық технологиялар маманы, ақпараттық қауіпсіздік инженері, техникалық қолдау көрсету және пайдалану маманы, сондай-ақ телекоммуникациялық және IT-компаниялардағы жобалар менеджері болып жұмыс істей алады

Бірінші курстан бастап теория + практика! Заманауи бағдарламалық жасақтамалармен және жабдықтармен жұмыс (MATLAB, LabVIEW, Altium Designer, Cisco Packet Tracer, Proteus, микроконтроллерлер (Arduino, STM және т.б.). Кейс-жобаларға, стартаптарға және хакатондарға қатысу. Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық және IT-компанияларында тағылымдамадан және практикадан өту. Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы. Соңғы курста оқу Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университетінде өтеді, нәтижесінде сіз екі диплом алып шығасыз!

Негізгі пәндер:

— Радиотехника, электроника және телекоммуникация негіздері;

— Радиорелелік және спутниктік байланыс;

— Маршруттау және коммутация негіздері (Cisco + Huawei);

 — Мәліметтерді беру және ақпаратты қорғау;

 — Күзет мониторингі жүйелері;

 — Байланыстың көптеген жүйелеріндегі (БКЖ) сигнализация және коммутация жүйелері;

— Телекоммуникацияның бағыттаушы жүйелері;

— Телекоммуникациялық жүйелердегі ақпарат қауіпсіздігі; — БКЖ жобалау және модельдеу.

Нақты жабдықтармен жарақтандырылған заманауи зертханалар, соңғы буын бағдарламалық жасақтамалары орнатылған компьютерлік сыныптар.

Желілік қауіпсіздік пен ақпаратты қорғауды тереңдетіп оқытуға арналған «Ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздік» мамандандырылған оқу стенді (аппараттық-бағдарламалық кешен), оптикалық талшықты кабельдерді дәнекерлеуге және сынауға арналған жабдықтар, аналогтық және цифрлық сигналдарды зерттеуге арналған осциллографтар мен өлшеу құралдары бар

Академиялық ұтқырлық және қос диплом бағдарламалары. Жұмысқа орналасудың жоғары көрсеткіші. Ірі салалық компаниялармен серіктестік

Жайлы әрі қауіпсіз бөлмелер, Wi-Fi, демалыс аймақтары, асханалар. Мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады

Оқудан қол үзбей запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау

Skip to content
Приемная комиссия