БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
8D06255 – РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР
Сандық байланыс технологияларындағы ғылым көшбасшысы бол!
БҰЛ ҚАНДАЙ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ?
PhD бағдарламасы радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған. Сіз заманауи ғылыми зерттеулермен айналысып, инновациялық шешімдер жасап, жоғары технологияларды дамытуға үлес қосасыз.
ҚАНДАЙ МАМАН БОЛА АЛАСЫЗ?
- Ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалардағы ғылыми қызметкер
- Ғылыми-зерттеу және инженерлік жобалардың жетекшісі
- Телекоммуникациялық технологиялар мен цифрлық қауіпсіздік саласындағы сарапшы
- Жоғары оқу орнындағы оқытушы және ғылыми жетекші
- Өнеркәсіп пен бизнестегі инновация бойынша кеңесші
ОҚУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?
- Оқу ұзақтығы: 3 жыл (күндізгі бөлім)
- Терең ғылыми дайындық
- Жеке оқу траекториясы және диссертациялық жұмыс
- Халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдар
- Конференциялар мен тағылымдамаларға қатысу
- Тәжірибелі ғалымдардан ғылыми жетекшілік
СІЗ НЕ ОҚИСЫЗ?
Негізгі пәндер:
- Телекоммуникация объектілерін электромагниттік әсерлерден қорғау
- Радиотехника, электроника және телекоммуникация саласындағы ғылыми эксперименттерді аналитикалық және имитациялық модельдеу
- Телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің сенімділік көрсеткіштерін қамтамасыз ету
- Ғылыми зерттеу әдістері
- Педагогикалық практика
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
- Заманауи жабдықталған ғылыми-зерттеу зертханалары
- Арнайы бағдарламалық платформаларға қолжетімділік (Matlab, LabVIEW, CST Studio және т.б.)
- Эксперименттік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік
- Гранттық жобалар мен халықаралық консорциумдарға қатысу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР, МАНСАП ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК:
- Шетелдік университеттермен бірлескен зерттеулер
- Академиялық ұтқырлық бағдарламалары (Erasmus+, DAAD және т.б.)
- Scopus/WoS журналдарында жарияланымдар
- Халықаралық ғылыми форумдарға қатысу
- Халықаралық зерттеу желілеріне қосылу
- Жобаларды коммерцияландыру мен патенттеуге қолдау
ЖАЙЛЫ СТУДЕНТТІК ҮЙЛЕР!
- Жайлы және қауіпсіз бөлмелер
- Wi-Fi, демалыс аймақтары, асүйлер
- Мәдени және спорттық іс-шаралар