БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6В06209 — Радиотехника, электроника и телекоммуникациялар

6В06209 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар білім беру бағдарламасын таңда – болашақтың байланыс және интеллектуалды құрылғыларын жасайтын маман бол!

Бұл — үш жылдық оқу бағдарламасы, ол сізді радиотехника, электроника және телекоммуникация салаларының ең заманауи әрі сұранысқа ие бағыттарында жұмыс істеуге дайындайды.

Оқу барысында сіз жоғары білікті маманға айналасыз, ол:

— радиоэлектрондық құрылғылар мен байланыс жүйелерін жобалап, есептейді;

— микроконтроллерлер негізінде ендірілген жүйелер мен IoT-шешімдерді әзірлейді және енгізеді;

— деректерді беру желілерінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

— электрондық жабдықты диагностикалайды және жөндейді.

— радиобайланыс және хабар тарату жүйелерін әзірлеу және сүйемелдеу инженері;

— телекоммуникациялық желілерді жобалау жөніндегі маман (5G, LTE, спутниктік байланыс);

— зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтарындағы инженер-зерттеуші;

— ақылды құрылғыларға арналған ендірілген бағдарламалық жасақтама жасаушы;

— киберфизикалық жүйелер және өндірістік IoT саласының сарапшысы;

— телекоммуникациялық және IT-компаниялардағы жоба менеджері.

— теория мен практика бірінші курстан бастап!

— заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету және жабдықтармен жұмыс (MATLAB, LabVIEW, Altium Designer, Cisco Packet Tracer, Proteus, микроконтроллерлер: Arduino, STM және т.б.);

— кейс-жобаларға, стартаптарға және хакатондарға қатысу;

— Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық және IT-компанияларында тәжірибе мен стажировкадан өту;

— жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам.

Негізгі пәндер:

— телекоммуникация негіздері;

— радиотехника және электроника негіздері;

— радиорелелік және спутниктік байланыс;

— маршрутизация және коммутация негіздері (Cisco + Huawei);

— байланыс жабдықтарының электрмен жабдықталуы;

— мобильді байланыс технологиялары (ұялы байланыс);

— талшықты-оптикалық байланыс желілерін жобалау және пайдалану;

— телекоммуникациялық бағыттау жүйелері;

— цифрлық телерадио хабар тарату технологиялары;

— IoT негіздері.

— нақты жабдықтармен жабдықталған заманауи зертханалар;

— соңғы буындағы бағдарламалық қамтамасыз етілген компьютерлік сыныптар;

— желілік қауіпсіздік пен ақпаратты қорғауды терең оқытуға арналған «Ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздік» арнайы оқу стенді (аппараттық-бағдарламалық кешен);

— талшықты-оптикалық кабельдерді дәнекерлеу және тестілеуге арналған жабдықтар;

— аналогтық және цифрлық сигналдарды зерттеуге арналған осциллографтар мен өлшеу құралдары.

— академиялық ұтқырлық және қос диплом бағдарламалары;

— жоғары жұмысқа орналасу деңгейі;

— жетекші салалық компаниялармен серіктестік.

— жайлы және қауіпсіз бөлмелер;

— Wi-Fi, демалыс аймақтары, асүйлер;

— мәдени және спорттық іс-шаралар.

Оқу процесінен қол үзбей, запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындау.

Skip to content
Приемная комиссия