БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6B07184 — Құрылыс және жол машиналары инжинирингі

Құрылыс және жол машиналары инжинирингін таңда – және болашақты салатын техниканы жасайтын инженер бол!

Сіз теміржол және құрылыс салалары үшін жоғары білікті инженер болып шығасыз, ол:

  • құрылыс және жол машиналарын жобалайды, жаңғыртады және техникалық құжаттаманы әзірлейді;
  • машиналар мен жабдықтардың пайдалануын, техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуін ұйымдастырады;
  • инженерлік міндеттерді шешуде заманауи цифрлық және интеллектуалды технологияларды қолданады;
  • өндірістік процестерді басқарады және техниканы жөндеу сапасын бақылайды.

Түлектер келесі лауазымдарды атқара алады:

  • жобалау, жөндеу және пайдалану инженері;
  • құрылыс және жол машиналары цехы немесе учаске шебері;
  • техниканы жөндеу және қызмет көрсету бригадасын басқару жөніндегі маман.

Теория + қуатты тәжірибе бірінші курстан бастап!

  • AutoCAD, Matlab, SCADA және басқа бағдарламалармен жұмыс;
  • Кейс-жобаларға, өндірістік тәжірибелерге және хакатондарға қатысу;
  • Салада тәжірибесі бар жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы.

Негізгі пәндер:

  • Машина бөлшектері және конструкторлау негіздері;
  • Инженерлік графика және компьютерлік модельдеу;
  • Құрылыс және жол машиналарының сенімділігі;
  • Құрылыс және жол машиналарын өндіру және жөндеу технологиясы;
  • Құрылыс машиналары;
  • Жол машиналары мен механизмдері;
  • Іштен жану қозғалтқыштары;
  • Жол машиналарындағы интеллектуалды және цифрлық технологиялар;
  • Гидравлика және гидрожетек.
  • Жобалау мен модельдеуге арналған заманауи бағдарламалар орнатылған компьютерлік сыныптар;
  • Машиналардың құрылысын, жұмыс істеу принциптерін және агрегат диагностикасын зерттеуге арналған мамандандырылған зертханалар.
  • Академиялық ұтқырлық және қос диплом бағдарламалары;
  • Түлектердің жоғары жұмысқа орналасу деңгейі;
  • Саладағы ірі компаниялармен серіктестік.
  • Ыңғайлы және қауіпсіз бөлмелер;
  • Wi-Fi, демалыс аймақтары, асүйлер;
  • Мәдени және спорттық іс-шаралар.

Оқу процесінен қол үзбей запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау.

Skip to content
Приемная комиссия