БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
6B11334 Көліктік экологистика
БББ атауы |
6B11334 Көліктік экологистика |
Сипаттамасы |
Экологияда, логистикада, тасымалдауда және жеткізу тізбегін басқаруда заманға сай және перспективалық міндеттерді шешудің инновациялық әдістерін қолдануға қабілетті қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін экологиялық нормативтерді ескере отырып, логистикалық процестерді басқару саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. |
- Басқа ЖОО айырмашылығы
- Иеленетін оқыту нәтижелері
- Түлектер кім болып жұмыс істейді
- Серіктес компаниялар
- Стажировка және практика бағдарламасы
Логистика және көлік академиясында «Көлік экологиясы» білім беру бағдарламасы «Қазақстандағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласында» белгіленген заман талабына сай дайындалған. Осы құжатқа сәйкес, «Эколог» жаңа мамандығына 2025 жылы Қазақстан Республикасының «KTZ Express» АҚ, TRANSLINE, Tranco, DHL Logistics Kazakhstan ЖШС, «Qarsan» халықаралық дизайн-логистикалық компаниясы сияқты ірі халықаралық компаниялары сұранысқа ие болады. SCM», «MSC Mediterranean Shipping Company», «TransAl Freight Company» ЖШС және т.б.
– ауызша және жазбаша түрде кәсіби лексика мен базалық грамматиканы қолдана отырып, зерделенетін саланың аргументтерін тұжырымдау және проблемаларын шешу, көлік-логистика саласында нормативтік-техникалық құжаттаманы және мамандандырылған экологиялық әдебиетті мемлекеттік және шет тілдерінде қолдану;
– әлеуметтік-этикалық құндылықтар мен рухани процестердің негіздерін, тараптардың тұлғааралық және құқықтық мүдделерін, кәсіби қызметті жүзеге асыруда құқықтарды қорғауды пайдалану;
– қоршаған ортаның сапасын бақылау кезінде өлшеу нәтижелерін өңдеу және логистикада ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мақсатында көліктік және экологиялық міндеттерді шешуде математиканың негізгі заңдарын білу, көлік саласы қызметінің барлық салаларында есептеу техникасының, бағдарламалық қамтамасыз етудің және IT-технологияның қазіргі заманғы құралдарының жетістіктерін біріктіру;
– кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезінде тіршілік қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, Көлік экологиясы, химия және қоршаған орта мониторингін қамтамасыз ету бойынша білімді қолдану, Көлік кәсіпорындарында зиянды және қауіпті факторларды талдау негізінде қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу;
– сұраныс пен ұсынысты, көлік нарығы конъюнктурасының серпінін талдау негізінде қабылданатын басқарушылық және экономикалық шешімдерді негіздеу мақсатында көлік кәсіпорындарының қызметіне техникалық-экономикалық талдау жүргізу;
– тасымалдау кезінде көлік түрлерінің өзара іс-қимылын, қалалар мен өңірлердің көлік кешендерінің жұмысын ұтымды ұйымдастыру;
– көліктік-логистикалық қызметтер нарығында тасымалдау сапасын қамтамасыз ету мақсатында жолаушыларды тасымалдау мен жүктерді жеткізудің оңтайлы схемаларын әзірлеу;
– көлік процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылын регламенттейтін құжаттамамен және ШРШ, ШРТ жобаларын және қалдықтар паспортын қамтитын экологиялық есептілікпен жұмыс істеу кезінде құзыретті болу;
– жүк түрлері бойынша қойма жабдықтарының параметрлерін оңтайландырумен логистикалық жүк жүйелері мен ағындық процестерді жобалау;
– логистикалық шығындар мен қоршаған ортаға әсерді бағалауды ескере отырып, көлік қызметтері саласындағы материалдық және ілеспе ағындарды ұйымдастыру және басқару;
– нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық экологиялық заңнаманы сақтай отырып, логистикалық жүйелердің жаһандануы жағдайында сыртқы сауда жүктерін жеткізудің көліктік процестерін басқару;
– жүктерді тасымалдаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалана отырып, оңтайлы логистикалық жүйелерді жобалау кезінде геоэкология, отын химиясы, көлік инфрақұрылымы саласындағы білімді пайдалана отырып, қоршаған орта объектілерінің ластану себептерін сәйкестендіру.
«Көлік экологиясы» білім беру бағдарламасын ойдағыдай меңгерген маман логистикалық компанияларда да, көлік және экология саласының кез келген кәсіпорындарында сұранысқа ие болады, өйткені ол: логистикалық менеджер, жүк тасымалдау инженері, өндірістік логистика бойынша менеджер, инженер-эколог, эколог.
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС Жаңаөзен қаласы, «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалы «Жамбыл магистральдық желі филиалы» Түлкібас жол дистанциясы, «»Zhol-Abyz»» ЖШС, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ, «Engineering Solutions & Project» ЖШС, «Azerti Prof» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы, «Oil Services Compani» ЖШС, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті, «Экопроект» ЖК, «Solis ltd. ЖШС.
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС Жаңаөзен қаласы, «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалы «Жамбыл магистральдық желі филиалы» Түлкібас жол дистанциясы, «»Zhol-Abyz»» ЖШС, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ, «Engineering Solutions & Project» ЖШС, «Azerti Prof» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы, «Oil Services Compani» ЖШС, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті, «Экопроект» ЖК, «Solis ltd. ЖШС.