6В07118 ТЕМІР ЖОЛ ЖӘНЕ ЖОЛ МАШИНАЛАРЫ

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

БББ атауы

6B07118 – ТЕМІРЖОЛ ЖӘНЕ ЖОЛ МАШИНАЛАРЫ

Сипаттама

Теміржол және жол машиналарын жобалау, өндіру, пайдалану және жөндеу саласындағы мамандардың сапасына қойылатын жоғарғы талаптарды ескеретін темір жол және автожол саласы үшін кәсіби құзыреттіліктері бар білікті мамандарды даярлау.

6В07118– Теміржол және жол машиналары білім беру бағдарламасы бойынша темір жол және автожол саласы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлау жүзеге асырылады, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Білім беру қызметін жүргізу үшін:

– жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы («ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының 2 иегері, көптеген оқытушылар басқа мемлекеттік марапаттармен марапатталды);

– өндіріспен тығыз байланыс (сала кәсіпорындарында өндірістік практикадан өту, кафедра филиалдарының өндірісте болуы).

– Жаратылыстану-ғылыми пәндерді білу негізінде көлік техникасы нысандарын теориялық және эксперименттік зерттеудің физика-математикалық процестері мен әдістерін сипаттау.

– IT – технологияны дамытудың заманауи тенденцияларын және оларды кәсіби қызметте қолдану жолдарын таңдау.

– Жол және темір жол шаруашылығы кәсіпорындарында қауіпті және зиянды факторларды талдау негізінде тіршілік қауіпсіздігін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін заманауи инженерлік әдістерді қолдану.

– Маркетинг пен менеджменттің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, техника-экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық шешімдерді салыстыру.

– Көлік нысандарын жобалау кезінде жүйелердің сенімділігін есептеу принциптері мен әдістері негізінде машиналар бөлшектері мен тораптарын құрылымдаудың техникалық міндеттерін шешу.

– Электротехниканың негізгі заңдарын ескере отырып, заманауи электр және электронды құрылғыларды жол және темір жол машиналары мен жабдықтарында қолдану нәтижелерін талдау.

– Техникалық стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттамалар негізінде машиналар сенімділігінің құрылымдық параметрлерін кешенді техникалық диагностикалау әдістері мен құралдарын бағалау.

– Пайдаланудың оңтайлы көрсеткіштерін анықтау мақсатында жол және темір жол техникасы тораптары мен агрегаттарының конструктивтік – технологиялық параметрлері мен техникалық жай-күйін негіздеу.

– Автоматтандыру және құжаттаманы рәсімдеу көрсеткіштерін, вариантты жобалау және оңтайландыру әдістерін, роботтардың манипуляциялық жүйелерінің жұмыс процестерін, робототехникалық жүйелерді компьютерлік модельдеуді салыстыру, 3D басып шығару арқылы ТҚК кезеңіндеТҚ-ға арналған  қосалқы бөлшектерді өндіру.

– Заманауи механикаландыру құралдарын қолдана отырып, машиналар тораптарының бөлшектерін дайындау, қалпына келтіру және алмастыру, механизмдер мен жабдықтарды пайдалану, техникалық (сервистік) қызмет көрсету және жөндеу, тасымалдау процесстері мен жол-құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, жолды (темір жолды) жөндеуді кешенді механикаландыру және автоматтандырудың технологиялық процестерін жасау.

– Арнайы пәндерді оқу үшін мемлекеттік және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде кәсіби өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін кәсіби лексика мен негізгі грамматиканы қолдану.

– Әлеуметтік маңызды процестер бойынша білімді қалыптастыру, кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар әдістерін қолдану.

Теміржол және жол машиналары учаскесінің (цехының) шебері; инженер, жөндеу жөніндегі инженер; теміржол және жол машиналарының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор; теміржол және жол машиналары бригадаларының, тартқыш жылжымалы құрамның, арнайы теміржол және жол жылжымалы құрамының бригадалары колоннасына жедел басшылық жасау жөніндегі маман; бұзбайтын бақылау жөніндегі маман; жедел теміржол және жол машиналарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бригадаға басшылық ету; маман-жылу технигі.

Кафедра академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында Мәскеу байланыс және ақпарат техникалық университетімен (МТУСИ) және Мәскеу мемлекеттік байланыс жолдары университетімен (МИИТ), қазіргі РУТ-пен (МИИТ) ынтымақтасады.

«Автокөлік құралдары және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы «MEGA Motors» ЖШС, «Алматы – Достық Экспресс» ЖШС, «MegaDrive» ЖШС сияқты компаниялармен ынтымақтасады.

Бакалаврлар Қазақстанның жетекші компанияларында – «КТЖ – Грузовые перевозки» ЖШС, «Алматы – Достық Экспресс» ЖШС, «MEGA Motors» ЖШС, «MegaDrive» ЖШС, «Кедентранссервис» АҚ-да Достық ст. бойынша тәжірибелердің барлық түрлерінен өтеді. Практикадан өтудің артықшылығы – қаладан  тыс студенттер осы компаниялардың филиалдары бар бүкіл Қазақстан бойынша өздерінің тұрғылықты жері бойынша практикадан өте алады.

Теміржол және жол машиналарын жөндеу жөніндегі слесарь, теміржол және жол машиналары машинисінің көмекшісі.

Приемная комиссия