6В07119 АВТОМОБИЛЬДЕР ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

БББ атауы

6В07119 Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы

Сипаттамасы

Автомобиль және автомобиль шаруашылығын жобалау, өндіру, пайдалану және жөндеу саласындағы мамандардың сапасына қойылатын өсіп келе жатқан талаптарды ескеретін автомобиль саласы үшін кәсіби құзыреттілікке ие кадрларды даярлау.

Логистика және көлік академиясының «Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау» кафедрасы автомобиль көлігі саласында экономиканың барлық салаларында сұранысқа ие мамандарды дайындайды.

Сіз автомобиль көлігі саласындағы үздік оқытушылардан білім ала аласыз:

Баубеков Е. Е. – АЛТ профессоры, 31 жылдық педагогикалық өтілі бар;

Тойлыбаев А. Е. – АЛТ профессоры, көлік компанияларында 6 жылдық жұмыс өтілі, педагогикалық өтілі 26 жыл;

Есенғалиев М. Н. – ассоц. профессор, 6 жылдық еңбек өтілі және 26 жылдық педагогикалық өтілі бар.

ОН:  

-Мамандық бойынша жұмыс істеу кезінде қоғамда болып жатқан әлеуметтік және рухани процестер, тұлғааралық және құқықтық мәселелер саласындағы білімді қолдану.

-Көлік техникасы нысандарының өзара әрекеттесу процесінде жаратылыстану пәндерінің негізгі түсініктері мен іргелі заңдарын қолдану.

-Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби лексика мен базалық грамматиканы қолдана отырып, мәселелерді талдау және шешу.

-Автокөлік саласындағы кәсіби қызмет кезінде IT – технологияның озық жетістіктерін пайдалану.

-Көлік кәсіпорындарында зиянды және қауіпті факторларды талдау негізінде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау бойынша қазіргі заманғы әдістер мен білімді қолдану.

-Көлік саласындағы нарықтық экономиканы талдау негізінде ұйымдастырушылық-экономикалық және басқарушылық шешімдер қабылдау.

-Машиналарды жобалау теориялары мен принциптері негізінде беріктік пен тұрақтылықты есептеу мәселелерін шешу.

-Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамындағы электротехника және заманауи электроника құралдары туралы білім негізінде практикалық мәселелерді шешу.

-Автомобиль көлігін сертификаттау және лицензиялау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама негізінде заманауи диагностикалық құралдарды қолдана отырып, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бөлшектері мен агрегаттарының сенімділік көрсеткіштерін талдау.

-Автомобиль жүйесінің жіктелуін, орналасуын, техникалық сипаттамаларын талдау, автомобиль құрылысының негізгі есептеулеріне және автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының құрылысын жобалауға арналған техникалық мәселелерді шешу.

-Автомобиль бөлшектері мен тораптарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, диагностиканы ұйымдастыру мен технологияларын әзірлеу және автоматтандыру мен механизациялаудың қазіргі заманғы құралдарын қолдана отырып білімдерін көрсету.

-Әр түрлі жол жағдайларында қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігі кәсіпорындарының техникалық деректерін, пайдалану шарттарын, әртүрлі материалдарды қолдану ережелерін және жұмыс көрсеткіштерін талдау.

АТП (ТҚС) учаскесінің (цехының) шебері; жөндеу жөніндегі инженер; техникалық бөлімнің инженері; автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету бригадасын жедел басқару жөніндегі маман, техникалық байқау орталығының бастығы.

Жоғары мектептің талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бүгінде қуатты зертханалық база болуы қажет. Кафедрада білім беру бағдарламасының пәндері бойынша мамандандырылған зертханалар бар.

«АДТС» кафедрасы Киров атындағы «Машинажасау зауыты» АҚ, «Бипек Авто» ЖШС, «Мега Моторс» ЖШС, «Достық Экспресс» ЖШС сияқты компаниялармен сәтті ынтымақтастық жасайды

Студенттер Қазақстанның жетекші көлік компанияларында практиканың барлық түрлерінен өтеді. Практикадан өтудің артықшылығы басқа қаладан келген студенттер практиканы осы компаниялардың филиалдары бар бүкіл Қазақстан бойынша өздерінің тұрғылықты жерлерінде өте алады.

«Халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде ДКР АБЖ бағдарламасын қолдану»

Оспанов Е. К. – «Мега Моторс» ЖШС бас директоры»;

Есенғалиев М. Н. – «АДТС» кафедрасының меңгерушісі, АЛТ.

Приемная комиссия