6В07134 – Автомобилдер, теміржол және құрылыс машиналары

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

БББ атауы

6B07134-АВТОМОБИЛЬДЕР, ТЕМІР ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫ

Сипаттама

Автомобиль және автожол саласы үшін, оның ішінде автомобильдерді, темір жол және құрылыс машиналарын жобалау, өндіру, пайдалану және жөндеу саласындағы мамандардың сапасына қойылатын талаптардың артуын ескеретін осы саладағы кәсіби құзыреттілігі бар білікті кадрларды даярлау.

6B07134-Автомобильдер, темір жол және құрылыс машиналары білім беру бағдарламасы бойынша автокөлік, темір жол және құрылыс машиналарын пайдалану саласы бойынша сұранысқа ие мамандарды даярлау жүзеге асырылады, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Білім беру қызметін жүргізу үшін:

– жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы («ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының 2 иегері, көптеген оқытушылар басқа да мемлекеттік марапаттармен марапатталған);

– өндіріспен тығыз байланыс (сала кәсіпорындарында өндірістік практикадан өту);

– кафедра филиалдарының өндірісте болуы.

– Көлік техникасы объектілерінің өзара әрекеттесу процестеріндегі жаратылыстану пәндерінің негізгі ұғымдары мен іргелі заңдарын сипаттау.

 – Автокөлік саласындағы кәсіби қызмет кезінде IT-технологияның озық жетістіктерін таңдау.

 – Көлік кәсіпорындарындағы зиянды және қауіпті факторларды талдау негізінде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау бойынша заманауи әдістер мен білімді пайдалану.

              – Көлік саласындағы нарықтық экономиканы талдау негізінде ұйымдастырушылық-экономикалық және басқарушылық шешімдерді салыстыру.

– Машиналарды жобалау теориялары мен принциптері негізінде беріктік пен орнықтылықты есептеу мәселелерін шешу.

 – Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамындағы электротехника мен заманауи электроника құралдарын білу негізінде практикалық міндеттерді талдау.

 – Автомобиль көлігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама негізінде заманауи диагностика құралдарын қолдана отырып, автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының бөлшектері мен агрегаттарының сенімділік көрсеткіштерін бағалау.

 – Автомобильдер жүйесінің жіктелуін, орналасуын, техникалық сипаттамаларын негіздеу, автомобильдер конструкциясының негізгі есептеулері бойынша және автомобильдер мен технологиялық жабдықтардың конструкциясын жобалау бойынша техникалық міндеттерді шешу.

 – Заманауи автоматтандыру және механикаландыру құралдарын қолдана отырып, автомобильдер мен жабдықтардың бөлшектерін, тораптарын диагностикалауды, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді ұйымдастырудың технологиялары мен нысандарын әзірлеу.

– Әртүрлі жол жағдайларында оларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында автомобиль көлігі кәсіпорындарының техникалық деректерін, пайдалану шарттарын, әртүрлі материалдарды қолдану қағидаларын және жұмыс көрсеткіштерін салыстыру.

– Арнайы пәндерді оқу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби лексика мен базалық грамматиканы қолдану мәселелерін қолдану және шешу.

– Қоғамда болып жатқан әлеуметтік және рухани процестер, мамандық бойынша жұмыс кезінде тұлғааралық және құқықтық мәселелер туралы білімді қалыптастыру.

Автокөлік кәсіпорнының (техникалық қызмет көрсету станциясының) учаскесінің (цехының) шебері; инженер механик; автомобильдерді, құрылыс және темір жол машиналарын жөндеу жөніндегі инженер; техникалық бөлімнің инженері; көлік техникасын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бригаданы жедел басқару жөніндегі маман, техникалық байқау орталығының бастығы.

Кафедра академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында Мәскеу байланыс және ақпарат техникалық университетімен (МТУСИ) және Мәскеу автожол институтымен  (МАДИ)  ынтымақтасады.

«Автокөлік құралдары және өмір тіршілігі қауіпсіздігі» кафедрасы «MEGA Motors» ЖШС, «Алматы – Достық Экспресс» ЖШС, «MegaDrive» ЖШС, «Алматы жолдары» ЖШС  сияқты компаниялармен ынтымақтасады.

Бакалаврлар Қазақстанның жетекші компанияларында: «Алматы – Достық Экспресс» ЖШС, «MEGA Motors» ЖШС, «MegaDrive» ЖШС, «Алматы жолдары» ЖШС бойынша тәжірибелердің барлық түрлерінен өтеді. Практикадан өтудің артықшылығы–қаладан тыс студенттер осы компаниялардың филиалдары бар бүкіл Қазақстан бойынша өздерінің тұрғылықты жері бойынша практикадан өте алады.

Автомобильдерді, темір жол және құрылыс машиналарын жөндеу жөніндегі слесарь

Приемная комиссия