7M07148 АВТОМОБИЛЬ ЖӘНЕ ЖОЛ ТЕХНИКАСЫ
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
БББ атауы |
7M07148 Автомобиль және жол техникасы |
Сипаттамасы |
Ғылым мен техниканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген автомобильдер және жол техникасын жобалау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті ғылыми-педагогикалық бағыттағы білікті мамандарды даярлау. |
- Басқа ЖОО айырмашылығы
- Иеленетін оқыту нәтижелері
- Түлектер кім болып жұмыс істейді
- Халықаралық бағдарламалар (серіктес ЖОО)
- Серіктес компаниялар
- Стажировка және практика бағдарламасы
- Сертификаттар (егер қосымша берілсе)
7М07148 «Автомобиль және жол техникасы» білім беру бағдарламасы бойынша теміржол көлігі үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауда, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру қызметін жүргізу үшін:
– жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы («Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері – 2, көптеген оқытушылар басқа мемлекеттік марапаттармен марапатталған);
– өндіріспен тығыз байланыс (сала кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өту, өндірісте кафедра филиалдарының болуы);
– дамыған зертханалық-техникалық базамен қамтылған.
ОН:
-Қоғамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, менеджмент және маркетинг әдістерін қолдана отырып, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдер қабылдау.
-Ғылыми эксперименттер мен зерттеулердің нәтижелерін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде тұжырымдау..
-Математикалық статистика, жүйелік талдау, модельдеу және автоматтандырылған жобалау әдістерін қолдана отырып, ғылыми әзірлемелер мен кәсіби жұмыс кезінде инженерлік мәселелерді шешу.
-Мамандық бойынша жұмыс істеу кезінде конструкторлық-технологиялық, нормативтік-техникалық, оқу-ғылыми құжаттамаларға талдау жасау.
-Заманауи инновациялық технологияларды қолдану арқылы машиналарды өндірудің өзіндік құнын төмендету тұжырымдамасын қолдана отырып, автомобильдер мен жол техникасының түйіндерінің, агрегаттарының және жұмыс органдарының жаңа конструкцияларын жобалау мәселелерін шешу.
-Автокөлік қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін техникалық – экономикалық көрсеткіштерді анықтай отырып, сапа бойынша қазіргі заманғы талаптар негізінде автомобильдер мен жол техникасының пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша оңтайлы шешімдер әзірлеу.
-Нормативтік-құқықтық база мен мемлекеттік стандарттар негізінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шеше отырып, автокөлік құралдарының перспективалық түрлерін талдау.
-Заманауи диагностикалық құралдарды қолдана отырып, оның сенімділік көрсеткіштерін болжау негізінде автомобильдер мен жол техникасын жөндеу үшін диагностиканы, сервистік және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың технологияларын әзірлеу.
-Ғылым тарихы мен философиясын ғылыми-гуманитарлық, жаратылыстану, қолданбалы және техникалық білім жүйесі ретінде талдау.
-Жоғары білім беру саласында қазіргі заманғы технологияларды қолдануға байланысты ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешу.
– автомобиль көлігі мен жол техникасының жылжымалы құрамын пайдалану жөніндегі инженер;
– жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі инженер;
– автомобиль көлігі және жол техникасын ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы;
– зерттеуші;
– білім менеджері;
– ЖОО әдіскері;
– ғылыми қызметкері.
Жоғары мектептің талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бүгінде қуатты зертханалық база болуы қажет. Кафедрада білім беру бағдарламасының пәндері бойынша мамандандырылған зертханалар бар.
«АДТС» кафедрасы Киров атындағы «Машинажасау зауыты» АҚ, «Бипек Авто» ЖШС, «Мега Моторс» ЖШС, «Достық Экспресс» ЖШС сияқты компаниялармен сәтті ынтымақтастық жасайды
Магистрлер Қазақстанның жетекші көлік компанияларында практиканың барлық түрлерінен өтеді. Практикадан өтудің артықшылығы басқа қаладан келген студенттер практиканы осы компаниялардың филиалдары бар бүкіл Қазақстан бойынша өздерінің тұрғылықты жерлерінде өте алады.
Қарастырылмаған.