БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6В07177 — Мұнай және газ тасымалдау инженериясы

Инновациялық-кәсіби құзыреттері мен өзекті және өндірістік міндеттерді шешу дағдылары бар көлік құрылыстарын пайдалану бойынша мұнайгаз саласы үшін еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау.

Бағдарламаны аяқтаған түлектер күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, өндірістік (техникалық, өндірістік-техникалық) бөлімнің бастығы, учаске (цех) бастығы, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы, еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы, аспаптық бөлімнің бастығы, өндірістік зертхананың бастығы (өндірісті бақылау бойынша), сапаны бақылау бөлімінің бастығы, мұнайгаз зертханасының бастығы, учаске шебері (мұнайгаз шебері), жұмыс өндіруші (прораб), өндірістік оқыту шебері, бригадир, жоба басшысы, жоба менеджері, жетекші инженер, инженер-жобалаушы, инженер-технолог (технолог), жөндеу жөніндегі метрология жөніндегі инженер, еңбекті ұйымдастыру жөніндегі инженер, еңбекті нормалау жөніндегі инженер, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер (эколог), инженер-зертханашы, инженер, бас маман, жетекші маман, маман, техник-жобалаушы, учаске технигі, техник-технолог, құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі техник, метрология жөніндегі техник, еңбек жөніндегі техник, техник, техник-зертханашы, зертханашы болып жұмыс істей алады.

Оқыту заманауи цифрлық технологиялар арқылы жүргізіледі: практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар, жобалық оқыту және стартап-бағдарланған тапсырмалар қарастырылған. Сабақтар қазақ, орыс тілдерінде өткізіледі. Студенттер нақты өндірістік жобалармен жұмыс істеп, өздерінің кәсіби портфолиосын қалыптастырады.

Бағдарлама барысында студенттер келесі бағыттарды меңгереді:

Студенттер келесі бағыттарды оқиды:

  • Мұнай және газ құбырларының жүйесі.
  • Гидравлика және гидрогазмеханика негіздері
  • Мұнай және газ тасымалдау процестері
  • Құбыр жүйелерін пайдалану және күтіп ұстау
  • Құрылыс және жобалау негіздері
  • Ақпараттық және автоматтандыру жүйелері
  • Экономика, экология және энергия тиімділігі

Студенттер үшін заманауи жабдықталған компьютерлік зертханалар, сервер бөлмелері, виртуалды оқу орталықтары мен инновациялық зерттеу алаңдары бар. Университет оқу процесінде нақты өндірістік ортаға жақын жағдай жасайды.

Бағдарлама Erasmus+, және басқа да халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді. Студенттер шетелдік серіктес университеттерде  тағылымдамадан өте алады. Сонымен қатар, ALT University жанындағы «StartupHub» арқылы өз инновациялық жобаларын жүзеге асырып, кәсіпкерлік дағдыларын дамыта алады.

Университет студенттеріне жайлы жатақханалар ұсынылады. Әрбір студент үйінде оқу мен демалысқа арналған барлық жағдай жасалған: Wi-Fi, ас үй, кітапхана және демалыс бөлмелері бар.

Әскери кафедра студенттерге офицерлік дайындықтан өтуге мүмкіндік береді. Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге запастағы лейтенант әскери атағы беріледі.

Skip to content
Приемная комиссия