БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
6В07348 – Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы
- Бағдарлама туралы не білу керек?
- Қандай маман бола аласың?
- Оқу қалай жүзеге асады?
- Не үйренесіңіз?
- Материалдық-техникалық база
- Халықаралық мүмкіндіктер, мансап және кәсіпкерлік
- Студенттік үйлер
- Әскери кафедра
Инновациялық-кәсіби құзыреттері мен өзекті және өндірістік міндеттерді шешу дағдылары бар көлік құрылыстарын пайдалану бойынша автомобиль жол саласы үшін еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау.
Бағдарламаны аяқтаған түлектер күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, өндірістік (техникалық, өндірістік-техникалық) бөлімнің бастығы, учаске (цех) бастығы, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы, еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы, аспаптық бөлімнің бастығы, өндірістік зертхананың бастығы (өндірісті бақылау бойынша), сапаны бақылау бөлімінің бастығы, жол зертханасының бастығы, учаске шебері (жол шебері), жұмыс өндіруші (прораб), өндірістік оқыту шебері, бригадир, жоба басшысы, жоба менеджері, жетекші инженер, инженер-жобалаушы, инженер-технолог (технолог), жөндеу жөніндегі метрология жөніндегі инженер, еңбекті ұйымдастыру жөніндегі инженер, еңбекті нормалау жөніндегі инженер, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер (эколог), инженер-зертханашы, инженер, бас маман, жетекші маман, маман, техник-жобалаушы, учаске технигі, техник-технолог, құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі техник, метрология жөніндегі техник, еңбек жөніндегі техник, техник, техник-зертханашы, зертханашы болып жұмыс істей алады.
Оқыту заманауи цифрлық технологиялар арқылы жүргізіледі: практикалықсабақтар, зертханалық жұмыстар, жобалық оқыту және стартап-бағдарланған тапсырмаларқарастырылған. Сабақтар қазақ, орыс тілдерінде өткізіледі. Студенттер нақты өндірістік жобалармен жұмыс істеп, өздерінің кәсіби портфолиосын қалыптастырады.
Бағдарлама барысында студенттер келесі бағыттарды меңгереді:
Студенттер келесі бағыттарды оқиды:
— Автомобиль жолдарын іздестіру және жобалау
— Жол құрылысына арналған құрылыс материалдары
-Автомобиль жолдары құрылыс технологиясын салу
— Жол құрылыстарының сапасын бақылау
— Автомобиль жолдарын пайдалану
— Жол және аэродром құрылысының экологиялық аспектілері
— Инженерлік геология және топырақтану
— Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылыстарының тұрақтылығы мен беріктігі
Студенттер үшін заманауи жабдықталған компьютерлік зертханалар, сервер бөлмелері, виртуалды оқу орталықтары мен инновациялық зерттеу алаңдары бар. Университет оқу процесінде нақты өндірістік ортаға жақын жағдай жасайды.
Бағдарлама Erasmus+, және басқа да халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді. Студенттер шетелдік серіктес университеттерде тағылымдамадан өте алады. Сонымен қатар, ALT University жанындағы «StartupHub» арқылы өз инновациялық жобаларын жүзеге асырып, кәсіпкерлік дағдыларын дамыта алады.
Университет студенттеріне жайлы жатақханалар ұсынылады. Әрбір студент үйінде оқу мен демалысқа арналған барлық жағдай жасалған: Wi-Fi, ас үй, кітапхана және демалыс бөлмелері бар.
Әскери кафедра студенттерге офицерлік дайындықтан өтуге мүмкіндік береді. Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге запастағы лейтенант әскери атағы беріледі.