БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
6В04145 – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
СИПАТТАМАСЫ
Халықаралық бизнестің жүйелі білімдері бар, жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып халықаралық нарықтарға шығудың тиімді стратегияларын әзірлеп жүзеге асыра алатын, халықаралық сауда саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
- БАСҚА ЖОО-ЛАРДАН АЙРЫМШЫЛЫҒЫ
- ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
- ҚАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?
- ОҚУ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
- МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ:
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР, МАНСАП ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК:
- СЕРІКТЕС КОМПАНИЯЛАР
- СТУДЕНТТЕР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ТҰРАҚТАР:
- ӘСКЕРИ КАФЕДРА:
«Халықаралық сауда» білім беру бағдарламасы бойынша оқу «Тасымалдау қызметтері мен бизнес» кафедрасының жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы арқылы жүргізіледі. Олар болашақ мамандарға кәсіби тәжірибелік дағдыларды игеруге көмектеседі, бұл қызықты жұмыс тауып қана қоймай, табысты мансап құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі цифрлық трансформация жағдайында халықаралық талаптарды ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау контекстінде тұрақты технологиялардың қағидаларын түсіндіру, жасыл экономиканың негізгі элементтерін талдау.
Цифрлық технологиялардың білімге (инклюзия тұрғысынан) және бизнеске қолжетімділікке әсерін бағалау, ғылыми зерттеу әдістері мен кәсіпкерлік қызмет пен өмір қауіпсіздігін реттейтін құқықтық нормаларды қолдану.
Кәсіби салада халықаралық сауда, еңбек қатынастары, сатып алу-сату шарттарын жасау және сүйемелдеу саласындағы құқықтық аспектілерді қолдану.
Аудиторлық рәсімдер негізінде қаржылық құжаттардың дұрыстығын анықтау, математикалық әдістер, жасанды интеллект мүмкіндіктері және қаржылық есептілік негізінде компанияны басқару моделін қалыптастыру.
Бизнестегі міндеттерді шешу үшін АКТ құралдары мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін біріктіру, қосымшалар әзірлеу, веб-беттер құрылымын, 1С бағдарламасындағы қаржылық есептілікті талдау, тәуекелдерді анықтау және қорытынды шығару.
Компанияның сыртқы саудадағы тиімді маркетингтік стратегияларын нарықтардың ерекшеліктері мен халықаралық стандарттарды ескере отырып әзірлеу.
Мәдениетаралық ортада тиімді келіссөздер стратегияларын таңдау, шетел тілдері бойынша білімді пайдалана отырып серіктестер мінез-құлқын мәдени ерекшеліктерге сай бағалау және іскерлік байланыстар орнату.
Тауарларды халықаралық жеткізуді экономикалық, саяси және мәдени-құқықтық факторларды ескере отырып, тасымалдаудың оңтайлы схемаларын және кедендік реттеу ерекшеліктерін пайдаланып ұйымдастыру.
Елдер арасындағы сыртқы сауданың ерекшеліктері мен әртүрлі құралдарды қолдана отырып халықаралық қаржы операцияларын жүргізу.
Маркетингтік зерттеу әдістері мен жасанды интеллект арқылы нарықты талдау, басқарушылық шешімдерді негіздеу: стратегия әзірлеу, жарнамалық науқандар жүргізу, сату процесін басқару.
Маркетингтік зерттеулер негізінде брендті нарықта позициялау стратегиясын жобалау, визуалды мерчендайзинг қағидалары мен компания мен өнімнің артықшылықтарын тиімді жариялау.
Еңбек заңнамасын және кәсіби міндеттерді басымдыққа алу тәсілдерін ескере отырып, кадрларды іріктеу, бағалау және жеке уақытты басқару әдістерін таңдау.
Халықаралық жеткізілім менеджері, халықаралық жобалар координаторы, халықаралық бизнесті дамыту менеджері, халықаралық нарықтардың бизнес-талдаушысы, халықаралық тасымалдау логистігі, шетел нарықтары бренд-менеджері, халықаралық есеп айырысу маманы (банктерде), кеден брокері/декларант.
Теория + алғашқы курсынан бастап күшті практика!
Дуалды оқыту – оқумен қатар серіктес компанияларда жұмыс істеу. 2-курстан бастап нақты тәжірибе мен табыс алу мүмкіндігі. Стажировкалар мен жұмыс оқудан тысқары емес.
IT-ортасында дамыту: сіз жай логист емессіз – заманауи цифрлық құралдарға (SAP, 1С: SCM, Power BI, Tableau, TMS, WMS, Python, Excel PRO деңгейі) ие боласыз.
Логистикалық процестердің нақты модельдері бар оқу зертханалары.
Жеткізілім тізбегін, цифрлық ағындарды және болашақ қоймаларды басқару бойынша кейстер.
Халықаралық сертификаттар (Coursera) – әлемнің үздік университеттерінен логистика, жеткізілім тізбегін басқару, цифрлық аналитика курстары.
Логистика саласында шетел тілін меңгеру – жаһандық мансапқа бонус.
Бизнес тәлімгерлері – белсенді мамандар мен менеджерлердің жеке қолдауы.
Шетелдік ЖОО-ларда академиялық ұтқырлық, Еуропа және Азия университеттерінде алмасу мүмкіндіктері: Қытай, Польша, Германия, Англия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан.
Көлік қызметтері мен бизнес» кафедрасы АО «Қазақстан темір жолы», Қазақстан ұлттық экспедиторлар қауымдастығы, ҚР БҒМ ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, «Тасымалдау және коммуникациялар ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС, «ЭкоЭнергоГаз» ЖШС, «ҚТЖ-Жүк тасымалдау» ЖШС Алматы филиалы, «Қамқор Вагон» ЖШС, Алматы-1 станциясының вагон-доңғалақ шеберханалары сияқты компаниялармен тығыз ынтымақтастықта.
Ыңғайлы және қауіпсіз бөлмелер;
Wi-Fi, демалыс аймақтары, асүйлер;
Мәдени және спорттық шаралар.
Оқудан шықпай офицерлер мен сержанттар резервін даярлау.