БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6В04148 — Қаржы

БББ атауы

6В04148 — Қаржы

Сипаттама

Болашақ қаржыгерлерді ұйымның қаржылық қызметін тиімді басқаруға, инвестициялық шешімдер қабылдауға, тәуекелдерді басқаруға, қаржы нарықтарын талдауға және экономикалық процестерге болжам жасауға қабілетті білікті мамандар ретінде дайындау.

Студенттерді даярлау тәжірибеге бағдарланған тәсілге негізделеді. Бұл болашақ қаржыгерлерді нарық талаптарына сай келетін қолданбалы дағдылармен қамтамасыз етеді. Сабақтар және оқу процесі келесі салалардағы тәжірибешілердің, қаржылық сарапшылардың және бизнес-консультанттардың белсенді қатысуымен өтеді: Студенттер практикалық тапсырмалар мен кейс-стадилер арқылы қаржылық операцияларды жүргізу және қарапайым қаржылық шешімдер қабылдаудың бастапқы дағдыларын меңгереді.

Огромный багаж знаний и опыта в области логистики готовы дать лучшие преподаватели-практики кафедры:

Изтелеуова М.С. – доктор технических наук, профессор, имеет стаж более 40 лет в области транспортной логистики, реинжиниринга бизнес-процессов, экспедирования грузовых перевозок.

Мусабаев Б.К. – профессор Академии логистики и транспорта, доктор технических наук, имеет более 30 лет стажа в области  организации грузовых перевозок и коммерческой деятельности на железнодорожном транспорте.

Мурзабекова К.А. – ассоциированный профессор, кандидат технических наук, доцент, имеет более 20 лет трудового стажа в области транспортные услуг и складской логистики.

Оқыту нәтижелері:

— Цифрлық қаржылық талдау: Big Data және цифрлық құралдарды пайдаланып, қаржылық деректерді талдау және басқару шешімдерін қабылдау үшін түсіндіру.

— Инвестициялық модельдеу: инвестициялық жобалар мен капитал құрылымын ескере отырып, қаржылық модельдерді жобалау және стратегиялық қаржыландыру жолдарын әзірлеу.

— Тәуекелдерді бағалау: нарықтық және несиелік тәуекелдерді ескере отырып, тәуекелдерді басқару стратегияларының тиімділігін бағалау.

— Кәсіби коммуникация: шет тілінде қаржылық есептілік пен ұсыныстарды жаһандық іскерлік ортада ауызша және жазбаша дәлелдеу.

— Процестерді оңтайландыру: бюджеттеу және есеп айырысу сияқты қаржылық процестерді оңтайландыру үшін үнемді өндіріс (Lean) тұжырымдамаларын қолдану.

— Стратегиялық синтез: тұрақты бәсекелестік артықшылықтарға жету үшін стратегиялық басқару және цифрлық талдау әдістерін біріктіру.

  • Қаржылық талдаушы (Fin-аналитик)
  • Қаржылық менеджер
  • Инвестициялық талдаушы
  • Кредиттік маман / Тәуекелдерді басқару маманы
  • Қаржылық деректер талдаушысы
  • Бюджеттеу және жоспарлау маманы
  • Казначейлік маманы
  • FinTech жобалар менеджері
  • Қаржылық кеңесші / Аудитор

Кафедра академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламасы, сондай-ақ білім алушылардың ғылыми тағылымдамасы аясында тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді:

— Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университеті (ОмГУПС), РФ, Омбы қ.;

— Орал мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Уups), РФ, Екатеринбург қ.;

— Варна техникалық университеті, Болгария, Варна қ.

— Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университеті (СГУПС), РФ, Новосибирск қ.;

 — Ташкент мемлекеттік көлік университеті, Ташкент қ.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы » АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы, ЖШС » ККҒЗИ»

Білім алушылар Қазақстан мен шетелдің ғылыми-зерттеу ұйымдарының базасында тәжірибенің барлық түрлерінен өтеді.

Skip to content
Приемная комиссия