БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
6В04148 — Қаржы
|
БББ атауы |
6В04148 — Қаржы |
|
Сипаттама |
Болашақ қаржыгерлерді ұйымның қаржылық қызметін тиімді басқаруға, инвестициялық шешімдер қабылдауға, тәуекелдерді басқаруға, қаржы нарықтарын талдауға және экономикалық процестерге болжам жасауға қабілетті білікті мамандар ретінде дайындау. |
- Басқа ЖОО айырмашылығы
- Оқыту нәтижелері
- Түлектер кім болып жұмыс жасайды
- Халықаралық бағдарламалар (серіктес ЖОО)
- Серіктес компаниялар
- Стажировка және практика бағдарламасы
Көлік қызметтері және бизнес кафедрасы «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы болашақ мамандарға серіктестермен ұжымда жұмыс істеу үшін қажетті практикалық пайдалы дағдыларды игеруге көмектеседі, бұл оларға өз білімдерін жүзеге асыруға және табысты мансап құруға мүмкіндік береді.
Студенттер оқу барысында қонақ дәрістерін өткізу кезінде, сондай-ақ практикалық семинарларда бизнес және басқару саласындағы жетекші сарапшылармен кездесуге мүмкіндік алады.
Профессорлық-оқытушылық құрам ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын және практикалық жұмыс дағдылары бар тәжірибелі қызметкерлерден құралған.
Даубаев Канат Жаксымуратович — э.ғ.д., профессор, «Логистика және бизнес» институтының директоры. 20-дан астам ғылыми жарияланымдары бар, сондай-ақ Web of Sience, Scopus базаларында индекстелетін жарияланымдары бар.
Бағаева Нәзікен Ұзаққызы — ALT қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты. Экономикалық және пәнаралық зерттеулер саласында, оның ішінде: әлемдік экономика, туризм, кәсіпкерлікті дамыту, адами капитал және т.б. бойынша маманданған. 7 гранттық жобада және 5 бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасында жауапты орындаушы болды
Сугурова Айнур Жанатбековна — экономика ғылымдарының кандидаты. ККСОН ұсынған журналдарда, сондай-ақ ел ішінде де, шетелде де халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында 20-дан астам ғылыми жарияланымдары бар, ҚазАТК ректорының грамотасымен марапатталған. М. Тынышпаева, Экономика және менеджмент білім беру бағдарламасына жауапты (бакалавриат деңгейі)
Оқыту нәтижелері:
— Цифрлық қаржылық талдау: Big Data және цифрлық құралдарды пайдаланып, қаржылық деректерді талдау және басқару шешімдерін қабылдау үшін түсіндіру.
— Инвестициялық модельдеу: инвестициялық жобалар мен капитал құрылымын ескере отырып, қаржылық модельдерді жобалау және стратегиялық қаржыландыру жолдарын әзірлеу.
— Тәуекелдерді бағалау: нарықтық және несиелік тәуекелдерді ескере отырып, тәуекелдерді басқару стратегияларының тиімділігін бағалау.
— Кәсіби коммуникация: шет тілінде қаржылық есептілік пен ұсыныстарды жаһандық іскерлік ортада ауызша және жазбаша дәлелдеу.
— Процестерді оңтайландыру: бюджеттеу және есеп айырысу сияқты қаржылық процестерді оңтайландыру үшін үнемді өндіріс (Lean) тұжырымдамаларын қолдану.
— Стратегиялық синтез: тұрақты бәсекелестік артықшылықтарға жету үшін стратегиялық басқару және цифрлық талдау әдістерін біріктіру.
- Қаржылық талдаушы (Fin-аналитик)
- Қаржылық менеджер
- Инвестициялық талдаушы
- Кредиттік маман / Тәуекелдерді басқару маманы
- Қаржылық деректер талдаушысы
- Бюджеттеу және жоспарлау маманы
- Казначейлік маманы
- FinTech жобалар менеджері
- Қаржылық кеңесші / Аудитор
Кафедра академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламасы, сондай-ақ білім алушылардың ғылыми тағылымдамасы аясында тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді:
— Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университеті (ОмГУПС), РФ, Омбы қ.;
— Орал мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Уups), РФ, Екатеринбург қ.;
— Варна техникалық университеті, Болгария, Варна қ.
— Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университеті (СГУПС), РФ, Новосибирск қ.;
— Ташкент мемлекеттік көлік университеті, Ташкент қ.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы » АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы, ЖШС » ККҒЗИ»
Білім алушылар Қазақстан мен шетелдің ғылыми-зерттеу ұйымдарының базасында тәжірибенің барлық түрлерінен өтеді.