БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6В07186 – КӨЛІК ПРОЦЕСТЕРІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ТЕМІР ЖОЛДАРДЫҢ ЭКСПЛУАТАЦИЯСЫ

СИПАТТАМАСЫ
Көлік процестерін басқару, теміржол көлігінің эксплуатациясы мен техникалық қызмет көрсету саласында қазіргі заманғы технологиялар мен әдістерді қолдана отырып, саланың қауіпсіздігі, сенімділігі және тиімділігін қамтамасыз ететін мамандарды даярлау.

Сіз жоғары білікті маман боласыз, ол
пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде басқарады;
пойыздардың қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін бақылауда ұстайды.

оқу нәтижелері
РО1 Әлеуметтік-саяси жүйелерді, психологияны, құқық негіздерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті түсіне отырып, кешенді дүниетаным, сыни ойлау және әлеуметтік бейімделуге дайындықты көрсету, сондай-ақ салауатты өмір салты дағдыларын дамыту.
РО2 Мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде кәсіби терминологияны пайдалана отырып, көлік процестерін басқару және темір жолдарды эксплуатациялау мәселелерін шешуде тілдік дағдыларды қолдану.
РО3 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бағдарламалау және жасанды интеллектіні біріктіре отырып, теміржолдағы тасымалдау процестерін басқаруға арналған интеллектуалды жүйелерді әзірлеу; цифрлық инклюзия және «Ақылды қала» технологияларын пайдалану арқылы тасымалдау тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру.
РО4 Қоршаған ортаға әсерді азайту және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты технологиялық шешімдер мен еңбекті қорғау шараларын әзірлеу және енгізу, сонымен қатар экологиялық тәуекелдер мен көлік қауіпсіздігіне қатерлерді талдау.
РО5 Теміржол көлігін басқару шешімдерін жасыл экономика принциптері тұрғысынан бағалау, саланың тұрақты дамуы стратегияларын әзірлеу, қаржылық талдау және уақытты басқару дағдыларын пайдалану арқылы қойылған мақсаттарға жету.
РО6 Көлік процестері мен теміржолды эксплуатациялау саласындағы ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуге арналған модельдер мен әдістерді әзірлеу; физикалық процестер мен механикалық жүйелерді талдау, математикалық аппарат пен физика заңдарын қолдану, теориялық механика әдістерін пайдалану арқылы техникалық шешімдерді негіздеу және оңтайландыру; ғылыми зерттеулер талаптарын ескеру.
РО7 Теміржол станциялары, түйіндері мен учаскелерін эксплуатациялауды басқару; технологиялық процестерді оңтайландыру, вагон ағымдарын ұйымдастыру және пойыз қозғалысын жедел басқару әдістерін қолдану; қауіпсіздік, тасымалдаудың ритмикалығы мен ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында қазіргі ақпараттық технологиялар мен автоматтандырылған жүйелерді пайдалану.
РО8 Көлік-логистикалық жүйелердің құрылымы мен басқару принциптерін талдау, әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттестігі мен терминалдардың жұмыс технологиялары; интеллектуалды технологиялар (RFID, IoT, сенсорлық желілер) және жеткізу тізбегін басқарудың қазіргі әдістерін қолданып, көлік ағындарын оңтайландыру, клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту және логистикалық шығындарды төмендету стратегияларын әзірлеу.
РО9 Теміржол көлігін эксплуатациялаудың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға арналған шешімдерді оңтайландыру; жүйенің конструктивтік және эксплуатациялық ерекшеліктерін ескере отырып, подвижной құрам, инфрақұрылым және технологиялық процестердің станциялар мен түйіндердегі өзара әрекеттесуін бағалау.
РО10 Әртүрлі көлік түрлерінде жолаушылар тасымалын жоспарлау және басқару; жолаушылар ағындарын қалыптастыру және реттеу, маршруттық желіні оңтайландыру және қызмет сапасын арттыру әдістерін қолдану; нормативтік-құқықтық база мен жолаушылар кешендері мен жоғары жылдамдықты магистральдар жұмысының ұйымдастырылу дағдыларын меңгеру, инновациялық технологияларды пайдалана отырып.
РО11 Теміржол көлігіндегі жүк тасымалының нормативтік-құқықтық базасын, технологиялық процестерін және коммерциялық аспектілерін зерттеу; қосымша станциялар мен келу жолдарының жұмысын қоса алғанда; жүк тасымалы мен коммерциялық қызметтің тиімділігі, қауіпсіздігі және клиентке бағытталғандылығын арттыру үшін шешімдер әзірлеу және оңтайландыру.
РО12 Теміржол көлігіндегі қозғалыстың қауіпсіздігін арттыру және заңсыз араласуды болдырмау үшін кешенді шешімдер жасау және жүзеге асыру; көлік қауіпсіздігі, қозғалысты басқару жүйелері және жолаушыларды қорғау бойынша нормативтік-құқықтық және техникалық талаптарды талдау; теміржол көлігінің сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Пойыз қозғалысын оперативті диспетчерлік басқару инженері;
Көлік компанияларындағы инженер-талдаушы;
Көлік саласының сарапшысы;
Ғылыми-зерттеу институттарында және халықаралық корпорацияларда жұмыс істеу мүмкіндігі.

Теория + алғашқы курсынан бастап күшті практика!
Көлік жүйелерін модельдеу, маршруттарды оңтайландыру, қойма процестерін басқару үшін заманауи бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс (SUMO, Яндекс.Маршрутизация, Google Maps Platform, SAP EWM, TMS, Anylogic және т.б.);
Кейстер, стажировкалар және хакатондарға қатысу;
Жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам.

Негізгі пәндер:
Теміржол учаскелерінің эксплуатациялық жұмысын басқару;
Теміржол көлігіндегі техникалық реттеу және қозғалыс қауіпсіздігі;
Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және басқару;
Теміржолдағы жүк тасымалы мен коммерциялық жұмыс;
Қосымша станциялардың және келу жолдарының технологиясы;
Көлік терминалдарының жұмыс технологиясы;
Жолаушылар кешенінің инновациялық инфрақұрылымы;
Теміржол станциялары мен түйіндерін басқарудың заманауи технологиялары.

Көлік-логистикалық модельдеу үшін заманауи компьютерлік сыныптар;
Диспетчерлік дағдыларды жетілдіруге арналған тренажерлік кешендер;
Көлік жоспарлау үшін дерекқорлар мен аналитикалық құралдарға қолжетімділік.

Әлемнің жетекші ЖОО-мен академиялық мобильдік және екі дипломды бағдарламалар;
Қарқынды дамып келе жатқан салада жоғары еңбекқа қабілеттілік;
Ірі көлік және логистика компанияларымен әріптестік, табысты мансап пен кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктер.

АО «Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы»», КГП «Метрополитен», ТОО «Azurite Railway Solutions», Ғылыми-зерттеу орталығы «Жүк тасымалдау процесін дамыту», ТОО «ТрансКом», АО «Қазтеміртранс», АО «Кедентранссервис», АО «KTZ EXPRESS», «Atasu Group», ТОО «DosjanTemirJoly», АО «Жолаушылар тасымалы», ТОО «Алматыэлектротранс», АО «КАСКОР-ТРАНССЕРВИС».

Жайлылығы мен қауіпсіздігі жоғары бөлмелер;
Wi-Fi, демалыс аймақтары, асүйлер;
Мәдени және спорттық іс-шаралар.

Офицерлер мен сержанттарды оқуын үзбей даярлау.

Skip to content
Приемная комиссия