БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
6В11368 – Халықаралық логистика
СИПАТТАМАСЫ
Нарықтың жаһандану жағдайында интеграциялық және инновациялық тәсілдер негізінде экономикалық кеңістік құру үшін халықаралық жеткізу тізбегін басқару және логистика саласындағы білікті мамандарды дайындау.
БАСҚА ЖОО-ДАН ЕРЕКШЕЛІГІ
Халықаралық логистика — бұл логистика саласындағы ағылшын тіліндегі бакалавриат бағдарламасы, ол толықтай халықаралық нарық пен жаһандық жеткізу тізбегіне бағытталған, кәсіби ортада іскерлік ағылшын және қытай тілдерін дамытады, кез келген елде және салада қажет болатын білім мен дағдылар береді.
ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕТІН ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ОН 1 Басқару шешімдерін негіздеу үшін бизнес-математика, қаржылық сауаттылық, тұрақты даму және жасыл экономика принциптерін ескере отырып сандық талдау әдістерін қолдану; құқықтық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеулер шеңберінде логистикалық жүйелердің экономикалық-математикалық модельдерін әзірлеу.
ОН 2 Халықаралық тасымалдауда басқару жүйелерін талдау және модельдеу үшін бағдарламалық құралдар мен қосымшаларды пайдалану, бизнес-процестерді басқару әдістерін қолдану.
ОН 3 Басқарушылық экономиканың принциптерін пайдалана отырып, логистикада негізделген бизнес-жоспарлар әзірлеу, логистикалық стартаптарды жобалау, уақытты басқару және іскерлік коммуникацияларды тиімді пайдалану арқылы жеткізу тізбегіндегі тасымалдау процесін басқару.
ОН 4 Интеллектуалды компьютерлік жүйелерді пайдалану және цифрлық инклюзия бойынша қосымша құзыреттерді меңгеру арқылы жауапты және этикалық басқару арқылы қоғамға қызмет етуге дайындықты көрсету, мультимодальды тасымалдау жүйелерінің жобалау және технологиялық шешімдерін оңтайландыру.
ОН 5 Ғылыми зерттеулер аясында жаһандық нарықтардағы бизнес-процестерді оңтайландыруға бағытталған халықаралық тасымалдауды қамтамасыз ететін логистикалық жүйелерді модельдеу.
ОН 6 Өндірістік және экономикалық көрсеткіштерді талдау, тұтынушылардың сұранысын қалыптастыру және мемлекеттік реттеу органдарының шешім қабылдау механизмдерін зерттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ескеру.
ОН 7 Кеден статистикасын жинау және талдау, сыртқы сауда мен кеден рәсімдерін ұйымдастыру саласындағы кәсіби дағдыларды көрсету.
ОН 8 Тасымалдау-логистикалық инфрақұрылым, технологиялар, қызмет көрсету стандарттары мен нұсқаулықтарды дамыту бойынша ұсыныстарды пайдалану, қауіпсіздік және экология талаптарын ескере отырып логистикалық ағындарды басқару принциптері мен әдістерін қолдану.
ОН 9 Кәсіпорындағы өндірістік, қойма, тарату және тасымалдау процестерін оңтайландыру, контейнерлік жүк тасымалдау жоспарын орындауды қамтамасыз ету.
ОН 10 Жеткізу тізбегінің буындарындағы ағындық процестерді оңтайлы және интеграцияланған басқару мәселелерін шешу, жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылардың транспорттық қызмет көрсету сапасын бақылау.
ОН 11 Халықаралық тасымалдауда сыртқы экономикалық қызмет және кеден құқығы негіздерін қолдану.
ОН 12 Мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби лексика мен грамматиканы пайдалана отырып, жүк пен құжаттарды сүйемелдеу бойынша ауызша және жазбаша түрде мәселелерді шешуге арналған дәлелдерді қалыптастыру.
КІМ БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ
Біз сізді тек ел ішінде ғана емес, бүкіл әлемде тиімді логистикалық тізбектер құра алатын маман етіп дайындаймыз! Шекаралық жеткізуді басқаруды, кеден рәсімдері мен халықаралық стандарттармен жұмыс істеуді үйренесіз. Бұл сізге қоймалық кешендерде, теңіз порттарында, теміржолдарда, автопарктерде жұмыс істеу үшін үлкен артықшылық береді.
ОҚУ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ
Теория + 1 курстан бастап мықты практика!
Дуальды оқыту — оқып жүріп, серіктес компанияларда жұмыс істеу. Екінші курстан бастап нақты тәжірибе мен табыс. Стажировкалар мен жұмыс оқу үдерісінен тыс қалмай өтеді. Бизнес тәлімгері — тәжірибелі мамандар мен менеджерлердің жеке қолдауы.
IT-құзыреттілік: заманауи цифрлық құралдармен (SAP, 1С: SCM, Power BI, Tableau, TMS, WMS, Python, Excel PRO деңгейі) жұмыс істеуді меңгересіз.
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Оқу заманауи компьютерлік сыныптарда, халықаралық логистика үдерістерін модельдейтін жабдықтармен өтеді. Электрондық коммерция, жеткізу тізбегін басқару, цифрлық ағындар және болашақ қоймалары бойынша кейстер орындау.
НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ
Бағдарламаның негізгі пәндері: ағылшын және қытай тілдері; дүниежүзілік сауданы реттеу құралдары; халықаралық экономикалық қатынастар; қойма логистикасы, жабдықтау және тарату логистикасы; халықаралық тасымалдауды қамтамасыз ету; жеткізу тізбегін басқару (Supply Chain Management); логистикадағы ақпараттық технологиялар; кеден рәсімдеу және сыртқы экономикалық қызмет.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР, МАНСАП ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
Халықаралық сертификаттар (Coursera) — әлемнің үздік университеттерінің логистика, жеткізу тізбегін басқару және цифрлық аналитика курстары.
Логистика саласындағы шет тілі — жаһандық мансабыңызға бонус.
Академиялық мобильділік: Еуропа мен Азия университеттерінде оқу мүмкіндігі (ҚХР, Польша, Германия, Англия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан).
СЕРІКТЕС КОМПАНИЯЛАР
Кафедра 30-дан астам транспорт-логистика компанияларымен ынтымақтастықта:
– «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ;
– «ASSTRA Almaty» халықаралық компаниясы;
– «DAMU-LOGISTICS» индустриалды-логистикалық орталығы;
– «ШыңгарТранс» ЖШС;
– «STLC» (Shyngar Trans Logistics Company) ЖШС;
– «KTZ Express» АҚ Оңтүстік филиалы және т.б.
СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЫҢҒАЙЛЫ ТҰРУ ЖЕРІ
-Ыңғайлы және қауіпсіз бөлмелер;
-Wi-Fi, демалыс аймақтары, асүйлер;
-Мәдени және спорттық іс-шаралар.
ӘСКЕРИ КАФЕДРА
Оқу процесінен бөлінбей офицерлер мен резерв сержанттарын оқыту.