БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
6В11369 — САЛАЛАР БОЙЫНША ЛОГИСТИКА
СИПАТТАМАСЫ:
Логистика саласында жоғары білікті мамандарды даярлау, логистикалық процестерді тиімді басқару, жеткізу тізбектерін оңтайландыру, жоғары сапалы тасымалдау қызметтерін қамтамасыз ету және елдің транзиттік әлеуетін іске асыру міндеттерін шешу бойынша кәсіби білім мен дағдыларға ие болу.
- БАСҚА ЖОО-ДАН ЕРЕКШЕЛІГІ:
- ОҚУДАҒЫ АЛЫНАТЫН НӘТИЖЕЛЕР:
- КІМ БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ
- ОҚУ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ
- IT ҚҰРАЛДАРЫН ҮЙРЕНУ
- МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
- НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР, МАНСАП ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК:
- СЕРІКТЕС КОМПАНИЯЛАР:
- СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЫҢҒАЙЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР
- ӘСКЕРИ КАФЕДРА:
Логистика — кез келген бизнестің жүрегі. Біз «кең профильді» логистерді даярлаймыз — экономика негізгі салалары бойынша мамандар: көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, IT, энергетика және т.б.
ОН 1 Тұрақты даму мақсатында негізгі тарихи, философиялық, әлеуметтік-мәдени және саяси тұжырымдамаларды түсіну, жеке және кәсіби даму үшін инклюзияға қатысты психологиялық білімді көрсету.
ОН 2 Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби лексиканы қолдану және логистиканың мәдениетаралық ортасында тиімді қарым-қатынас үшін ойды жеткізу.
ОН 3 Экологиялық тұрақты технологияларды, еңбек қорғау және өмір қауіпсіздігі принциптерін қолдану арқылы цифрлық инклюзияны ескеріп, жауапты және этикалық көлік процестерін басқару арқылы қоғамға қызмет етуге дайын болу.
ОН 4 Бизнес-математика, жасыл экономика және тұрақты кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық принциптеріне сүйене отырып процестерді қолдану және бағалау, заң нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ескере отырып басқару міндеттерін шешу.
ОН 5 Логистикада экономикалық негізделген бизнес-жоспарларды құрастыру, басқарушылық экономиканың принциптеріне сәйкес іс-қимыл тәртібін жоспарлау және сипаттау, логистикалық стартаптарды әзірлеу, стратегиялық мақсаттарға жету үшін уақытты басқару және бизнес-коммуникацияларды тиімді пайдалану.
ОН 6 Инженерлік графика мен компьютерлік модельдеуді, Python бағдарламалаудың негіздерін қоса алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды таңдап қолдану арқылы логистикалық талдау, визуализация және оңтайландыру тапсырмаларын шешу.
ОН 7 Қалалық және жолаушылар логистикасының ерекшеліктерін ескере отырып, логистикалық процестерді талдау және бағалау, көлік ағындарын оңтайландыру және тасымалдауды жоспарлау үшін логистиканың негізгі принциптерін қолдана отырып арнайы тасымалдауларды ұйымдастыру.
ОН 8 Жүктің, қоймалардың және тарату жүйелерінің, көлік-жүк және терминалдық жүйелердің оңтайлы басқаруын әзірлеу және ұйымдастыру, логистикалық процестердің тиімділігін арттыру үшін WMS жүйелері мен автоматтандыру технологияларын (RFID, IoT, сенсорлық желілер) қолдану.
ОН 9 Көлік құралдарының ерекшеліктері мен көлік қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, көлікті жетілдірілген басқару стратегияларын жоспарлау, логистикалық тәуекелдерді талдау және бағалау, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
ОН 10 Кедендік реттеу мен рәсімдеуді, оның ішінде кеден ісіндегі логистиканы және халықаралық стандарттарды қолдана отырып, сыртқы экономикалық қызмет стратегияларының іс-қимыл тәртібін сипаттау және бағалау, халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру.
ОН 11 Тасымалдау-логистикалық процестерге арналған сандық шешімдерді жасау және жобалау, SAP және AnyLogic бағдарламаларын пайдаланып модельдеу, жеткізу тізбегін басқаруды оңтайландыру үшін жасанды интеллект әдістерін қолдану негізінде шешімдер қабылдау.
ОН 12 Көлік ағындарының оңтайлы схемаларын таңдау және қолдану, мультимодальды және интермодальды тасымалдауды ұйымдастыру, көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі кезінде жүктің жеткізілуін оңтайлы логистикалық технологиялар нұсқаларын ұсыну.
-Көлік логистикасы маманы (авто, теміржол, авиа, теңіз)
-Ғаламдық тізбектердегі жобалық менеджер
-Мультимодальды тасымалдау маманы
-Әлемнің әртүрлі елдеріндегі қоймалар мен жеткізілімдерді үйлестіруші
-Экспедитор менеджері
-Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) маманы
Түлек атанған соң, үлкен көлік және логистика компанияларының есігі сізге ашылады. Қойма кешендері, порттар, теміржолдар, автопарктер — барлығында жақсы логистер қажет.
Теория + 1-курстан бастап күшті практика!
Дуалды оқыту — оқып жүріп, серіктес компанияларда жұмыс істеу. 2-курстан бастап нақты тәжірибе мен табыс алу. Стажировкалар мен компаниядағы жұмыс — оқу процесінен бөлінбейді.
Сіз жай логист емессіз — заманауи цифрлық құралдарға ие боласыз: SAP, 1С: SCM, Power BI және Tableau — мәліметтерді визуализациялау, TMS және WMS — цифрлық логистиканы басқару, Python — мәліметтерді талдау, Excel PRO-деңгейі.
Оқу зертханаларында Логистикалық процестердің нақты модельдері бар.
Жеткізу тізбектерін басқару, цифрлық ағындарды және болашақ қоймалары бойынша кейстер орындау.
Бағдарламаның негізгі пәндері:
-Көлік және қойма логистикасы
-Жеткізу және тарату логистикасы
-Жеткізу тізбектерін басқару (Supply Chain Management)
-Экономиканың әртүрлі салаларындағы логистика
-Логистикадағы ақпараттық жүйелер
-Кеден рәсімдері және СЭҚ
-Халықаралық сертификаттар (Coursera) — әлемнің үздік университеттерінің логистика, жеткізу тізбегін басқару және цифрлық аналитика курстары.
-Логистика саласындағы шет тілі — жаһандық мансабыңызға бонус.
-Бизнестен тәлімгерлер — тәжірибелі мамандар мен менеджерлердің жеке қолдауы.
-Шетелдік ЖОО-ларда академиялық мобильділік, Еуропа мен Азия университеттерінде алмасу бағдарламалары: ҚХР Урумчи кәсіби университеті; Польша Люблин техникалық университеті; Германия Магдебург атындағы Отто фон Герике институты; Англия Корольдік логистика және көлік институты (CILT); Ресей Теміржол университеті (МИИТ); Өзбекстан ТашИИТ; Қырғызстан ҚГТУ.
Кафедра 30-дан астам көлік-логистикалық компаниялармен тығыз жұмыс істейді. Мыналарда филиалдар бар:
– ҚР Ұлттық компаниясы «Қазақстан темір жолы»;
– Халықаралық көлік-логистикалық компаниясы «ASSTRA Almaty» ЖШС;
– Өнеркәсіптік-логистикалық орталық «DAMU-LOGICTICS»;
– «ШынгарТранс» ЖШС;
– «STLC» (Shyngar Trans Logistics Company) ЖШС;
– «KTZ Express» АҚ Оңтүстік филиалы және т.б.
-Ыңғайлы және қауіпсіз бөлмелер
-Wi-Fi, демалу аймақтары, асүйлер
-Мәдени және спорттық шаралар
Оқу процесінен бөлінбей офицерлер мен резерв сержанттарын оқыту.