БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6В11371 ЛОГИСТИКАНЫ ЗАМАНАУИ БАСҚАРУ

СИПАТТАМАСЫ
Халықаралық деңгейде тасымалдау және логистикалық процестерді тиімді басқаруға қажетті білім мен дағдыларға ие, цифрландыру және тұрақты даму талаптарын ескере отырып, жоғары білікті логистика және көлік қызметтері мамандарын даярлау. Бағдарлама жаһандық көлік нарығы мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Егер сен тиімді жеткізу тізбегін басқара білгің келсе және қазіргі заманғы бизнес-процестердің ортасында болғың келсе — бұл бағдарлама сен үшін!
Қазіргі заманғы логистиканы басқару — екі дипломдық бағдарлама. Қытайдың Ұрумчи кәсіби университетімен бірлесіп жүргізіледі. Қазақстан мен Қытайда оқып, екі диплом, үш тіл және жаһандық мүмкіндіктерге ие бол.

ОН 1 Халықаралық ортада логистикалық шешімдер қабылдауда жалпы білім беру және гуманитарлық пәндердің ықпалын түсіндіру, құқықтық, экономикалық, мәдени және этикалық аспектілерді анықтау.
ОН 2 Халықаралық логистикалық тізбектердегі кәсіби лексика мен шетел тілдерінде (қытай және ағылшын тілдері) іскерлік қарым-қатынастың мәдени ерекшеліктерін талдау және түсіндіру.
ОН 3 Экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторларды ескере отырып, тұрақты логистика принциптерін пайдалана отырып логистикалық шешімдер әзірлеу.
ОН 4 Сандық логистикалық қызметтердің қолжетімділігін, соның ішінде төмен қозғалғыштығы бар топтар мен цифрлық инфрақұрылымы шектеулі аймақтардағы шараларды бағалау.
ОН 5 Логистикалық процестерді автоматтандыруға арналған заманауи ақпараттық технологияларды (ERP, WMS, TMS) және логистикадағы жасанды интеллектіні қолдану.
ОН 6 Жаһандық жеткізу тізбегін модельдеу, негізгі тәуекелдер мен оңтайландыру нүктелерін анықтау, жаһандық тұрақсыздық, геосаясат және логистикалық түйіндерді ескеру.
ОН 7 ABC, XYZ, TCO және басқа әдістерді қолданып, әртүрлі логистикалық схемалардың шығындары мен пайдасын бағалай отырып, экономикалық негізделген логистикалық шешімдер әзірлеу.
ОН 8 ISO, Incoterms, кеден заңнамасы және басқа талаптарды ескере отырып, логистикалық процестердің ұлттық және халықаралық нормативтерге сәйкестігін бағалау.
ОН 9 Жауапты және этикалық басқару мақсатында интеллектуалды IT-жүйелер мен сандық және инклюзивті технологияларды қолданып, мультимодальды тасымалдауды оңтайландыруға бағытталған логистикалық тапсырмаларды шешу.
ОН 10 Логистикада бизнес-жоспарлар әзірлеу, логистикалық стартаптарды жобалау, ғылыми зерттеулер негіздері, уақытты басқару және іскерлік коммуникациялар, басқарушылық экономика және жеткізу тізбегіндегі жүк тасымалдауды ұйымдастыру принциптерін пайдалану арқылы логистикалық жобаларды тиімді басқару.
ОН 11 Қойма операцияларын басқару, есеп жүргізу және қоймалау мен тарату процестерін тиімді ұйымдастыруға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарды пайдалану.
ОН 12 Көлік логистикасын басқару, көлік бизнесіндегі логистикалық операцияларды жоспарлау және басқару үшін көлік IT-жүйелерін пайдалану, еңбекті қорғау және қызметкерлер мен көлік қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтау.

Қазіргі заманғы логистиканы басқару — бұл жай білім ғана емес, халықаралық мансапқа жол.
Мамандар халықаралық деңгейде: Орталық Азия мен Қытай — әлемдік логистика мен сауда үшін маңызды аймақ.
Осы бағдарламаның түлектері — халықаралық логистика және кедендік сүйемелдеу сарапшылары; трансшекаралық жеткізулер мамандары; логистикалық хабтар мен цифрлық қоймалардың менеджерлері; халықаралық және мемлекеттік құрылымдар, экспорт-импорт компаниялары үшін сұранысқа ие кадрлар.
Екі елдің бизнестің мәнін түсінетін, үш тілде сөйлейтін маман бол.

Теория + бірінші курстан бастап мықты практика!
Дуальды оқыту — оқып жүріп, серіктес компанияларда жұмыс істеу. Екінші курстан бастап нақты тәжірибе мен табыс. Стажировкалар мен жұмыс оқу үдерісінен тыс қалмай өтеді. Бизнес наставниктері — тәжірибелі мамандардың жеке қолдауы.
IT-құзыреттілік: сен жай ғана логист емессің — заманауи цифрлық құралдарды меңгересің: SAP, 1С: SCM, Power BI, Tableau — деректер визуализациясы, TMS және WMS — цифрлық логистика, Python — деректерді талдау, Excel PRO-деңгейі.
Кейс-чемпионаттар, жобалар және Қазақстан мен Қытай компанияларының нақты тапсырмалары бар іскерлік симуляциялар.

Оқу заманауи компьютерлік сыныптар мен лабораторияларда өтеді, халықаралық жеткізу тізбегін модельдейтін профильдік бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарға қолжетімділік бар. Электрондық коммерция. Халықаралық дәліздердегі қоймаларда, логистикалық орталықтарда және көлік платформаларында тағылымдамалар.

Бағдарламаның негізгі пәндері: ағылшын және қытай тілдері; дүниежүзілік сауданы реттеу құралдары; халықаралық экономикалық қатынастар; қойма логистикасы, жабдықтау және тарату логистикасы; халықаралық тасымалдауды қамтамасыз ету; жеткізу тізбегін басқару (Supply Chain Management); логистикадағы ақпараттық технологиялар; кеден рәсімдеу және сыртқы экономикалық қызмет.

Халықаралық сертификаттар (Coursera) — әлемнің үздік университеттерінің логистика, жеткізу тізбегін басқару және цифрлық аналитика курстары.
Академиялық мобильділік: Еуропа мен Азия университеттерінде оқу мүмкіндігі (ҚХР, Польша, Германия, Англия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан).

Кафедра 30-дан астам транспорт-логистика компанияларымен ынтымақтастықта:
– «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ;
– «ASSTRA Almaty» халықаралық компаниясы;
– «DAMU-LOGISTICS» индустриалды-логистикалық орталығы;
– «ШыңгарТранс» ЖШС;
– «STLC» (Shyngar Trans Logistics Company) ЖШС;
– «KTZ Express» АҚ Оңтүстік филиалы және т.б.

— Ыңғайлы және қауіпсіз бөлмелер;
— Wi-Fi, демалыс аймақтары, асүйлер;
— Мәдени және спорттық іс-шаралар.

Skip to content
Приемная комиссия