БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
7M04172 МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ БИЗНЕС АНАЛИТИКА
|
БББ атауы |
7M04172 МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ БИЗНЕС АНАЛИТИКА магистратура бейіндік бағыт (1жыл) |
|
Сипаттама |
Цифрлық технологияларды, деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістерін қолдануға, сондай-ақ динамикалық цифрлық экономика және жаһандық бәсекелестік жағдайында нарықтық ақпаратты, мінез-құлық және қаржылық көрсеткіштерді талдау негізінде тиімді маркетингтік стратегияларды әзірлеуге және іске асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау |
- Басқа ЖОО айырмашылығы
- Оқыту нәтижелері
- Түлектер кім болып жұмыс жасайды
- Халықаралық бағдарламалар (серіктес ЖОО)
- Серіктес компаниялар
- Стажировка және практика бағдарламасы
Магистранттарды даярлау тәжірибеге бағдарланған тәсілге негізделеді: сабақтар маркетинг индустриясының жетекші мамандарының, брендинг, цифрлық коммуникациялар, маркетингтік талдау және бизнесті дамыту саласындағы сарапшылардың белсенді қатысуымен өткізіледі.
Оқыту нәтижелері:
— Цифрлық экономика жағдайында персоналмен тиімді жұмыс істеуге және басқару шешімдерін қабылдауға психологиялық тәсілдерді қолдана отырып, басқарудың мінез-құлық аспектілерін талдау
— Шет тілінде басқару және маркетинг саласындағы кәсіби ұсыныстар мен шешімдерді жазбаша және ауызша, мәдениетаралық іскерлік ортада дәлелдеу
— Маркетингтік зерттеулердің нәтижелері мен халықаралық нарықтық үрдістерді талдауға негізделген стратегиялық бизнес-модельдер мен адаптивті маркетингтік стратегияларды жобалау
-Маркетингтік қызмет саласындағы бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде үнемді өндіріс тұжырымдамаларын қолдану
— Клиенттердің мінез-құлқын, нарықтық динамиканы және цифрлық маркетингтік арналарды ескере отырып, сатуды басқару стратегияларының тиімділігін бағалау
— Бизнесті цифрлық трансформациялау жағдайында Big Data және цифрлық құралдарды талдау негізінде басқару шешімдерін әзірлеу үшін деректерді түсіндіру
-Бизнес-процестерді оңтайландыру және жаһандық нарықтарда тұрақты бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу үшін стратегиялық басқару және цифрлық талдау әдістерін синтездеу
Маркетинг саласындағы мамандар мен менеджерлер, рerformance-маркетолог (мақсатты, контекст, науқанды оңтайландыру), деректер талдаушылары мен сарапшылары, маркетингтік зерттеулердің талдаушысы (Consumer Research Analyst), өнім және бизнесті дамыту жөніндегі мамандар, маркетинг бөлімінің басшысы / Head of Marketing, маркетинг агенттігінің маманы (digital, PR, SMM, performance), аналитика және цифрлық трансформация жөніндегі кеңесші
Кафедра академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламасы, сондай-ақ білім алушылардың ғылыми тағылымдамасы аясында тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді:
— Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университеті (ОмГУПС), РФ, Омбы қ.;
— Орал мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Уups), РФ, Екатеринбург қ.;
— Варна техникалық университеті, Болгария, Варна қ.
— Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университеті (СГУПС), РФ, Новосибирск қ.;
— Ташкент мемлекеттік көлік университеті, Ташкент қ.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы » АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы, ЖШС » ККҒЗИ»
Білім алушылар Қазақстан мен шетелдің ғылыми-зерттеу ұйымдарының базасында тәжірибенің барлық түрлерінен өтеді.