БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

7M11356 – Ресурс үнемдейтін өндірістік логистика

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 7M11356 – Ресурс үнемдейтін өндірістік логистика
ДӘРЕЖЕСІ Ғылым магистрі
ОҚУ КЕЗЕҢІ 4семестр
ТІРКЕЛУ Күз
ҚАБЫЛДАУ ШЕКТЕУЛІ Шектеулержоқ
КІРУ ТАЛАПТАРЫ Басқа оқу салаларын да оқитын студенттерге арналған сәйкес бакалавр дәрежесі (кемінде 240 кредит) және «Логистика негіздері», «Жеткізу тізбегін басқару» және «Көлік логистикасы» пәндері бойынша пререквизиттер.
ШЕТЕЛДІК ӨТІМДЕРЛЕР ҮШІН Орыс және ағылшын тілдерін білу деңгейі В1 төмен емес
ӨТІНІШ БЕРУ МЕРЗІМІ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаулысына сәйкес
ОҚЫТУ ТІЛІ Орыс және ағылшын
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ Ұзақ мерзімді перспективада әл-ауқатты арттыру үшін тұрақты және экологиялық  таза өндіріс әдістері мен өңдеуші өнеркәсіпті құруда ұлттық және халықаралық компаниялардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті серіктес елдер дересурстыүнемдейтінөндірістік логистика саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру.
ПРОФИЛДІ ПӘНДЕРІ

• CAD/CAM технологиялары

•Ішкі логистикалық процестерді автоматтандыру /робототехника

• Логистикалық процестерді имитациялық модельдеу

•Кәсіпорындар үшін логистикалық модельдеу және жоспарлау

КАРЬЕРА БОЛАШАҒЫ

Осы ОБ бітірген студенттер көлік-логистикалық компаниялар мен кәсіпорындарда логистикалық маман ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Логистикалық сарапшылар логистикалық процестерді бақылау және енгізу арқылы жеткізу жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді. Олар тасымалдаудың барлық мүмкін болатын шығындарын болжай білуікерек. Олар тауарлар мен ақпаратағынын ұйымдастырады, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша логистикалық қызмет жеткізушілері мен олардың тұтынушылары арасында серіктестік орнатады немесе материал ағыны үшін технологиялы қөнімдерді әзірлейді.

Олар жүктерді жеткізу, тиеу және түсіру, жолаушыларды тасымалдау маршруттарын салады, сонымен қатар процесті басқарады және экспедиторларды, жүргізушілер мен тиеушілерді басқарады. Олар информатика, өндіріс және автоматтандыру технологиясы, материалағыны және тасымалдау технологиясы мамандарымен, сондай-ақ әлеуметтік және еңбек саласындағы ғалымдар мен бірге күрделі мәселелерді шешеді.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛЕР МЕН ҚЫЗЫҒУЛАР

Білімгерлер математиканы жақсы меңгеруі және технологияға қызығушылығы болуы керек. Логистика сарапшысы болу үшін студент келесі дағдыларға ие болуы керек:

✎аналитикалық ойлау

✎көп тапсырма

✎дағдарыс жағдайында басқара білу

✎шешім қабылдау қабілеті

✎уақытты басқару

✎стресске төзімділік

✎үйренуге оңай

Приемная комиссия