
Шайжанова Меруерт Маратовна
Сениор-лектор, магистр
Email: m.shaizhanova@alt.edu.kz
Қысқаша (кәсіби өмірбаяны)
«Еңбек жолын магистрант болып бастаған. 2010 жылы «Дудар»жеке дистрибьюторлық компаниясында аударма менеджері болып жұмыс істеді.
Университетті бітіргеннен кейін О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебіне ағылшын тілі мұғалімі лауазымына қабылданды. 2013 жылы «Дарынды мұғалім-дарынды балаларға» Республикалық педагогикалық олимпиадасында құрметті ІІІ орын алды. 2015 жылы «РФММ Үздік жас мұғалімі-2015″директорының грамотасымен марапатталды. 2015 жылдың наурыз айында РФММ кітапханасының меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 2015 жылдан 2017 жылға дейін №2 АГМПК ағылшын тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2017-2019 жылдар аралығында Нархоз университетінде жалпы ағылшын тілі, бизнес ағылшын тілі пәндерінен сабақ берді. 2019 жылдың қыркүйегінен 2021 жылға дейін М.Тынышпаев атындағы Қазқтк-да оқытушы көмекшісі болып жұмыс істеді. 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың тамызына дейін Шет тілдері педагогикалық колледжінде ағылшын тілінен сабақ берді.
Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. IELTS-6.5 және TKT module 1.2 сертификаттары бар.
Жалпы педагогикалық өтілі-13 жыл. 8-ден астам ғылыми еңбегі бар.
Білім
1. 2005 – 2009 ж.ж.Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университеті
Факультет: «Роман-герман филологиясы».
Мамандығы-Филолог, ағылшын тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
2. 2009 – 2011 ж.ж.Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университеті
Факультет: «Халықаралық қатынастар».
Мамандығы-Халықаралық қатынастар магистрі-магистратура 3. 2021-2024 ҚазҰӘПУ «Орыс тілі және әдебиеті » мамандығы бойынша докторантура