БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

7М11351-КӨЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖҮК ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Бідім беру бағдараламасының атауы

7М11351-Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Сипаттамасы

Жүк және жолаушылар тасымалдарының пайдалану қызметін ұйымдастыру және басқару саласында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті теориялық және практикалық дағдыларды меңгерген білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Логистика және көлік академиясының «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану» кафедрасы көліктегі тасымалдау процесін ұйымдастыру және басқару саласында мамандар дайындайды. Кафедра штаты өндірістік қызмет тәжірибесі бар оқытушылармен жасақталған:

Бекжанова С.Е. – т.ғ.д., профессор, тасымалдау процесін оңтайландыру және жетілдіру бойынша 100-ден астам еңбектің авторы, 40 жылдан астам өндірістік-педагогикалық өтілі бар.

Абибуллаев С.Ш. – ассистент профессор, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, автомобиль көлігіндегі тасымалдау процесін басқару саласында 40 жылдан астам өтілі бар.

Айкумбеков М. Н. – Логистика және көлік академиясының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, 15 жылдан астам өндірістік-педагогикалық өтілі бар.

Матаев М.К. – оқытушы ассистенті, теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру инженері, теміржол көлігінде тасымалдау процесін ұйымдастыру және басқару саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Оқу нәтижелері:

-Мемлекеттік және шет тілдеріндегі нормативтік-техникалық құжаттамалар мен арнайы әдебиеттерге талдау жасау.

– Әлеуметтік-этикалық құндылықтар, қоғамдағы рухани процестердің рөлі, тараптардың тұлғааралық және құқықтық мүдделері, кәсіби қызметті жүзеге асырудағы құқықтарды қорғау туралы білімді қолдану.

-Тасымалдау үдерісін оңтайландыру бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және көліктік есептерді шешуде математиканың негізгі заңдарын білуін көрсету.

– Кәсіби қызметті жүзеге асыруда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бойынша заманауи әдістер мен білімді қолдану

– Көлік кәсіпорындарының қызметіне техникалық-экономикалық талдау жүргізу, қабылданған басқару шешімдерін кешенді негіздеу және нәтижелерді бағалау

– Саланың қажеттілігін ескере отырып, жүк пен жолаушыларды жеткізудің оңтайлы схемаларын, көлік объектілері жұмысының технологиялық процестерін әзірлеу жөніндегі міндеттерді шешу

– Магистральдық желінің пайдалану жұмысын басқару және ұйымдастыру әдістерін, теміржол станциялары мен тораптардағы вагон ағындарының қозғалысын оңтайландыру технологияларын талдау

-Жылжымалы құрамды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, көлік инфрақұрылымы объектілерінің технологиялық процестерін автоматтандыру және материалдық-техникалық базаны ұтымды пайдалану жөніндегі проблемаларды шешу

– Жүктерді жеткізудің логистикалық тізбегіндегі қазіргі заманғы техникалық-технологиялық процестерді ескере отырып, көліктегі жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру және басқару бойынша шешімдер қабылдау

– Жобаланатын және реконструкцияланатын көлік құрылғылары мен құрылыстарының технологиялық процестерін әзірлеу, станциялар мен тораптарды жобалау, техникалық жарақтандыру, өткізу және қайта өңдеу қабілеті міндеттерін шешу бойынша білімдерін көрсету

– Әртүрлі жағдайларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және көлікті пайдаланумен байланысты әрекеттер алгоритмдерін пайдалану

поездар қозғалысының жылдамдығын реттеуші, станциялық технологиялық орталықтың операторы, орталықтандыру постының кезекшісі, теміржол станциясы бойынша кезекші, поездарды қабылдаушы, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, тауар кассирі, вокзал бойынша кезекші, билет кассирі, жолаушылар поезының бастығы, жолаушылар вагонының жолсерігі, поездарды құрастырушы, дөңес бойынша оператор, поездық диспетчер, техникалық бақылау бөлімінің бастығы, автокөлікті пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер

Кафедра академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламасы, сондай-ақ білім алушылардың ғылыми тағылымдамасы аясында келесі халықаралық ЖОО-мен тығыз қарым-қатынас жасайды:

– Дрезден техникалық университеті, Германия;

– Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары университеті (МЖИ), РФ, Мәскеу қ.;

– Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университеті (ОмГУПС), РФ, Омбы қ.;

– Орал мемлекеттік қатынас жолдары университеті (УрГУПС), РФ, Екатеринбург қ.;

– Варна техникалық университеті, Болгария, Варна қ.

– Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университеті (СГУПС), РФ, Новосибирск қ.;

– Рига техникалық университеті, Латвия, Рига қаласы;

– Люблин техникалық университеті, Польша, Люблин қаласы.

Кафедра «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ»,  «ҚазАвтоЖол» АҚ», «ТрансКом» ЖШС, «ҚазТемірТранс» АҚ, «СМЭУ-Алматы» ЖШС, «Метрополитен» КМК және т. б. компаниялармен ынтымақтасады.

Білім алушылар тағылымдамалар мен практикалардың барлық түрлерін ҚР жетекші көлік компаниялары базасында өтеді.

Таласбеков К. С. – құрметті теміржолшы;

Әлмағамбетов Қ. Е. – «ҚТЖ «ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары;

Орынбасаров Б. П. – инфрақұрылым жөніндегі Басқарушы директор, «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры;

Шипулин Н. П. – «РТЖ» ААҚ филиалы-қозғалысты басқару орталық дирекциясының Бас инженері;

Назарбеков Е. К. – «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының МТЖ-ға кіру жөніндегі Атқарушы директоры;

Жуматаев Ж. Т. – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас ревизоры;

Бекжанов Д. З. – «Теміртұлпар» ЖШС Бас директоры;

Қашағанов Е.Т. – «ТрансКом» ЖШС Басқарма төрағасының тасымалдау қызметі жөніндегі орынбасары;

Бородина Е. В. – т.ғ.к., «Пайдалану жұмысын басқару» кафедрасының доценті – МИИТ;

Богданович С. В. – т.ғ.к., «Пайдалану жұмысын басқару» кафедрасының доценті-СГУПС;

Шарубеков М. Н. – т.ғ.к., «Қазтеміртранс» АҚ Алматы филиалы директорының пайдалану жұмысы жөніндегі орынбасары

Карсыбаев Е. Е. – т.ғ.д., Азаматтық авиация академиясының профессоры

Приемная комиссия