БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6В07121-ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ

БББ атауы

6В07121-Электр энергетикасы

 

Сипаттамасы

Тартым қосалқы станцияны және түйіспелі торапты жобалаудың, электрлендірілген және электрлендірілмеген темір жолдардың электр жабдықтарын пайдалану мен қызмет көрсетудің практикалық дағдылары бар электр энергетикасы саласында білікті мамандарды даярлау.

Логистика және көлік академиясының «Электр энергетикасы» кафедрасы Қазақстанның барлық темір жолдарында, өнеркәсіп кәсіпорындарында, соның ішінде метрополитенде сұранысқа ие болатын темір жолдарды электрмен жабдықтау саласында мамандар даярлайды.
Электр энергетикасы саласындағы білім мен тәжірибенің орасан зор қоры кафедраның үздік практик-оқытушы беруге дайын:
Садықбек Т.А. – ЛКА қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының докторы, доцент, энергетика саласында 50 жылдан астам өтілі бар.
Қалиева К.Ж. – ЛКА қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты, Электр энергетикасы, теміржол көлігінде электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау саласында 20 жылдан астам өтілі бар.

Оқу нәтижелері:

– Электр энергетикасы объектілерінде монтаждау, баптау, жөндеу және алдын алу жұмыстарына қатысу үшін практикалық дағдылар.

– түйіспелі торап пен электр беру желілерінің құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидалары мен тәсілдері бойынша практикалық дағдылар мен іскерліктер.

– тартым және трансформаторлық қосалқы станциялардың құрылғыларына, тартым электрмен жабдықтаудың желілік құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидалары мен тәсілдері бойынша практикалық дағдылар мен іскерліктер.

-өндірістік-технологиялық қызметті ұйымдастыру, жабдық жұмысының оңтайлы режимінің параметрлерін белгілеу, қосалқы станциялардың, электр жүйелері мен желілерінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жетілдіру, жаңғырту және жақсарту, өнеркәсіптің әртүрлі салаларының кәсіпорындарын электрмен жабдықтау бойынша практикалық дағдылар мен біліктер.

– өлшеу экспериментін жүргізу және өлшеу нәтижелерін бағалау, электрмен жабдықтау жүйелерінің электр жабдықтарына диагностика жүргізу.

– – тартым электрмен жабдықтау жүйесінің негізгі параметрлерін есептеу әдіснамасын меңгеру, тартым қосалқы станциялардың орналасу орындарын және тартым электрмен жабдықтаудың желілік құрылғыларын қозғалыс көлеміне және өзге де елеулі жағдайларға байланысты таңдау.

Энергодиспетчер, (жөндеу-тексеру) учаскесінің электромеханигі, электромеханик (тартым қосалқы станция, түйіспелік торап, электрмен жабдықтау ауданы), электромонтер, электромеханик.

Кәсіби қызмет саласы темір жолдың барлық объектілерін электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және тұтыну үшін жағдай жасауға бағытталған. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: «ҚТЖ «ҰК» АҚ электрмен жабдықтау дистанциясының филиалдары, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс», сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі салаларының кәсіпорындарын электрмен жабдықтау болып табылады.

Жоғары мектептің талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бүгінде қуатты зертханалық база болуы қажет. Кафедрада мамандық пәндері бойынша мамандандырылған зертханалар бар, сондай-ақ Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы базасында кафедра филиалы бар. Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары университетімен (МИИТ), қазіргі РКУ (МИИТ), Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университетімен, Самара мемлекеттік қатынас жолдары университетімен, Орал мемлекеттік қатынас жолдары университетімен достық, ғылыми және әдістемелік байланыстар жолға қойылып, белсенді қолдау табуда. Осы ынтымақтастықтың нәтижесі студенттердің арнайы пәндер бойынша академиялық ұтқырлығы болып табылады (түйіспелі торап және электр беру желілері, электрлендірілген жолдарды электрмен жабдықтау).

«ҚТЖ»ҰК» АҚ электрмен жабдықтау дистанциясының филиалдары, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс» және энергетикалық бағыттағы басқа да кәсіпорындар.

Бакалаврлар Қазақстанның жетекші компанияларында практиканың барлық түрлерінен өтеді – «ҚТЖ»ҰК» АҚ электрмен жабдықтау дистанциясының филиалдары, «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, «Алматы метро құрылыс» АҚ және энергетикалық бағыттағы басқа да кәсіпорындар. Практикадан өтудің артықшылығы басқа қаладан келген студенттер практиканы осы компаниялардың филиалдары бар бүкіл Қазақстан бойынша өздерінің тұрғылықты жерлерінде өте алады.

Түйіспелі торап электромонтері, тартым қосалқы станциясының электромонтері, релелік қорғаныс-электромонтер, энергия аудиті

Урынбаев К. Е – «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Магистральдық желілер дирекциясы» филиалы директорының орынбасары

Ахметбеков Р. К. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаментінің директоры.

Конюхов А. Т. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті директорының орынбасары

Танабаев Д. Н. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті директорының орынбасары

Семенов А. Т. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Электрлендіру және энергетика» департаменті пайдалану басқармасының бастығы

Сәрсенбеков Б.С. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желілері» филиалының қауіпсіздік бөлімінің бастығы.

Оразаев К.С. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалы бастығының орынбасары Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы.

Ақжігіт А.А. – «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» бастығының орынбасары.

Семенов Е.А. – Астана электрмен жабдықтау дистанциясы жөндеу-тексеру учаскесінің бастығы.

Телтаев Н. – Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» – «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы бастығының орынбасары

Қали С.Б. – Электр желілері ұйымдары қызметкерлерінің «Серіктес» жергілікті кәсіподағы, кәсіподақ төрағасы.

Сұлтанов А. – Қазэнергострой-Инвест Директоры.

Даутов С.С. – ЖШС Қазақ техникалық даму институтының бас инженері.

Чириков Д.К. – «Iveco Construction» ЖШС директоры.

Картаков а.у. – Алматы көлік колледжі, директор.

Font Resize
Contrast
Приемная комиссия