“IT-инжиниринг” кафедрасы

"IT-инжиниринг" кафедрасының меңгерушісі

Нургулжанова Асель Нургулжановна, т.ғ.к.,
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 (727) 292 34 52
e-mail: a.nurgulzhanova@kazatk.kz

Кафедра тарихы

Ақпараттық технологиялар соңғы ғасырлар тоғысындағы ғылым, білім және тұтастай экономиканы дамытудағы басым бағыттардың біріне айналды. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер адам қызметінің барлық салаларында кеңінен қолданылады және бұл тұрғыда көлік-коммуникация кешені (ККК) ерекшелік болмады. Көлік пен экономикадағы өзекті мәселелерді шешу үшін ККК-да ақпараттық жүйелерді пайдалану және дамыту бойынша мамандар даярлау қажеттілігі туындады. Бұл 1998 жылы Академияда «Экономикадағы математикалық әдістер» кафедрасының ашылуына түрткі болды. Кафедраның негізгі мақсаты-ақпараттық технологияларды қолдана алатын ғана емес, сонымен қатар жаңа ақпараттық жүйелерді жасай алатын, тестілеуді және пайдалануға бере алатын мамандарды даярлау. Кафедраның бағыттары бойынша мамандардың қажет екені сөзсіз.

Кафедраны құру үшін ТМД аумағындағы ақпараттық жүйелер саласындағы ең ірі ғалымдардың бірі техника ғылымдарының докторы, профессор Ташев Азат Арипович шақырылды. Сонымен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның көрнекті ғалымдары тартылды.

Осы уақыттан бастап 091340 «Ақпараттық жүйелер» (экономикада) мамандығы бойынша инженерлерді даярлау жүргізілуде. 2001 жылдан бастап кафедра «Инженерлік қызметтегі ақпараттық жүйелер» (көлікте) мамандығы бойынша инженер-жүйе техниктерін дайындайды.

2002 жылдың мамыр айында «Экономикадағы математикалық әдістер» кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы болып өзгертілді. 2004 жылдан бастап кафедра 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бакалавр мамандарын дайындайды.

2007 жылдан бастап кафедра 050704 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша кадрлар даярлауды бастады. Бұл шешім бағдарламалық өнімдерді пайдалынатын және әзірлейтін ғана емес, сонымен қатар компьютерлік техникаға қызмет көрсете алатын мамандардың қажеттілігінен пайда болды.

2008 жылы «Ақпараттық жүйелер» кафедрасынан «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы бөлініп шықты.

2009 жылы «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедралары «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасына біріктірілді.

2019 жылдың қыркүйек айында «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасы «IT-инжиниринг» кафедрасы болып өзгертілді. Қазіргі кезде кафедраны т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нургулжанова А.Н. басқарады.

Қазіргі уақытта Логистика және көлік академиясында жоғарыда аталған бағыттар бойынша мамандар даярлау үшін барлық жағдайлар жасалған: заманауи техникамен және ауқымды әдеби базамен жабдықталған кітапхана мен оқу залы, жергілікті желіге және Internet-сыныпқа біріктірілген компьютерлік сыныптар, арнайы курстар мен дипломдық жобалауды жүргізуге арналған мамандандырылған зертханалар бар.

Түлектердің кәсіби қызмет саласы әр түрлі салаларда ақпараттық жүйелерді әзірлейтін, енгізетін және пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады, яғни адам қызметінің барлық салаларында, атап айтқанда: машина жасау, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әр түрлі технологияларды басқару.

Түлектердің кәсіби қызметі компьютерлер мен компьютерлік жүйелер мен тиісті аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілген желілер, сонымен қатар ақпараттық технологиялар, модельдер, әдістер, тілдер және бағдарламалау технологиялары болып табылады.

Кафедра байланыстары

Кафедра: IT-инжиниринг

Мекенжайы: Шевченко көшесі 97, 4 қабат 2407 аудитория
Телефон: +7 (727) 292-57-86, ішкі тел. 11-09.

Оқу ғылыми зертханалары

«Компьютерлік сынып» зертханасы

2402 аудитория

«Сұлбатехника» зертханасы

2409 аудитория

«Kaspersky» зертханасы

5805 аудитория

« Oracle» зертханасы

5807 аудитория

Font Resize
Contrast
Приемная комиссия