6В07118 ТЕМІР ЖОЛ ЖӘНЕ ЖОЛ МАШИНАЛАРЫ

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

БББ атауы

6В07118 Темір жол және жол машиналары

Сипаттамасы

Темір жол және жол машиналарын жобалау, өндіру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеудің озық технологиялары негізінде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті теориялық және практикалық дағдыларды меңгерген білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Логистика және көлік академиясының «Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау» кафедрасы автомобиль көлігі саласында экономиканың барлық салаларында сұранысқа ие мамандарды дайындайды.

Сіз теміржол және жол шаруашылығы саласындағы үздік оқытушылардан білім ала аласыз:

Жүсіпов К.А. – АЛТ профессоры, мамандығы бойынша 10 жылдық жұмыс өтілі және педагогикалық өтілі 26 жыл;

Қозбағаров Р.А., ассоц.профессор АЛТ, мамандығы бойынша 6 жылдық жұмыс өтілі, педагогикалық өтілі 21 жыл.

ОН:  

-Әлеуметтік маңызды үдерістер бойынша білімдерін көрсету, кәсіби қызметті жүзеге асыруда гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар әдістерін қолдану.

-Физика-математикалық процестерді талдау, жаратылыстану пәндерін білу негізінде көлік техникасы объектілерін теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін зерттеу.

-Мемлекеттік және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін кәсіби лексика мен базалық грамматиканы қолдану.

– IT – технологияларды дамытудың заманауи үрдістерін және оларды кәсіби қызметте қолдану жолдарын пайдалану.

– Теміржол және жол шаруашылығы кәсіпорындарында қауіпті және зиянды факторларды талдау негізінде тіршілік қауіпсіздігін, еңбекті қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін заманауи инженерлік әдістерді қолдану.

-Маркетинг пен менеджменттің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, техникалық-экономикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау.

-Көлік объектілерін жобалау кезінде жүйелердің сенімділігін есептеу принциптері мен әдістері негізінде машиналардың бөлшектері мен түйіндерін жобалаудың техникалық мәселелерін шешу.

-Электротехниканың негізгі заңдарын ескере отырып, теміржол және жол машиналары мен жабдықтарында заманауи электрлік және электрондық құрылғыларды қолдану нәтижелерін талдау.

-Техникалық стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттама негізінде машина сенімділігінің конструктивті параметрлерін диагностикалау әдістері мен құралдарын қолдану.

-Теміржол және жол техникасының тораптары мен агрегаттарының конструкциялық – технологиялық параметрлерін және техникалық жай-күйін оларды пайдаланудың оңтайлы көрсеткіштерін айқындау мақсатында талдау.

-Автоматтандыру және құжаттама көрсеткіштерін, жобалау және оңтайландыру әдістерін, роботтардың манипуляциялық жүйелерінің жұмыс процестерін, робототехникалық жүйелерді компьютерлік модельдеуді талдау.

 -Машина тораптарының бөлшектерін дайындау және қалпына келтіру, механизацияның заманауи құралдарын қолдана отырып механизмдер мен жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жол-құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, жол (теміржол) жөндеуді кешенді механикаландыру және автоматтандыру технологиялық процестерін әзірлеу.

Жол және теміржол машиналары учаскесінің (цехының) шебері; жөндеу жөніндегі инженер; жол және жол машиналары қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі ревизор, жол және жол машиналары бригадаларының, тартқыш жылжымалы құрамның, арнайы теміржол және жол жылжымалы құрамы бригадаларының колоннасын жедел басқару жөніндегі маман; жол және жол машиналарын жөндеу және қызмет көрсету бригадасын жедел басқару жөніндегі маман.

Жоғары мектептің талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бүгінде қуатты зертханалық база болуы қажет. Кафедрада білім беру бағдарламасының пәндері бойынша мамандандырылған зертханалар бар.

«АДТС» кафедрасы Киров атындағы «Машинажасау зауыты» АҚ, «Жол техникасын жөндеу» ЖШС, «Ремдортехника» АҚ, «Адэкодор» ЖШС сияқты компаниялармен сәтті ынтымақтастық жасайды

Студенттер Қазақстанның жетекші көлік компанияларында практиканың барлық түрлерінен өтеді. Практикадан өтудің артықшылығы басқа қаладан келген студенттер практиканы осы компаниялардың филиалдары бар бүкіл Қазақстан бойынша өздерінің тұрғылықты жерлерінде өте алады.

«Халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде ДКР АБЖ бағдарламасын қолдану».

Қожатаев С. – «Достық Экспресс» ЖШС директорының орынбасары;

Қозбағаров Р. А. – т. ғ. к., қауымдастырылған профессор;

Копенов Б. Т. – т. ғ. к., АЛТ қауымдастырылған профессоры;

Камзанов Н.С., Бегимкулова Э.А. – «АДТС» каф оқытушылары.

Font Resize
Contrast
Приемная комиссия