Select Page

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі-Ғылым комитеті) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіндігін хабарлайды:

– Табиғи ресурстарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, экологияны ұтымды пайдалану;
– Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
– Энергетика және машина жасау;
– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
– Тіршілік және денсаулық туралы ғылым;
– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыт.

Конкурстық құжаттама ғылым комитетінің ресми сайтында орналастырылған

(https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/336036?lang=ru).

Конкурстық өтініштер Ғылым комитетіне жобаның ғылыми жетекшісі мен өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша беріледі: https://is.ncste.kz.

Өтініштерді қабылдау 2022 жылдың 9 наурызында басталады.

Өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімі-2022 жылғы 8 сәуір (қоса алғанда).

Өтініштерді беру бойынша кеңес алу үшін ALT ғылым департаментіне (каб. 2705), dn@alt.edu.kz  хабарласыңыз.

КОНКУРС ЖАЛҒАСУДА! КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Ғылым департаменті

Приемная комиссия