Select Page

НАЗАР аударыңыз! НАЗАР аударыңыз! НАЗАР аударыңыз!

Өтініштерді қабылдау жалғасуда!

2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ЖАС ҒАЛЫМ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  – ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

  • Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
  • Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  • Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
  • Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
  • Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында және Ғылым комитеті сайтында орналастырылған.

Постдокторанттың және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2021 жылғы 10 желтоқсан.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 11 қаңтар (қоса алғанда).

Өтініштерді беру бойынша кеңес алу үшін АЛТ ғылым департаментіне (каб. 2705) хабарласыңыз, dn@alt.edu.kz

КОНКУРС ЖАЛҒАСУДА! КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Ғылым департаменті

Приемная комиссия