Select Page

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген (30.10.2020ж. № 466 өзгертулермен)«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына (бұдан әрі «Қағидалар»)сәйкес өткізіледі.

Конкурстың ЖОО ішілік кезеңіне келесі талаптарға сай келетін ПОҚ қатыса алады:

  • ЛжКА АҚ штаттық оқытушылары болып табылатындар;
  • Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар. 

Конкурсқа қатысқысы келетін үміткерлер 2021 жылдың 26 қазанына дейін Академиялық саясат және сапа департаментіне (ӘҚжМ, 26-01 кабинеті) келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағын беру қағидаларының 1-қосымшасынасәйкес үлгідегі өтінім;
  2. Сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес);
  3. Институт кеңесінің  ұсыныстары;
  4. Жылдық жұмыс жоспар-кестесі (қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес);
  5. Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;
  6. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Жауапты: ДАПК әдістемелік қамтамасыз ету және сапа бөлімінің әдіскері,
Қабидоллиева Гүлдана
Кабинет: 26-01
e-mail: g.kabidollova@alt.edu.kz

Font Resize
Contrast