Select Page

2022 жылдың 31 наурызында «ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ ТРАНЗИТ БӘСЕКЕСІНДЕ» тақырыбындағы қонақтық лекцияға шақырамыз.

Өтетін орны: «Логистика және басқару» институты, «Логистика және менеджмент» кафедрасы, кабинет ауд. 2505

Уақыты: 16:30

 

Төлендиев Ерлан Ернисұлы, экономика ғылымдарының кандидаты, «KTZ Express – KTZE Южный» АҚ филиалының директоры

Төлендиев Е.Е. Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университетінің «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша білім алған. 2009 жылы «Аймақтық көлік-логистикалық орталықтар жүйесін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (Қазақстан Республикасының мысалында)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 25-тен астам ғылыми еңбектердің авторы. CILT Kazakhstan сарапшысы.

Еңбек жолында ол ірі кәсіпорындар үшін логистика саласындағы жобаларды жүзеге асырды: «Тұлпар-Тальго» зауыты үшін – «Испаниядан Қазақстанға Tальго жолаушылар вагондарын жеткізудің жаңа көліктік-логистикалық мультимодальды схемасы»; «Электровоз құрастыру зауыты» үшін – «Батыс Еуропадағы топтық жүктерді біріктіру схемасы» т.б.

Приемная комиссия