Select Page

Логистика және көлік академиясының ақпараттық технологиялар департаменті цифрлық трансформация және білім алушылардың оқу жағдайларын жақсарту аясында студенттер үйлерінде сымсыз Интернет желісін жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруда!

Жоба Beeline Қазақстан компаниясымен бірге жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта студенттер үйлерінде жаңа желі салынды, ол арқылы Интернетке кең жолақты қолжетімділік ұйымдастырылды, жаңа Wi-Fi модемдері орнатылды.

Интернет №1 және №2 Студенттер үйінде тұратын барлық білім алушылар мен қызметкерлерге қолжетімді.

Бүгінде интернет жылдамдығы 100 мб/с-қа дейін жетеді.

Қалған студенттер үйлерінде қысқа мерзімде Wi-Fi желісін құру және күйге келтіру аяқталады.

Приемная комиссия