БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6В06209 — Радиотехника, электроника и телекоммуникациялар

6В06209 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар білім беру бағдарламасын таңда – болашақтың байланыс және интеллектуалды құрылғыларын жасайтын маман бол!

Сені радиотехниканың, электроника мен телекоммуникацияның ең заманауи әрі сұранысқа ие салаларында жұмыс істеуге дайындайтын үш жылдық білім беру бағдарламасы байланыс жүйелері, радиотехникалық құрылғылар, телекоммуникациялық желілер, цифрлық байланыс технологиялары және ақпаратты беру жүйелері саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер заманауи байланыс технологияларын, сымсыз желілерді, IoT (заттар интернеті) жүйелерін, сондай-ақ спутниктік және мобильді байланысты жобалау мен пайдалануды зерттейді

Түлек радиобайланыс инженері, телекоммуникация инженері, желілік инженер, IoT (заттар интернеті) маманы, байланыс жүйелерін жобалаушы, радиотехникалық құрылғылар инженері, мобильді байланыс маманы және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар инженері болып жұмыс істей алады

Бірінші курстан бастап теория + практика! Заманауи бағдарламалық жасақтамалармен және жабдықтармен жұмыс (MATLAB, LabVIEW, Altium Designer, Cisco Packet Tracer, Proteus, микроконтроллерлер (Arduino, STM және т.б.). Кейс-жобаларға, стартаптарға және хакатондарға қатысу. Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық және IT-компанияларында тағылымдамадан және практикадан өту. Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы

Негізгі пәндер:

 — Радиотехника, электроника және телекоммуникация негіздері;

— Радиорелелік және спутниктік байланыс;

— Маршруттау және коммутация негіздері (Cisco + Huawei);

 — Байланыс жабдықтарын электрмен қоректендіру;

— Мобильді байланыс технологиялары (ұялы байланыс);

— Оптикалық талшықты байланыс желілерін жобалау және пайдалану;

 — Телекоммуникацияның бағыттаушы жүйелері;

— Цифрлық телерадиохабар тарату технологиялары;

— IoT (заттар интернеті) негіздері.

Нақты жабдықтармен жарақтандырылған заманауи зертханалар, соңғы буын бағдарламалық жасақтамалары орнатылған компьютерлік сыныптар.

Желілік қауіпсіздік пен ақпаратты қорғауды тереңдетіп оқытуға арналған «Ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздік» мамандандырылған оқу стенді (аппараттық-бағдарламалық кешен), оптикалық талшықты кабельдерді дәнекерлеуге және сынауға арналған жабдықтар, аналогтық және цифрлық сигналдарды зерттеуге арналған осциллографтар мен өлшеу құралдары бар

Академиялық ұтқырлық және қос диплом бағдарламалары. Жұмысқа орналасудың жоғары көрсеткіші. Ірі салалық компаниялармен серіктестік.

Жайлы әрі қауіпсіз бөлмелер, Wi-Fi, демалыс аймақтары, асханалар. Мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады

Оқудан қол үзбей запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау

Skip to content
Приемная комиссия