БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6В07132 – Көліктегі робототехникалық жүйелер

ББ атауы

6В07132 – Көліктегі робототехникалық жүйелер

ББ мақсаты

Көлік саласының өндірістік процестерін роботтандыру саласында сауатты пайдалануға, қызмет көрсетуге және робототехникалық жүйелер мен кешендерді өндіріске енгізуге қабілетті жоғары білікті кадрлар даярлау.

ОН1 – Мемлекеттік және шет тілдеріндегі ғылыми-техникалық әдебиеттерге және құжаттамаларға талдау жасайды.

ОН2 – Әлеуметтік-этикалық құндылықтарды, қоғамдағы рухани процестерді, тараптардың тұлғааралық және заңды мүдделерін, кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде құқықтарды қорғауды басшылыққа ала отырып, кәсіби қызметті жүзеге асырады.

ОН3 – Роботтандыру мәселелерін шешуде математика, физика және материалтану заңдарын қолданады және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өндірістік процестерді жүйелейді

ОН4 – Кәсіби қызметті жүзеге асыруда өмір қауіпсіздігін, еңбекті қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудің заманауи әдістерін қолданады.

ОН5 – Роботтандыру мәселелерін шешуде технологиялық процестерді автоматты басқару, реттеу және оңтайландыру әдістерін қолданады.

ОН6 – Өнеркәсіптік логикалық контроллерлер мен желілік технологияны пайдалана отырып, роботтық жүйелерді жобалайды, модельдейді және бағдарламалайды.

ОН7 – Роботтық жүйелердің жетектері мен механизмдерінің есептерін шешуде олардың сенімді және ақаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін механика заңдарын қолданады.

ОН8 – Көлікте роботтандыру мәселелерін шешуде электронды, сенсорлық, микропроцессорлық және ақпараттық-өлшеу жабдықтарының элементтерін, сондай-ақ электрлік құрылғылар мен жабдықтарды пайдаланады.

ОН9 – Мобильді, интеллектуалды және гуманоидты роботтарды жасау, басқару және диагностикалау үшін жасанды интеллекттің заманауи әдістерін қолданады

Font Resize
Contrast
Приемная комиссия