Select Page

“Энергетика” кафедрасы

Калиева Казима Жанбырбаевна

"Энергетика" кафедрасының меңгерушісі

Калиева Казима Жанбырбаевна, т. ғ. к., ЛжКА қауымдастырылған профессоры
Байланыс мәліметтері: каб. № 2411
тел. 8(727) 292-34-52
e-mail: k.kalieva@alt.edu.kz

Кафедра тарихы

Кафедра тарихы 1987 жылдан басталады. 1987 жылы АлТКИИ Ректорының бұйрығына сәйкес «Электрлік тартым» кафедрасының негізі қаланған. «Электрмен жабдықтау» кафедрасының құрылуына теміржол көлігінің кәсіпорындарына өндіруші, беріліс, таратуда және электр энергиясын тұтынуда қызмет көрсетуші мамандарға деген сұранысы негіз болды.

1990 жылы «Электровоздар мен электропоездар» және «Теміржолды энергиямен қамтамасыздандыру» кафедралары болып екі кафедраға бөлінді. Бұл кафедралардың меңгерушілері болып доцент М.К. Шалабаев пен В.А. Ан тағайындалды.

1996 жылы АлТКИИ мен Автожол институты базасында Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы құрылды. Осы кезеңде «Электрмен қамтамасыздандыру және электрлендіру» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып Ершов Алексей Юрьевич тағайындалды.

1997 жылдан 2002 жылға дейін кафедраны т.ғ.к., доцент Кангожин Бекмухамбет Рашидович басқарды. 2002-2003 жылдары кафедраны т.ғ.д, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Соколов Сергей Евгенивич басшылық етті.
2003-2005 жылдары «Электрмен қамтамасыздандыру және электрлендіру» кафедрасын т.ғ.к., доцент Жармагамбетова Меруерт Советовна басқарды.

2004 жылдың 5 маусымында М.Тынышбаев атындағы КазККА Президент-Ректорының бұйрығымен «Электрмен қамтамасыздандыру және электрлендіру» кафедрасының атауы «Электр энергетикасы» болып өзгертілді.
2005-2008 жылдары аралығында кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.д., профессор Койшиев Темирхан Косыбаевич атқарды. 2008 жылдан 2014 жылдары аралығында «Электр энергетикасы» кафедрасын т.ғ.к. Жармагамбетова Меруерт Советовна басқарды. 2014 жылдан 2019 жылдары аралығында «Электр энергетикасы» кафедрасын т.ғ.к. Егзекова Анара Тлюлесовна басқарды. 2019 жылдың мамыр айы мен 2020 жылдың ақпан айының аралығында «Электр энергетикасы» кафедрасын РФ т.ғ.к., доктор PhD Калиев Жаныбек Жанатулы басқарды. 2020 жылдың ақпан айы мен қыркүйек айы аралығында «Электр энергетикасы» кафедрасын т.ғ.к. Калиева Казима Жанбырбаевна басқарды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Электр энергетикасы» кафедрасын РФ т.ғ.к., доктор PhD Калиев Жаныбек Жанатулы басқарып отыр.

Кафедрада әр кезде А.Қ. Ибраев, Н.Р. Тұрғамбаев сынды т.ғ.д., профессорлар, И.В. Казанина, А.П. Солянников, О.Н. Ефимова сияқты т.ғ.к., доценттермен қатар Н.Г. Степанова, Г.Г. Садыбекова, А.З. Рахматуллина, Е.Г. Михалкова, К.У. Ғалиев, С.С. Даутов, Д.Д. Ахметаев, Д.Қ. Чириков, Қ.Ж. Қалиева, Ұ.Ұ. Сұлтанбаев, Д.Е. Нұршалова, И.Қ. Қилыбаев, Г.Т. Еркелдесова, А.О. Оралбекова, Л.Г. Утешкалиева сияқты оқытушылар қызмет істеп келеді.

2008 жылы магистратура бойынша 6М071800 «Электр энергетикасы» мамандығына лицензия алынды. 2009 жылы алғаш рет магистрантарды оқуға қабылдау жүзеге асырылды. 2009 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін 60-тан аса магистрант бітіріп шықты.

2012 жылдан бастап 6М071800 «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша мемлекеттік грант бөліне бастады. Алғашқы магистрант ретінде кафедра түлегі Даутов С.С. оқуға түседі.

2010 жылы докторантура бойынша 6D071800 «Электр энергетикасы» мамандығына лицензия алынды. М.Тынышпаев атындағы ҚазККА жанында докторлық диссертацияны қорғайтын диссертациялық кеңес жұмыс жасауда.

2010 жылы Мәскеу мемлекеттік жол қарым-катынасы университетімен (МТИИ) тығыз қарым-қатынастығының арқасында кафедраның жас оқытушылары (кафедраның әр жылғы түлектері) А.А. Жуматова және Ж.Ж. Калиев аспирантурасын сәтті аяқтап, кандидаттық диссертацияларын қорғап, академияға оралды. Қазіргі уақытта “Электроэнергетика”кафедрасында жұмыс істейді.

2016 жылы кафедраның жас оқытушылары С.М. Утепбергенова мен А.Ж. Еркебаев «Темір жолдың жылжымалы құрамы, поездар тартылым және электрлендіру» мамандығы бойынша Омбы мемлекеттік жол қарым-катынасы университетіне күндізгі аспирантураға оқуға түсті.

2020 жылы С.М. Утепбергенова Омбы мемлекеттік жол қарым-катынасы университетінде кандидаттық диссертацияны сәтті қорғады. Қазіргі уақытта “Электроэнергетика”кафедрасында жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуетін: 5 ЛКА қауымдастырылған профессор, оның ішінде 1 техника ғылымдарының докторы, 2 PhD докторы, 2 техника ғылымдарының кандидаты; 2 ассистент-профессор, оның ішінде 1 техника ғылымдарының докторы; 2 сениор-лектор, 1 ассистент-оқытушы құрайды. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі 60% – ды құрайды . Ағымдағы оқу жылында кафедраның ПОҚ ҒЗЖ және негізгі бағыттар бойынша шаруашылық келісімшарт жұмыстарын орындайды.

Кафедра байланыстары

Кафедра: Энергетика

Мекен жайы: Шевченко көшесі, 97, Масанчи көше бұрышы, 4-қабат, каб. № 2411
Телефон: +7 (727) 292 34 52, ішкі тел. 11-08

Білім беру бағдарламалары

Докторантура PhD

Оқу ғылыми зертханалары

Аудитория нөмірі

Аудитория атауы

5401

«Электр энергетикасындағы өтпелі үрдістер» зертханасы

5402

«Электротехникалық материалтану» зертханасы

5403

«Жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу» зертханасы

5404

«Ақпараттық-өлшеу техникасы» зертханасы

5405

«Электротехника және электроника негіздері» зертханасы »

5408

«Релелік қорғаныс және автоматика» зертханасы

5410

«Электротехниканың теориялық негіздері» зертханасы

5413

«Электрондық техника және түрлендіргіштер» зертханасы

«ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ТАРАТУ» ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес (15.01.2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен), энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР 13.01.2012 ж. Заңының нормаларын орындау мақсатында «Энергия үнемдеу және білім тарату» Оқу орталығы (ЭБТОО) құрылды. Оқу Орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №388 бұйрығы негізінде жүзеге асырады.

Оқу орталығы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен аккредиттелген. Оқыту Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 404 бұйрығымен бекітілген Үлгілік бағдарламаларға қатаң сәйкес жүргізіледі.

ЭБТОО қызметі Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

ЭБТОО мақсаты энергия үнемдеу, энергетикалық тиімділікті арттыру және кәсіпорындар мен ұйымдарды энергетикалық зерттеу саласында мамандардың біліктілігін арттыру/қайта даярлау болып табылады.

Энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы ЭБТОО-ның негізгі міндеттері: оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік және ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу, конференцияларды, семинарларды, ағартушылық қызметті ұйымдастыруға және өткізуге қатысу болып табылады.

Энергетикалық аудит – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) пайдалануын төмендетуге бағытталған қызмет түрі, ол энергия-технологиялық және техникалық-экономикалық сараптама жүргізуден, ОЭР есебін жүргізуден, сондай-ақ энергия үнемдеу іс-шараларын әзірлеуден және негіздеуден тұрады.

Энергия аудитінің негізгі мақсаттары – темір жол көлігі кәсіпорындарының энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау және тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуге арналған шығындарын азайту, өндірістің энергия сыйымдылығын төмендету, табиғи жаңартылатын ресурстарды сақтау, адамға және экологиялық қауіпке теріс әсерлердің алдын алу.

Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында қазіргі уақытта басым міндет болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Стратегия – 2050 іске асыру бойынша міндеттер қойды және ол энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Стратегия – 2050 және басқа да стратегиялық бағдарламалық құжаттар өршіл мақсаттар қояды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №1404 қаулысымен «ҚР энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспары» бекітілді. Бұл заңдар, НҚА және нормативтер арқылы ынталандыру шараларының өзіндік кешені.

Соңғы маңызды фактор ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығы – ҚР-ның «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы болып табылады.

Тұжырымдаманың 4-тарауында «жасыл экономикаға» көшу үшін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Тұжырымдаманы ойдағыдай іске асыру үшін тиісті оқытудан өткен инженерлік-техникалық және басқарушы персоналды даярлауды қоса алғанда, кадр ресурстарының, Дағдылар мен білімнің жеткіліктілігін қамтамасыз ету қажет.

Жоғарыда айтылғандай, энергия үнемдеу туралы Заңға сәйкес оқу орталығы ашылды, онда ол келесі бағыттар бойынша білім беру қызметтерін ұсынады.

  1. Энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыратын кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру. Сағат саны – 120. Ұзақтығы – 1 ай.
  2. Энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру. Сағат саны – 250. Ұзақтығы-1,5 ай.

Сонымен қатар, оқу орталығының базасында бағыт бойынша біліктілікті арттыру курстары жүргізілуде:

– «Энергоаудит»,

– «Энергетикалық сараптама»,

– «Энергоменеджмент»,

– «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері»,

– «Кәсіпорындарда энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеуді арттыру».

Font Resize
Contrast