БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6B07129 КӨПІРЛЕР, ТОННЕЛЬДЕР ЖӘНЕ МЕТРОПОЛИТЕНДЕР

Білім беру бағдарламасының атауы

6B07129 КӨПІРЛЕР, ТОННЕЛЬДЕР ЖӘНЕ МЕТРОПОЛИТЕНДЕР

Сипаттамасы

Көпірлерді, тоннельдер мен метрополитендерді жобалаудың, өндірудің, пайдаланудың, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің озық технологиялары негізінде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті теориялық және практикалық дағдыларды меңгерген білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

6B07129 КӨПІРЛЕР, ТОННЕЛЬДЕР ЖӘНЕ МЕТРОПОЛИТЕНДЕР

Білім беру бағдарламасы бойынша

көпір-тоннель өндірісі үшін қажетті мамандарды даярлау жүзеге асырылуда, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру қызметін жүргізу үшін:

– жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы (1 “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағының иегері, көптеген оқытушылар басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталды);

– өндіріспен тығыз байланыс (сала кәсіпорындарында өндірістік практикадан өту, өндірісте кафедра филиалдарының болуы);

–  дамыған зертханалық-техникалық база.

  • Кәсіби қызметте тұлғааралық және құқықтық мүдделерді сақтау және қорғау үшін рухани процестердің рөлі мен әлеуметтік-этикалық нормаларын қолдану.
  • Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білімдерін инженерлік есептеулерде қолдану.
  • Кәсіби лексика мен базалық грамматиканы ауызша және жазбаша түрде, соның ішінде шет тілдерде қолдану.
  • Көлікте ақпараттық-коммуникациялық және IT технологиялар бағдарламаларын пайдалану.
  • Жасанды құрылыстарды пайдалану және қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттарды пайдалану.
  • Сұраныс пен ұсынысқа сүйене отырып, жұмыс өндірісін басқару бойынша ұйымдастырушылық-экономикалық шешімдерге талдау жасау.
  • Теориялық және эксперименттік зерттеу негізінде құрылымдық элементтердің беріктігін, қаттылығын, сенімділігі мен тұрақтылығын анықтау.
  • Көлік құрылыстарының негіздері мен іргетастарының сенімділігін, сандық есептеулер мен материалдарды сынау әдістерін қолдана отырып, жобалау және пайдалану кезінде беткейлердің тұрақтылығын бағалау.
  • Топырақ пен жер асты суларының физика-химиялық және физика-механикалық қасиеттерін ескере отырып, гидрогеологиялық есептеулер әдістері, нормативтік құжаттар мен техникалық регламенттер негізінде жасанды құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігін бағалау.
  • Жасанды құрылыстарды пайдалану, күтіп ұстау, қайта құру және жөндеу кезінде заманауи технологиялар мен диагностика әдістерін, нормативтік құжаттарды, машиналар мен жабдықтарды іс жүзінде қолдануды көрсету.
  • Көпірлердің аралық құрылыстары мен метрополитендердің тоннельдік қаптамаларының есептік схемаларын жасау кезінде компьютерлік моделдеуді және бағдарламалық қамтамасыз етуді, графикалық жұмыстар әдістерін және редакторларды қолдану.
  • Жүк көтергіш механизмдер мен машиналарды пайдалана отырып, пайдалану және қайта жаңарту кезінде жасанды құрылыстар конструкцияларының орнықтылық, ұзақ мерзімділік, сенімділік және үнемділік дәрежесін анықтау үшін жобалау және математикалық модельдеу әдістерін қолдану.
  • Жөндеу және қайта құру кезінде диагностика, тексеру және сынау нәтижелерін талдау негізінде көпірлер, тоннельдер және метрополитендер конструкцияларының техникалық жай-күйін және көтергіш қабілетін бағалау. Көпір-туннель өндірісін ұйымдастыру және басқару принциптерін, құрылыс, жөндеу және қайта құру кезінде көпірлер мен құбырларды есептеудің заманауи технологиялары мен негіздерін көрсету.
  • Жұмыс істеп тұрған жүктемелер мен пайдалану режимдері кезінде күшейту мен жөндеудің орындылығын техникалық және экономикалық негіздеу мақсатында көпірлердің жүк көтергіштігін, құбырлардың, тоннельдер мен метрополитендердің сенімділігін анықтау.

Көпірлерді, тоннельдер мен метрополитендерді ағымдағы тексеруді, жөндеуді және реконструкциялауды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, ұйымдар мен кешендер.

Бекітілген Кәсіби стандарттарға сәйкес:

  • Арматуршы
  • Гидрооқшаулағыштағы оқшаулағыш
  • Автомобиль кранының машинисі
  • Қоршаған ортаны қорғау инженерлері (жалпы профиль)
  • Учаске бастығы
  • Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі Инженер
  • Көлік объектілерін (Көпірлер мен туннельдер) салу жөніндегі Инженер
  • Өндіріс бөлімінің бастығы
  • Құрылыс менеджері
  • Техник-конструктор
  • Сметашы
  • Автоматтандырылған жүйелер бойынша маман
  • Инженер-сметашы
  • Өрт-күзет дабылы инженері
  • Инженер-конструктор
  • Жобаның бас конструкторы (құрылыста)
  • Жобаның бас инженері (құрылыста)

Жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бүгінде қуатты зертханалық база болуы қажет. Кафедрада мамандық пәндері бойынша мамандандырылған зертханалар бар. Мысалы, Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург телекоммуникация университетімен достық, ғылыми және әдістемелік байланыстар орнатылды. Осы ынтымақтастықтың нәтижесі арнайы пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды орындау үшін бақылау-өлшеу аппаратурасы бар 8 әмбебап стенд орнату болып табылады.

Кафедра академиялық ұтқырлық және қосдипломды білім беру бағдарламасы аясында Мәскеу байланыс және ақпарат техникалық университетімен (МТУСИ) және Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары университетімен (МИИТ), қазіргі Ресей көлік университеті (МИИТ), Варна техникалық университетімен (Польша) ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан.

“Көлік ғимараттары” кафедрасы Алматы ҚазАвтоЖол ҰК АҚ, “ҚазжолҒЗИ” АҚ, “ҚТЖ — Жүк тасымалы”АҚ филиалдары сияқты компаниялармен сәтті ынтымақтастық орнатқан.

Бакалаврлар Қазақстанның жетекші компанияларында практиканың барлық түрлерінен өтеді – “ҚазАвтоЖол”ҰК АҚ, “ҚазжолҒЗИ” АҚ, “ҚТЖ — Жүк тасымалы” АҚ филиалдары. Практикадан өтудің артықшылығы басқа қаладан келген студенттер практиканы осы компаниялардың филиалдары бар бүкіл Қазақстан бойынша өздерінің тұрғылықты жерлерінде өте алады.

Жасанды құрылыстарды жөндеуші, қаптаушы.

Font Resize
Contrast