БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

7M07161 КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ИНЖЕНЕРИЯСЫ

Білім беру бағдарламасының атауы

7M07161 КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ИНЖЕНЕРИЯСЫ

Сипаттамасы

Темір жолды жобалау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеудің озық технологиялары негізінде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті теориялық және практикалық дағдыларды меңгерген білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

7M07161 КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ИНЖЕНЕРИЯСЫ Білім беру бағдарламасы бойынша теміржол көлігі үшін сұранысқа ие мамандарды даярлау жүзеге асырылуда, қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру қызметін жүргізу үшін:

– жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы (1 «Құрметті теміржолшы» атағының иегері, көптеген оқытушылар басқа мемлекеттік наградалармен және «ҚТЖ» ҰК»АҚ-мен марапатталған);

– өндіріспен тығыз байланыс (сала кәсіпорындарында өндірістік практикадан өту, өндірісте кафедра филиалдарының болуы);

–  дамыған зертханалық-техникалық база.

– Персоналды, өндірісті басқару, басқару психологиясы, стратегиялық менеджмент және бизнес зертеулерін ақпараттық қамтамасыз ету дағдыларын қолдану.

– Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін есептер, рефераттар, еңбектер және талқылаулар түрінде, оның ішінде шет тілінде түсіндіру.

-Ғылыми-техникалық есептерді тұрақты зерттеу объектілерімен, математикалық модельдер, ықтималдық теориясы және математикалық статистика көмегімен күрделі жүйелермен шешу әдістерін тұжырымдау.

-Эксперименттік әдістерді, заманауи бағдарламалық-аппараттық кешендер мен жүйелерді қолдана отырып, жолдардағы жасанды құрылыстардың техникалық жағдайы мен техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау.

-Нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарына сәйкес жобалық шешімдердің сапасын айқындау, тәуекелдерді төмендету және талдау, сандық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті анықтау.

Жол мастері; учаске бастығы; дефектоскоп цехының бастығы; жол өлшеу вагонының бастығы; дефектоскоп вагонының бастығы; техникалық бөлімнің инженері; диагностикалық бөлімнің инженері және басқа да қызмет түрлері.

 – өндірістік-технологиялық;

– ұйымдастырушылық-басқару;

 – эксперименттік-зерттеу;

 – есептеу-жобалау;

– ғылыми-зерттеу;

 – педагогикалық.

Бекітілген Кәсіби стандарттарға сәйкес:

– Станцияның жол машинасының бастығы;

– Жол дистанциясының бастығы;

– Жол дистанциясы бастығының орынбасары;

 – Жол дистанциясының бас инженері;

– Жол дистанциясының жетекші инженері;

– Темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бастығы.

– Білім беру ұйымының оқытушысы

– Жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер

-Ғылыми-зерттеу зертханасының бастығы, зертхана меңгерушісі, зерттеуші

 -Менеджер.

Жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бүгінде қуатты зертханалық база болуы қажет. Кафедрада мамандық пәндері бойынша мамандандырылған зертханалар бар. Мысалы, С. М. Биттибаев атындағы «Жолдар мен жасанды құрылыстарды сынау» сертификатталған зертхана бар.

Кафедра академиялық ұтқырлық және қосдипломды білім беру бағдарламасы аясында Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары университетімен (МИИТ), қазіргі Ресей көлік университеті (МИИТ), Новосібір және Омбы қатынас жолдары университеттерімен, Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтымен (ТашИИТ), Варна техникалық университетімен (Польша) ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан.

«Көлік құрылыстары» кафедрасы «ҚТЖ — жол дистанциясы» АҚ филиалдары, «Орман қорғау екпелері дистанциясы», «Рельс дәнекерлеу пойыздары», «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы «Магистральдық желілер (НЖС)», «Жол жөндеуші АҚ«, «Теміржол жөндеуші АҚ» жол машина станциялары сияқты компаниялармен белсенді ынтымақтастық орнатқан.

Магистранттар Қазақстанның жетекші компанияларында практиканың барлық түрлерінен өтеді: «ҚТЖ — жол дистанциясы» АҚ филиалдары, «Орман қорғау екпелері дистанциясы», «Рельс дәнекерлеу пойыздары», «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы » Магистральдық желілер (НЖС)», » Жол жөндеуші АҚ», «Теміржол жөндеуші АҚ» жол машина станциялары –практикадан өтудің артықшылықтары басқа қалалардан келген магистранттар осы компаниялардың филиалдары бар бүкіл Қазақстан бойынша тұрғылықты жерінде практикадан өте алады

Қарастырылмаған.

Приемная комиссия