Академия логистики и транспорта
Құлманов Қалижан Серікұлы

Құлманов Қалижан Серікұлы

Кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты

Email: k.kulmanov@alt.edu.kz

Қысқаша (кәсіби өмірбаяны)

Құлманов Қалижан Серікұлы – 1968 жылы, қаңтардың 5-ші жұлдызында (1967жыл 16 желтоқсан) Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Бақырлы селосында дүниеге келген. Созақ ауданындағы №12 И.В. Панфилов атындағы орта мектепті 1985 жылы тамамдап, сол жылы Әкесіне көмекші шопан болды. 1986-88 жылдары Хабаровск өлкесінде әскери борышын өтеді. Әскер қатарынан оралған 1988 жылы Алматы қаласындағы Өскемен жол- құрылыс институтының жалпытехникалық факультетінің дайындық курсына түсті. Қ.С.Құлмановтың ғылыми жолы 1989 жылы жоғарыда аталған институттың бірінші курс студенті болудан басталды. Институт қабырғасында жүріп ғылыми мақалалары шығып тұрды. 1990 жылы Алматы автомобиль жолдары институты (ААЖИ) болып қайта құрылған білім ордасын «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша бітірген. 2008-2010 жылдары «Civil engineering» ЖШС Бас директоры қызметін атқарып жүріп «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе облысындағы бөлігін салуға қатынасты.
2010-2013 жылдары «Көліктік құрылыс» мамандығы бойынша Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының Жалпы құрылыс факультетінде қауымдастық профессоры болып қызмет атқарды.
2013 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтында (Қаз жолҒЗИ) «Автомобиль жолдарын жобалау және диагностикалау» бөлімінде Аға ғылыми қызметкер және бөлім бастығы болып қызметін жалғастырды.
2014 жылдың қаңтар айынан бастап «Қаз жол ҒЗИ» акционерлік қоғамының «Автомобиль жолдары және көпірлік құрлыстар» департаментінің директоры, 2016 жылдың тамызынан бастап аталған департаменттің Аға ғылыми қызметкері болып қызмет атқарды.
2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Лигистика және көлік академиясында, «Құрылыс инженериясы» кафедрасының меңгерішісі болып қызмет атқарады
Қазақстан Республикасының Құрметті жолшысы.

Білім

Алматы автомоиль жолдары институты. Инженер-құрылысшы. Техника ғылымдарының кандидаты

Жарияланымдар

Қ.С.Құлманов «Автомобиль жолдарын жобалау» атты оқулықтың, «Автомобиль жолдарын пайдалану», «Автомобиль жолдарын салуды ұйымдастыру технологиясы», «Газ-мұнай құбырлары» атты оқу құралдарының авторы. «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге арналған бірнеше методикалық құралдар мен типтік бағдарламалардың құрастырушысы. Сонымен қатар 45 ғылыми жұмыстардың авторы.

Приемная комиссия