“Тілдер” кафедрасы

"Тілдер" кафедрасының меңгерушісінің м.а.

Калкабаева Гулмира Уркеновна
Телефон: +7 (727) 2 92 44 41
e-mail: g.kalkabaeva@alt.edu.kz

Кафедра тарихы

«Тілдер» кафедрасының тарихы Логистика және көлік академиясының тарихымен тығыз байланысты, ол 1968 жылы Ташкент теміржол инженерлері институтының филиалы Алма-Атада ашылғанынан басталды. Филиал 8 жыл жұмыс істеді, онда оқу мерзімі екі жыл ғана болды. Оқудың үшінші және одан кейінгі жылдарында студенттер Ташкенттегі бас институтқа барып, жалғастырды. Алғашқы екі жылдық оқу жоспарына орыс және шет тілдерін үйрену кірді. Осыған байланысты орыс және шет тілдерінің секциясы ұйымдастырылды, оны кафедраның профессоры Х.Ж.Сатыбалдина басқарды. Секцияда (ол кезде кафедралар осылай аталған) тек 5 оқытушы жұмыс істеді.

Бірақ өмір Қазақстан басшылығы мен үкіметтің алдына теміржол кадрларын көбейту міндетін қойды, ал 1976 жылы Қазақ КСР үкіметінің шешімімен филиал негізінде Алма-Ата теміржол инженерлері институты (AТИИ) құрылды. Кафедра ұлғайтылды, оны Мәскеуде кандидаттық диссертациясын қорғаған, филология ғылымдарының кандидаты Л.Ф.Толмачева басқарды. Сол уақытта кафедрада 15 орыс, ағылшын, неміс, француз мұғалімдері жұмыс істеді. Бұл кафедра құрамы 1991 жылға дейін болды.

Қазақстанның егемендік алуына байланысты, студенттерге мемлекеттік тілді оқыту мәселесі күрт туындады және бұл жоғарғы оқу орнының басшылығын қолданыстағы кафедраны екі кафедраға: қазақ және орыс тілдері және шет тілдері кафедрасына бөлуге мәжбүр етті. Шет тілдер кафедрасын ф.ғ.д., профессор Л.Ф.Толмачева басқаруды жалғастырды, ал жаңадан құрылған қазақ және орыс тілдері кафедрасын кафедра профессоры М.Ж. Исингарина басқарды.

Жаңа қазақ және орыс тілдері кафедрасы «Тасымалдауды ұйымдастыру» факультетінің құрамына енді және оның алғашқы қадамдары мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі болды. Кафедра Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірнеше тексерулерінен өте жақсы деңгейде өтті.

1996 жылы Алматы теміржол инженерлері институты мен Алматы жол көлігі институттарын біріктіріп Қазақ көлік және коммуникация академиясы құрылды. 2004 жылы профессор М.Ж. Исингаринаның зейнетке шығуына байланысты кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.к., доцент А.К.Омарова тағайындалды. А.К. Омарова келесі 2005 жылы кафедра қабырғасында  докторлық диссертациясын қорғады. Бірақ А.К. Омарованың кәсіподақ комитетінің төрағасы лауазымына ауысуына байланысты, 2006 жылы кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Х. Исмагулова басқарды.

2006 жылдан бастап, академиядағы «Қазақ тілі» кафедрасы еліміздің көлік кешені үшін білікті кадрларды даярлауда ерекше орын алды, яғни, студенттердің тілдік дайындығына, қазақ және орыс тілдерінде қарым-қатынас жасай білуіне жауапты болды.

2009 жылы академия басшылығының шешімімен «Қазақ тілі» кафедрасы мен «Шетел тілдері» кафедрасы қайта біріктіріліп, қазіргі кезде кафедра «Тілдер» деп аталады. Кафедрада: 30 – қазақ, орыс және шетел тілдері оқытушылары жұмыс істеп, кафедраны 2010 жылға дейін ф.ғ.д., профессор Б.Х. Исмагулова,  2010-2020 жж. п.ғ.к., ҚазККА ассоц. профессоры Ж.Б. Жардамалиева, п.ғ.д., ҚазККА ассоц. профессоры Ф.И. Смаилова, ф.ғ.к., ассистент- профессоры  З.Ж. Бекмамбетова басқарды.

2021 жылы ҚазККА негізінде Логистика және көлік академиясы құрылды. «Тілдер» кафедрасын Г.У. Қалқабаева басқарады, оның жетекшілігімен 19 оқытушы, оның ішінде – ф.ғ.к., ассоц. профессор Б.А. Таңсықбаева, ЛжКА ассоц.профессорлары – ф.ғ.д., Г.У. Кунакова, п.ғ.к. Ж.Б. Жардамалиева, п.ғ.к. Г. А. Қаламбаева.,  п.ғ.к. Ф.И. Смаилова, ассистент-профессорлар п.ғ.к. Г.К. Есжанова, п.ғ.к. З.Ж. Бекмамбетова, сеньор-лекторлар – Г.Н. Досжанова, С.А. Алиева, Л.А. Шинтаева, лекторлар- С.Б. Амренов, Э.Д. Турдалиева, Н.А. Сүттібаев, оқытушы – ассистенттер – Э.Қ. Алипбаева, Г.Ж. Омарова, Ф.Ғ.Сарсенбаева жұмыс істейді.

Кафедра байланыстары

Кафедра: Тілдер

Мекен жайы: Шевченко көшесі, 97, Масанчи көше бұрышы
Байланыс деректері: 7-қабат, каб № 5702
Телефон: +7 (727) 292 44 41

“Тілдер” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына аудиторияларды бекіту

№ 5701 Алдабергенова А.К.
№ 5702  кафедра
№ 5703  Калкабаева Г.У.
№ 5704 Бекмамбетова З.Ж.
№ 5705  Кунакова Г.У.
№ 5706  Алиева С.А.
Font Resize
Contrast
Приемная комиссия