Select Page

САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

  1. Жобаның мақсаты– білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.
  2. Жобаның Стратегиясыелдегі білім беру ұйымдарында озық тәжірибені одан әрі пайдалану мақсатында пилоттық бағыттарды апробациялауға және іске асыруға негізделген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықты ұлтымыздың қауіпсіздігіне төнген басты қатер деп атап, бүкіл қазақстандық қоғамды онымен күресуде бар күш-жігерімізді біріктіруге шақырды. Осыған орай, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес институттар мен механизмдер құра отырып, мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асырып келе жатқанын атап өтуіміз қажет.

Бүгінгі таңдағы, қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында, біздің азаматтарымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары саналылығын қалыптастыру қоғамда бірінші орынға қойылып отыр. Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлттың дамуына кедергі жасайтын өткеннің элементтерінен бас тарту қажеттігін атап көрсеткен болатын. Сыбайлас жемқорлық – бұл адамның бәсекеге қабілетті болуына және сананың ашықтығын дамыту мен прагматизмге кедергі жасайтын қоғамның әлеуметтік дерті. Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену мақсатына қол жеткізу үшін,  біз барлық күш-жігерімізді аямай,  мемлекет пен ұлттың дамуына кедергі келтірер әлеуметтік кесел ретіндегі жемқорлықты жоюымыз қажет». «Қазіргі кезде елімізде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық құқықтық құралдары жасалған. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілген, «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңес туралы», «Ақпараттың қолжетімділігі туралы» маңызды заңдар қабылданған. Біздің ортақ міндетіміз – жемқорлықты мүлдем қабылдамайтын ашық ойлауды, құқықтық және қаржылық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық жемқорлықты жою.

Білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралдары: Тәрбиенің тұжырымдамалық мәселелері (Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген); жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің барлығында дерлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған «Адал ұрпақ» (90% аса мектеп) еріктілер клубтары;  барлық жоғары және орта арнайы (кәсіптік) білім беру мекемелері қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы хартиялар; білім берудің барлық деңгейлерінің оқу бағдарламасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы тақырыпты жекелеген пәндер бойынша енгізу; барлық бакалаврлар дайындайтын мамандықтар мен бағыттар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің үлгілік оқу бағдарламалары; Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша типтік оқу бағдарламалары; мемлекеттік грант бөлу конкурсына құжаттарды қабылдау процесін мемлекеттік қызмет көрсету санатына ауыстыру; ЖОО-да құрылған студенттерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін және студенттердің институтпен байланысын қоспайтын Студенттерге қызмет көрсету орталықтары; білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, мысалы, балабақшаларда кезекке тұру мен бос орындарды анықтаудың тәуелсіз автоматтандырылған жүйесі енгізілді, қала мектептерінде оқушыларға арналған бос орындар туралы мәліметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «mektepalmaty» ақпараттық жүйесі жасалды; «Университеттен Университетке» ақпараттық-түсіндірме бағдарламасы, «Адал Бол» студенттік флэш-мобтары, «Жемқорлықтан тыс академия», «Таза сессия» және басқалар.

Жастар-жемқорлыққа қарсы. Әр азаматтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру қажет.Сондықтан   жастарды бала күнінен бастап отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді ұялату қажет.

Ағымдағы ахуалды талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол беретін негізгі факторларды анықтай отырып Жобаны іске асырудың негізгі бағыттарын айқындайды:

  1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
  2. білім беру ұйымдарының ашықтығы;
  3. академиялық адалдық;
  4. білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;
  5.  ақпараттық қолдау.

Академия міндеттері:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларға ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді, студенттерді, магистранттарды, ізденушілерді, докторанттарды, практиктерді және басқа да еріктілерді тарту;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетте пайдаланылатын нақты технологияларды (әдістерді, құралдарды және тәсілдерді) әзірлеу;
  • Білім беру бағдарламаларын, әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;
  • Ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін жүзеге асыру, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету (біліктілікті арттыру курстары, мониторинг, ұсыныстар әзірлеу, кеңес беру іс-шаралары, әлеуметтік зерттеу және т.б.);
  • Әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің халықаралық-құқықтық тәжірибесін зерделеу және жинақтау;
  • Елдің қолданыстағы заңнамасын және заң жобаларын құқықтық, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сараптау;
  • ҒЗИ қызметі бойынша қазақстандық және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • Ғылыми-практикалық конференциялар мен басқа да ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта монографиялар, мақалалар, ғылыми-аналитикалық материалдар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау және білім беру ұйымдарының оқу процесіне енгізу;
  • «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауынан алынған ақпаратты жинау, өңдеу және талдау.

Ұсынылған құрылым осы Жобаны кластерлік басқару үшін негіз болып табылады.

 

agsdi-file-pdf

«ЛжКА» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру туралы ынтымақтастық туралы меморандум

agsdi-file-pdf

Саналы ұрпақ жоспары

Приемная комиссия