Select Page

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы Департаменті

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің директоры

Бекмухамбетов Ерлан Болатович

e-mail: e.bekmukhambetov@alt.edu.kz

Студенттермен тәрбие жұмысы «ЛжКА» АҚ-да ұйымдастырылған білім беру үдерісінің бір бөлігі болып табылады. ЖОО-дағы тәрбие жұмысының маңызды элементі болашақ мамандардың кәсіби-психологиялық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Отандық инженерлік-ғылыми мектепке тән кәсіби инженерлік дәстүрлерді меңгеруге ерекше назар аударылады. Болашақ мамандарды тәрбиелеу азаматтық-құқықтық сана мен патриоттық қасиеттерді дамытуды, рухани-адамгершілік және мәдени-эстетикалық құндылықтарды қалыптастыруды, студенттердің зияткерлік әлеуетін кеңейтуді, салауатты өмір салтына бағдарлауды, қоғамдық белсенділік пен бастамашылықты арттыруды, әлеуметтік пайдалы қызметке және ерікті жобаларға қатысуды көздейді. ЖОО-да тәрбие жұмысын ұйымдастыруды әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі Департаменті жүзеге асырады.

Оқу-тәрбие іс – әрекетінің мақсаты – рухани байлығы бар, өмірде өзін-өзі анықтауға дайын, әртүрлі салаларда шығармашылық пен тәуелсіздікке қабілетті студенттің жеке басын қалыптастыру үшін жағдай жасауға ықпал ету. Студенттермен күнделікті жұмысты кураторлар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, институт директорлары жүзеге асырады. Жатақханаларда тәрбие жұмысын директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен жатақханалар кеңестері ұйымдастырады.

Академияның тәрбие жұмысының негізін қазіргі заманғы жоғары білім берудің базалық қағидаттары құрайды, олардың негізгілері рухани және зияткерлік жағынан дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау болып табылады.

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі Департаменті «ЛжКА» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз қызметінде ҚР Конституциясын, «Білім туралы» Заңын, басқа да заңнамалық актілерді, «ЛжКА» АҚ Жарғысын, ЖОО-да әрекет ететін жергілікті актілерді, Академияның Ғылыми кеңесінің шешімдерін, Президент-Ректордың орындауға міндетті бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі Департамент қызметінің бағыттары:

  • ЖОО студенттерімен оқу және оқудан тыс уақытта тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
  • тұлғаның таңдаған мамандыққа белсенді қатынасын қалыптастыруға ықпал ететін тәрбиелеу ортасын құру;
  • студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қазіргі өмір жағдайында адамгершілік мәдени және ғылыми құндылықтарды сақтау және көбейту;
  • Академия дәстүрлерін сақтау және жаңғырту;
  • тұлғаның зияткерлік, мәдени, адамгершілік және физикалық дамуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • студенттік бастамаларды қолдау.

Жастар саясаты кеңсесі

Әлеуметтік жұмыс

Инклюзивті білім беру

Font Resize
Contrast